"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚАРАЖЫРА КӨМІРІ: КЕЛІСІМ ЖАСАЛДЫ

06.06.2019
64
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Дүйсенбі, 3 маусым күні қала әкімі Ермак Сәлімов «Қаражыра» АҚ бас директоры Марғұлан Макишевпен кездесіп, қалаға көмір жеткізу туралы меморандумға қол қойды.


Жиынды ашқан «Қаражыра» АҚ бас директоры Марғұлан Макишев кен орны биылғы жылы 9 млн. тонна көмір өндіруді межелеп отырғанын айтты.

— Аталған көрсеткішке қол жеткізу үшін қосымша техника мен құрал-жабдықтар алуға 40 млн. доллар инвестиция салынды. Көмір сапасын арттыру мақсатында сағатына 1000 тонна көмірді игеруге қуатты уатып-сұрыптағыш кешен пайдалануға берілді. Келер жылы 10 млн. тонна көмір өндіруді жоспарлап отырмыз,- дейді М.Макишев.

Қала әкімі Ермак Сәлімовтің айтуынша, аталған келісімшарт көмір жетіспеушілігін шешуге мүмкіндік береді.

— Семейде ыстық су беріле бастады, жаңа тұрғын үйлер пайдалануға берілді. Сондықтан меморандумға барлық шарттарымызды енгіздік. Біріншіден, қаланы қажетті көмір қорымен қамтамасыз ету, екіншіден, біздің кәсіпорын барлық соманы бірден төлей алмайтындықтан, белгілі бір кесте бойынша төлем жасауды қарастырдық. Өздеріңіз білесіздер, қатты отынға сұраныс жоғары болғандықтан, көмірге қатысты дау-дамайлар орын алып тұрады. Меморандумда жеке сектор тұрғындарына көмір жеткізу мәселесі нақтыланды. Бұл келісімшарт көмірді халыққа уақтылы жеткізуге мүмкіндік беретіні сөзсіз, — деді қала әкімі.

«Қаражыра» АҚ бас директоры Марғұлан Макишев Қаражырада қатты отын қоры жеткілікті екенін, бірақ Семейден өзге аймақтардағы кәсіпкерлер де көмір тасымалдайтындықтан, қоймаларда белгілі бір уақытта көмір тапшылығы байқалатынын айтып өтті. Жиында белгілі болғандай, енді көмір алушы коммуналдық кәсіпорындардың тізімі жасалып, «Жігер» ЖШС-не жіберілмек. Көмір осы тізім бойынша босатылады. Қатты отын алу тәртібі осылай реттелмек.

Қала әкімінің тапсырмасымен жыл сайын көктемде алдағы жылу маусымына дайындық жұмыстарына жауапты арнайы штаб құрылады. Штабқа қала әкімінің орынбасары Николай Ушаков басшылық жасаса, штаб мүшелері ретінде қалалық білім бөлімі, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бағдарламалары бөлімдерінің басшылары бекітілген. Штабтың атқарушы мүшелері – ТҮКШ бөлімі, қаржы бөлімі, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, «Нұр Отан» партиясының өкілдері, жол — патрульдік полициясы қызметкерлері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік және «Қаражыра» АҚ өкілдері. Штабтың негізгі қызметі – көмірдің қалаға тұрақты түрде келуін, әлеуметтік мекемелер мен бюджеттік мекемелердің қамтамасыз етілуін және тұрғын үй — коммуналдық нысандардың жылу маусымына дайындығын тексеру.

Жылу маусымы басталғанда Семейге ең алдымен коммуналдық – тұрмыстық мақсаттағы көмірдің жеткізілуі өзекті. Семей қаласына қажетті көмір қоры 250 мың тоннаны құрайды. Көмірді жеткізу үш темір жол қоймалары арқылы жүзеге асырылады. (Знаменка тас жолы, 72-квартал және Шығыс кентіндегі қоймалар).

Қаражыра кен орны басындағы №1 қоймада көмір арзан бағамен босатылады. Мұнда жылына 350 мың тоннаға жуық көмір тиеледі.

Сондай-ақ жыл сайын Семей қалалық әкімдігімен «Жазғы уақытта көмір тасымалдау» туралы меморандумға қол қойылады. Келісімшарт аясында кен орны Семейге маусым — қыркүйек айлары аралығында 80 мың тонна көмір жөнелтеді.

Жиын барысында «Қаражыра» АҚ өкілдері кен орнында маман тапшылығы байқалатынын да айтып өтті.

— Біздің компанияға БелАЗ автомобиль жүргізушісі, токарь, электромонтер, электр жабдықтарын жөндеу мамандары қажет. Бұл мәселені шешу үшін Көлік колледжі, «Керем Еквипмент ЛТД» ЖШС-мен келісімшартқа отырдық. Қазір жұмысшы мамандықтарына сұраныс артып келеді. Сондықтан түлектерді осындай мамандықтарды да игеруге шақырамыз. Жуықта Семейдің Орталық алаңында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізбекпіз, — дейді М.Макишев.

Айта кетейік, Семей қаласындағы қоймаларда көмір бағасы бұрынғыдай 7400 теңге болып қала бермек. Қатты отын әзірге былтырғы бағамен сатылады.

Кездесу соңында кен орны өкілдері тұрғындарға көмірді жазғы уақытта сатып алуға кеңес берді.


Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,

«Семей таңы»{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

9 часов бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

9 часов бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

9 часов бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

9 часов бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

10 часов бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

11 часов бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

1 день бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

1 день бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

1 день бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС