"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

СОТ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ЖАҢА ЖОБА

02.07.2019
5
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

«Отан отбасынан басталады» немесе «Отбасы – шағын мемлекет» дейтін халқымыз отбасы құндылықтарын әрқашан алдыңғы орынға қойып келеді. Дегенмен бүгінде жастар арасында ажырасу санының көбеюі елдегі өзекті проблемалардың біріне айналып отыр. Семейде қолға алынған «Отбасылық сот» жобасы осы мәселені шешуге бағытталмақ.

28 мауым күні Шәкәрім университетінде өткен конференция барысында қоғам қажеттілігінен туындаған «От-басылық сот» пилоттық жобасын жүзеге асырудың жолдары қарастырылды. Семинардың мақсаты Семинар-кеңе{jcomments off}ске ҚР Жоғарғы сотының судьясы Ұлбосын Сүлейменова, Шығыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот бөлімінің төр-ағасы Дамир Әбдуғалиев, Павлодар облысының кәме-летке толмағандардың істері жөніндегі сот төрайымы Қаламқас Темірова, кәсіби медиатор Ольга Кузнецова, Семейдегі «Жанұя орталығы» қоғамдық қорының президенті Жанна Жибраева, Қарағанды, Павлодар, Ақмола және Алматы облыстарының, сондай-ақ Нұр-Сұлтан және Алматы қала-ларының судьялары, медиаторлар, мұғалімдер, судьялар, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілетті органдардың өкілдері қатысты.

Кеңеске қатысушылар «От-басылық сот» жобасын іске асырудың нәтижелерін, дамыту жолдарын талқылады. ҚР Жоғарғы сотының судьясы Ұлбосын Сүлейменова Жоғарғы Сотта жобаны іске асыру үшін жоспарлы жұмыстар жүргізілетінін, ел көлемінде соттан тыс татуласу орталықтарының, отбасылық бөлмелердің ашылатынын, он-да медиаторлар, психологтер ұдайы жұмыс жүргізетінін айтты.

Шығыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот бөлімінің төрағасы Дамир Әбдуғалиев «Отбасылық сот» жобасы аясында аймақта жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

— Шығыс Қазақстан облы-сындағы «Отбасылық сот» жобасы отбасылық мәселелер мен балаларды қорғау бойынша қызметтердің біртұтас кешенін ұсынады. Арнайы тренингтерден өткен психологтер, кәсіби медиаторлар жұмыс істейді. Тараптарының өтініші бойынша азаматтар кешкі 18.30-дан 22.30-ға дейінгі аралықта сотқа шақырылуы мүмкін. Жоба өңірдегі 6 сот базасында жүзеге асырылуда. Өткен жылы осы соттардың судьялары 3 мыңнан астам іс қарады, олардың 36,3%-ы татуласумен аяқталды. Биылғы жылы 3 мыңнан астам іс қаралды, олардың жартысынан көбі бейбіт жағдайда аяқталды,- деді ол.

Жиында айтылғандай, «От-басылық сот» кешенді жобасын жүзеге асыру үшін тек отбасылық істермен айналысатын арнайы судьялар бөлінген. Мамандар аталмыш жоба қоғамдағы ажырасу мәселесін азайтады деген үмітте.

— «Отбасылық сот» жобасы былтырғы жылдың тамыз айынан бастап кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі соттарда жүзеге асырылып жатыр. Азаматтар балаларын бөлісе алмағанда немесе кездесу тәртібін анықтай алмағанда сотқа жүгінеді. Әрине, бұл өз кезегінде бала психологиясына әсер етеді. Сондықтан «Отбасылық сот» жобасы енгізілуде. Нәтижесінде ажырасуға арыз бергендердің басым көпшілігі өзара келісімге келіп, іс бітімгершілікпен аяқталады. Осыған дейін ажырасуға өтініш білдіргендер үшін шешім тез шығарылып, қоғамда ажырасатындар саны арта түсті. Ал қазір, жоба іске асқалы, мамандар отбасылық мәселелерге терең үңіліп, оларды шешу жолын жан-жақты қарастырады,- дейді ШҚО кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық №2 сотының төрайымы Раушангүл Байжұ-манова.

Іс-шара соңында Семей қаласындағы Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық колледж ғимаратында медиация кабинеті ашылды. Бұл кабинетте кәсіби медиаторлар жұмыс істеп, азаматтардың даулы мәселелерін шеше алады. Бұл жанжалды жағдайлар мен құқық бұзушылықтардың санын азайтуға мүмкіндік бермек.

Айтолқын САМАТОВА, «Семей таңы»


Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

3 часа бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

3 часа бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

7 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

1 день бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

1 день бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

1 день бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

1 день бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

1 день бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

1 день бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС