"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ — БОЛАШАҚТЫ ҚОРҒАУ

04.06.2019
7
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Облыс әкімі Даниал Ахметов мамыр айының соңғы аптасы мен маусымның басында Семей қаласына бірнеше мәрте келді. Аймақ басшысының қолынан 45 көпбалалы жанұя жаңа пәтердің кілтін алып, қуанышқа кенелді. Қалада жолаушылар тасымалдайтын жаңа автобустар жолға шықты. «Абай арена» мәдени спорттық кешеннің құрылысын барып көрді, қала тұрғындарын жеке сұрақтарымен екі мәрте қабылдады. Даниал Кенжетайұлының қатысуымен өткен ең үлкен іс-шара:

Балаларды мерекесімен құттықтады

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Семей қаласындағы сапары барысында алдымен Орталық алаңда өткен балалар мен жастардың музыкалық оркестрлері шеруіне қатысып, балаларды мейрамдарымен құттықтады.

— Осы тамаша күнде сіздермен бірге болғаныма қуаныштымын. Аға буын атынан мерекемен құттықтаймын! Біздің болашағымыз – сіздер. Өскелең ұрпақтың мақсаты — қуатты Қазақстанды құру,- деді Д.Ахметов.

Салтанатты шара барысында Даниал Ахметов көпбалалы аналарға балаларының сауықтыру лагерьлерінде тегін демалуына мүмкіндік беретін сертификаттар табыстады. Сондай-ақ облыс басшысы 4 жасар баланы құтқарып, ерлік танытқан бастауыш сынып оқушысы Виктор Новоселовке ҚР Білім және ғылым министрінің алғыс хатын тапсырып, жазғы сауықтыру лагеріне сертификат табыс етті.

Оркестрлер шеруіне жалпы саны 7 мыңнан астам бала қатысты. Олардың ішінде тек мектеп оқушылары ғана емес, колледж студенттері де болды. Барабаншылар отрядтары, ансамбльдер, хор, би ұжымдары, мажореткалар мен черлидерлер өз шеберліктерін ортаға салды.

Оркестрлер шеруі Ертіс жағалауында жалғасты. «Нұрлы болашақ» республикалық акциясы аясында шығармашылық мереке өтіп, балалар асфальтта сурет салу конкурсына және спорттық, ұлттық ойындарға қатысты.

Сонымен қатар қаланың спидкубинг құрамасы білім бөлімінің қолдауымен шеберлік сыныбын өткізді. Балалар санаулы уақыт ішінде кубик-рубик жинау тәсілімен танысып, Үздік спортшылар «CubingSemeyOpen — 2019» чемпионатына қатысу мүмкіндігіне ие болды.

Тұрғындарды қабылдады

Осы күні Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады. Бұл жолы аймақ басшысының қабылдауына 30-дан астам семейлік тұрғын жазылыпты.

Қала тұрғыны Ольга Петровская полигоннан зардап шеккен халық үшін медициналық оңалту орталығы ашылса деген өтінішпен келіпті.

— Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы облысқа жасаған сапарында Семейді дамытудың 2025 жылға дейінгі жоспарын әзірлеу туралы тапсырма бергенін білесіздер. Бүгін қала әкімі Ермак Сәлімовпен бірге осы жоспарды қарайтын боламыз. Оңалту орталығы осы бағдарламаның ішіне енгізіледі. Бірақ алдымен Семейде осы уақытқа дейін атқарылған істерді талқылаймыз. Бұл жайлы қалалық мәслихат депутаттары Қоғамдық кеңес алдында баяндайды. Қала белсенділерінің қатысуымен арнайы комиссия құрылады,- деді аймақ басшысы Д.Кенжетайұлы.

Қала тұрғыны зейнеткер Арқалық Агибаев Абыралы ауданы қайта құрылса деген ауыл ардагерлерінің тілегін жеткізді. Тұрғын өтінішін тыңдаған Даниал Кенжетайұлы:

— Абыралы ауданында мемлекетке табыс әкелетін өндіріс орындары жоқ. Егер аудан болып құрылса, әкімдіктегі мемлекеттік қызметкерлердің жалақысына қаржы қайдан табылады? Өзіңіз алты жыл директор болып қызмет істепсіз, олай болса, экономикадан хабардарсыз. Абыралыға барып, бірқатар мәселені өзім қарастырамын. Бірақ аудан туралы қазір ештеңе айта алмаймын,- деді аймақ басшысы.

Семейдегі №4 «Балдәурен», №5, №8 «Балбөбек» балабақшаларының ата-аналары Гауһар Рыспаева, Әлия Байжігітова, Гүлайым Бейсембинова аталған мемлекеттік мекемелердің сенімгерлік басқаруға берілуіне қарсы екендіктерін білдіруге келіпті.

— Мемлекеттік қызметкерлердің балалары ғана мемлекеттік бақшаға бара алатын болған соң, менің балам жекеменшік балабақшаға барды. Айтқым келгені — жекеменшік балабақша мен мемлекеттік бақшаның айырмашылығы көп. Сенімгерлік басқарудағы бақшада заң үнемі бұзылады, балаларға дұрыс қарау болмайды. Тәжірибесі аз, біліктілігі төмен мамандар жұмыс істейді. Біз сенімгерлік басқарудағы балабақшаларды аралап көрдік, суретке түсірдік,- дейді Гүлайым Бейсембинова.

Д.Ахметов балабақшаларды тексеру үшін білім басқармасы басшысының, әкім орынбасарының қатысуымен арнайы комиссия құрылатынын, егер сенімгерлік басқарудағы мекемелер шынымен талапқа сай болмаса, олармен келісімшарт бұзылатынын жеткізді.

— Осыдан бес жыл бұрын Семейде құрылыс қарқын алып, жолдар күрделі жөндеуден өтті. Мұның барлығы бюджет қаржысынан жүзеге асуда. Біз нысандарды сенімгерлік басқаруға бергенде, оларды күтіп ұстауға қаржы шығармаймыз. Яғни үнемделген қаржы басқа бағыттарға жұмсалады. Бірақ ешбір ата-ана ұтылмайды, барлық балабақшалар бюджет есебінен қосымша қаржы алып тұрады. Бір жағынан, мен сіздермен де келісемін. Өз міндетіне салғырт қарайтын адамдар да бар,- деді аймақ басшысы.

Қалиас Жұмабай Бесқарағай ауданына қарасты Бөденелі ауылына қатысты бірқатар мәселелерді ортаға салды.

— Мынау — біздің ауылдың картасы. Бесқарағай ауданына қараймыз. Бөденелі деген ауыл. Ертістің сол жағындамыз. Шағанның арғы жағы, Курчатовтың бергі жағы. Ауыл тұрғындары Борасқа барып анықтама алу үшін қаланы айналып, 300-400 шақырым жол жүреді. Бұл біз үшін өте қиын, үлкен мәселе,- дейді Қ.Жұмабай.

— Келісемін, дұрыс айтып отырсыз. Қандай шешім ұсынасыз? Сіздерге қай аудан орталығы жақын? Курчатов қаласы ма, Шаған ба?- деп сұрады аймақ басшысы.

— Бізге Курчатов керек, ауылымыздан небәрі 50 шақырымда орналасқан. Ауылдың атына қатысты тағы бір мәселе бар. «Бөдене» деп жазып жүр, негізінде, Бөденелі болуы керек. Сонан соң ауылды интернетпен қамтамсыз етуге көмектессеңіз.

— Таяуда Бөденелі ауылына барамын. Егер тұрғындардың бәрі келіссе, Курчатов қаласының қарамағына беру мәселесі шешіледі. Ал жергілікті атау Бөдене ме, Бөденелі ме, оны нақты құжаттарды көтеріп, ономастикалық комиссия мамандары анықтайтын болады. Бұл мәселеге ат үсті қарай алмаймыз. Содан кейін барып шешім шығарамыз,- деген Даниал Кенжетайұлы ауылға интернет желісін тартуға 2 млн. теңге бөлінетінін, бұл мәселе биыл шешімін табатынын жеткізді.

Облыс әкімі Даниал Кенжетайұлы қабылдауға жазылған өзге де адамдармен жүздесіп, сауалдарына жауап берді.

«Абай Арена» мәдени-спорттық кешенінде

«Абай Арена» мәдени-спорттық кешенін аралаған облыс басшысы мұндағы құрылыс барысына жоғары баға берді. Қазіргі таңда басты корпусты әйнектеу жұмыстары аяқталып, ғимаратта ішкі әрлеу және іргелес аумақты абаттандыру жүргізілуде. Кешенде қылқан жапырақты ағаштардан құралған саябақ бой көтермек.

— «Абай Арена» әдемілігімен көз тартады,- деді Даниал Кенжетайұлы. – Мен Қарағайлыда Қазақстанның ең үздік шағын ауданы салынғанын қалаймын. Барлық инфрақұрылымы бір жерде шоғырланған, алты метрлік жолдар мен үлкен жаяу жүргіншілер жолы бар шағын аудан ешбір жерде жоқ.

Даниал Кенжетайұлы осындай мәдени-спорт кешенін Өскемен қаласында да салуды ұсынды.

Айта кету керек, биылғы жылы шағын ауданда 30 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы басталады. Бүгінгі күні 14 көп қабатты үй пайдалануға беріліп, 6 үй ағымдағы жылдың соңында іске қосылады. Сондай-ақ осы жылы 1200 орындық орта мектеп пен 320 орындық балабақшаны жобалау басталады. Олардың құрылысы 2020 жылға жоспарланған.

Жадыра Төлегенқызы, «Семей таңы»{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

1 қаңтардан учаскелік қызмет мамандарының жалақысы 40 пайызға дейін артады — Жолдау

28.10.2026
1 қаңтардан учаскелік қызмет мамандарының жалақысы 40 пайызға дейін артады — Жолдау

Жалпы практика дәрігерлерінің өкілеттігін кеңейтіп, бұл жүйені қаржыландыру көлемін кезең-кезеңімен ұлғайту маңызды. Бұл туралы Қазақстан халқына Жолдауын жариялау кезінде Президент...

Толығырақ...Details

Жаңа Салық кодексіндегі қайшылықтарды жою қажет — Президент

28.10.2026
Жаңа Салық кодексіндегі қайшылықтарды жою қажет — Президент

Қазақстан халқына Жолдауын жариялау кезінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев салық саласындағы кемшіліктерге тоқталып, оларды жою жөнінде тапсырмалар берді. Оның сөзінше, тағы...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік көмек шын мұқтаж адамдарға ғана берілуге тиіс – Президент

28.10.2026
Мемлекеттік көмек шын мұқтаж адамдарға ғана берілуге тиіс – Президент

Әлеуметтік мемлекет дегеніміз – азаматтарды әлеуметтік төлемдерге тәуелді ету емес. Бұл ең алдымен, халықтың тұрмыс сапасын, әл-ауқатын арттыру деген сөз....

Толығырақ...Details

Тоқаев: Үкіметтен бастап ауыл әкімдеріне дейінгі басқару құрылымын қайта қарау қажет

28.10.2026
Тоқаев: Үкіметтен бастап ауыл әкімдеріне дейінгі басқару құрылымын қайта қарау қажет

Мемлекеттік мекемелерді ұтымды бастама көтеруге, дербес шешім қабылдауға ынталандыру қажет. Бұл туралы Қазақстан халқына Жолдауын жариялау кезінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев...

Толығырақ...Details

Әділетті әрі Өркениетті мемлекет жолында бар күш-жігерімді салып келемін — Тоқаев

28.10.2026
Әділетті әрі Өркениетті мемлекет жолында бар күш-жігерімді салып келемін — Тоқаев

Заңға құрметпен қарайтын адам әрқашанда табысты болады. Бұл туралы Қазақстан халқына Жолдауын жариялау кезінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті. —...

Толығырақ...Details

Оқушыдан дөрекілік көрген ұстазға мектеп әкімшілігі де қысым жасайды – Президент сыны

28.10.2026
Оқушыдан дөрекілік көрген ұстазға мектеп әкімшілігі де қысым жасайды – Президент сыны

Ұстаздың оқушыларға білім беруіне кедергі келтіретін басы артық жұмыстарды доғару керек. Бұл жөнінде Қазақстан халқына Жолдауын жариялау кезінде Президент Қасым-Жомарт...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қаңтардан учаскелік қызмет мамандарының жалақысы 40 пайызға дейін артады — Жолдау

2 часа бұрын

Жаңа Салық кодексіндегі қайшылықтарды жою қажет — Президент

2 часа бұрын

Мемлекеттік көмек шын мұқтаж адамдарға ғана берілуге тиіс – Президент

2 часа бұрын

Тоқаев: Үкіметтен бастап ауыл әкімдеріне дейінгі басқару құрылымын қайта қарау қажет

2 часа бұрын

Әділетті әрі Өркениетті мемлекет жолында бар күш-жігерімді салып келемін — Тоқаев

2 часа бұрын

Оқушыдан дөрекілік көрген ұстазға мектеп әкімшілігі де қысым жасайды – Президент сыны

2 часа бұрын

Мемлекет басшысы Қазақстанның үлкен мақсатын атады

2 часа бұрын

Негізсіз жәрдемақылардың көбеюі мемлекеттік басқарудың әлсіздігін көрсетеді – Тоқаев

2 часа бұрын

Мемлекеттік аппарат қағазбастылықтан арылуы қажет – Президент

2 часа бұрын

Президент: Стратегиялық жоспарларға ұлт бірлігі және қоғамның әлеуметтік іргетасы жеткізеді

2 часа бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС