"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЕЛІМНІҢ ГҮЛДЕНУІНЕ ҮЛЕС ҚОСҚЫМ КЕЛЕДІ

13.12.2013
ЕЛІМНІҢ ГҮЛДЕНУІНЕ ҮЛЕС ҚОСҚЫМ КЕЛЕДІ
8
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Тәуелсіздік… Тура 22 жыл бұрын 16 желтоқсанда қазақ даласында тә-уелсіздік таңы арайлап атты. Дәл осы күні тәуелсіздік таңымен мыңдаған сәби дүние есігін ашты. Қаламызда 21 отбасы еркіндік сәулесіндей шуақ шашып, отбасына енген сәбилерін бауырларына басып, тәуелсіздікпен бірге келген бақыттарын аялады. Осындай бақытты Рақышевтар отбасының қуанышы, тәуелсіздікпен түйедей құрдас Диляра еді.

Әйгерім СӘРСЕНҒАЛИ,

«Семей таңы»

Сәби Диляра алғаш тәй-тәй басып, айналасын тануға талпынғанда біздің жас Қазақстан да бәрін «ақ парақтан» бастап, шекарасын мығымдап, Ата Заңын қабылдап, ішкі-сыртқы саясатын ретке келтіре бастады. Әлемде ең алғашқы мемлекет болып, ядролық қарудан бас тартты. Қазақстан қарулы күштерін құрды. Төл теңге пайда болды, әлемдік ұйымдарға мүшелікке енді.

Диляра тұлымы желбіреп, мектеп табалдырығын аттаған сәтте бала Қазақстан да тың істерден құралақан қалмаған болатын. Дәл осы кезде, 1997 жылы «Қазақстан-2030» даму стратегиясын қабылдады. Сонымен қатар, 1998 жылы Бас қаламыз Ақмола қаласы болып, атауы «Астана» деп өзгертілді. «Бұл біздің қабілетіміздің, мүмкіндіктеріміздің, күш-қуатымыз бен ой ниетіміздің, табандылығымыздың ең үздік белгісі» деп бағалады Елбасы. Диляра әріп таныды, Қазақстан алыс-жақын шет елдермен достық қарым-қатынасын орната бастады. Болашаққа нық сеніммен қараған тәуелсіз ел мен сол тәуелсіз таңның баласының тағдыры сабақтаса дамыды. Атағы әлемге танылып үлгерген Қазақстанды төрткүл әлем   таныды. Дамушы елдер қатарындағы бұл ел тынымсыз еңбектің, тың идеялардың арқасында үнемі алға беттеді. Әлемнің түкпір-түкпірінен тәуелсіз елдің 10 жылдық мерекесінде Диляра да елінің тәуелсіздігін тойлауға атсалысты, облыстан    жиылған 25 тәуелсіздік құрдастарымен бірге    Астана қаласында туған күн мерекесін тойлады. Бұл күн мәңгі ұмытылмастай оның есінде қалды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз қолымен тә-уелсіздік құрдастарына бағалы сыйлықтар табыстап, ақ батасын берді. Бала күнінде әкесі Бауыржан мен анасы Алмагүлдің «сен ерекше баласың» деп еркелетулерінің ерекшелігін сол сәтте түсінді. Сол сәтте «Мен елімнің гүлденуіне еңбек етемін» деп шешім қабылдады да қаршадай қыз.

 

Өткен күнде белгі жоқ. Жүрдек пойыздай зымыраған жылдармен жарыса Қазақстан да қарыштап, дами түсті. Өз алдына мығым мемлекет  дамыған 50 елдің қатарына қосылуды мақсат етті. Диляра да мектепті бітіріп, Семей Бизнес колледжінде экономика, бухгалтерлік есеп және аудит мамандығы бойынша білім алып, студенттер қатарына қосылды.  Елбасымыз айтқандай, еліміздің болашағы білімді жастар екендігін түсінген ол Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университетінде білімін жалғастырды. Қолына диплом алған білімді жас туған өлке топырағына — Шар қаласына барып, Шар қалалық су шаруашылығы мекемесінде есепші қызметіне орналасты. Осы жетістіктерін ол Тәуелсіздіктің 20 жылдығына тарту етті.

Ел тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өтілді. Асқақтаған Астанамыз ажарымен төрткүл әлемді таңдандырып,төрткүл әлемнен жиылған қонақтар   Сарыарқа төсінде арман қаланың болашағын болжай білген Елбасының саясатына қайран қалды. Астана төрінен бой көтерген әсем ғимараттар, еліміздің қарқынды дамуы қазақ елінің абыройын асқақтата түскендей. Бұл мереке өрімдей жас қыздың да өмірінен көрініс тапты. 20 жасар жасты ауыл, аудан, қала әкімшілігі құттықтауды ұмытпады. Болашаққа көз тіккен ол елінің беталысына қарап, шүкіршілік етті.

Міне, биыл тәуелсіздікке 22 жыл толды. Бұл аралықта біршама ауқымды істер атқарылды. Кешегі күні 50 елдің қатарынан табылуды мақсат еткен ел енді дамыған 30-дықтың санатына енуге талпынуда. Жаһандық дамуда елбасымыз «Алдымен экономика,   сонан соң-саясат!» деп бағыт көрсетті. Халықтың әлеуметтік хал-ахуалы үнемі назарда. Саяси,      экономикалық, әлеуметтік саясатымыз жолға қо-йылған. Жыл санап халық саны өсіп, демографиялық көрсеткішіміз артуда. Бұл жетістіктерге жетуде тәуелсіздік құрдасы да аянып қалған емес. Барлық жағынан мемлекеттік саясатты қолдайтын  Диляра: «Еліміздің болашағы жастар қолында. Біз біріксек, асқар таудай кедергі бетегедей болмасы анық. Әрқайсымыз еліміздің дамуына атсалысуымыз керек. Елбасымыздың саясатын жүзеге асыру бізге міндет!» дейді, жанарынан жарқыл байқалатын Диляра.

Биыл да Тәуелсіздік күні келе жатыр. Бұл     туған күн Диляра үшін ерекше болмақ, өмірінде елеулі өзгеріс орын алды. «Қыз бала жат жұрттық», «Қыз бала – болашақ ана» демекші, ата салтын ұстанған ару да өмірлік қосағын    тауып, Ерсінмен қол ұстасып болашаққа беттеді. Жас отбасы ел ертеңі үшін аянбай еңбек етпекші. Елімізде Диляра сынды өжет, бастамашыл, еңбекқор жандар бар кезде Қазақстан болашағы да нұрлы болары сөзсіз.

Ұқсас жаңалықтар

Алимент – ата-ананың заң алдындағы міндеті

21.04.2026
Алимент – ата-ананың заң алдындағы міндеті

Алимент – бұл ата-ананың кәмелетке толмаған баласын асырау үшін заңмен белгіленген қаржылық міндеттемесі. Бала ата-анасымен бірге тұрмаған жағдайда, екінші ата-ана...

Толығырақ...Details

«Алдау бұлты: әмиянды босататын қойма»

21.04.2026
«Алдау бұлты: әмиянды босататын қойма»

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қоғамдық қауіпсіздік пен қылмыстық қауіп-қатерлерді болжау орталығы бұлттық сервистерді пайдаланушыларға...

Толығырақ...Details

Үш бағыттағы өзекті мәселе қаралды

21.04.2026
Үш бағыттағы өзекті мәселе қаралды

Semeytany.kz - Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен кеңейтілген аппараттық кеңесте өңірдің 2026 жылғы қаңтар-наурыз айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары,...

Толығырақ...Details

Тазалыққа талап күшейді: Абай облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы талқыланды

21.04.2026
Тазалыққа талап күшейді: Абай облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы талқыланды

Semeytany.kz – Абай облысында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасының өңірде жүзеге асу барысы кеңейтілген аппараттық кеңесте қаралды. Жиынға облыс әкімі Берік...

Толығырақ...Details

Қазақстан көші-қон саясатын мамандар мен инвесторларды тартуға бағыттап өзгертуде 

21.04.2026
Қазақстан көші-қон саясатын мамандар мен инвесторларды тартуға бағыттап өзгертуде 

Қазақстан көші-қон саясатын жаңартып, елге жоғары білікті мамандар мен инвесторларды тартуға басымдық беріп отыр. Бұл туралы бүгін вице-премьер – Мәдениет...

Толығырақ...Details

Берік Уәли Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты

20.04.2026
Берік Уәли Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты

Абай облысының әкімі Берік Уәли қазақтың көрнекті ақыны, қоғам қайраткері Мұхтар Шахановтың өмірден өтуіне байланысты көңіл айтып, әсерлі жазба жариялады....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Алимент – ата-ананың заң алдындағы міндеті

15 часов бұрын

«Алдау бұлты: әмиянды босататын қойма»

15 часов бұрын

Үш бағыттағы өзекті мәселе қаралды

16 часов бұрын

Тазалыққа талап күшейді: Абай облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы талқыланды

16 часов бұрын

Абай облысы Қытаймен шекаралық жобаларды күшейтпек

16 часов бұрын

Қазақстан көші-қон саясатын мамандар мен инвесторларды тартуға бағыттап өзгертуде 

16 часов бұрын

Берік Уәли Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты

1 день бұрын

Бородулихадағы бұқаралық спортқа бетбұрыс – «AMANAT» жобасының нәтижесі

2 дня бұрын

Бородулихадағы бұқаралық спортқа бетбұрыс – «AMANAT» жобасының нәтижесі

4 дня бұрын

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панелдік сессиясына қатысты

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС