"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ВЕЛОЖАРЫС – АЛАКӨЛ ЖАҒАЛАУЫНДА

12.07.2019
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Үржар спорт пен мәдени шараларда үнемі белсенділердің қатарынан көрініп жүрген аудан. Спортшыларымен  мақтанып, өнерпаздарымен  танылған  ауданның мәдени   шаралары жаз бастала  айдынды  Алакөл жағасында  жалғасады. Сондай іс шаралардың бірі өткен аптада болып өтті. «Жастар жылы» аясында Алакөл жағалауында ІІ Республикалық бұқаралық-спорттық веложарыстан ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен өткен бұл турнир бұқаралық спортты дамытуды, салауатты өмір салтын насихаттауды көздейді.

Аталған жарысқа  түрлі жас мөлшеріндегі қырықтан аса адам қатысты. Салауатты өмір салты мен  туризмді дамытуды мақсат еткен шараға ҚР Мәдениет және Спорт министрлігінің өкілі А.Кручков арнайы келіп, сөз кезегінде барлық қатысушыларға сәттілік тілеп, жастардың осындай сайыстарға ат салысып жатқанына ризашылығын білдірді. Аудан әкімінің орынбасары Б.Тұрлыбеков жарысқа қатысушыларға Үржар ауданының әкімі С.Зайнулдиннің  сәлемін жеткізіп,  сәттілік тіледі.

Жарыс ережесі бойынша әр қатысушы 16 км қашықтықты бағындырып өтуі керек. Бұл, әрине, үлкен күш-жігерді қажет ететіні сөзсіз. Сайысқа жиналған қауым спортшылардың өнері мен аудандық мәдениет үйінің  «Наз» би ансамблінің  өнерін қатар тамашалап, айдын көлдің жағалауы мерекелік көңіл күйге бөленді.

Бұл жарыстан ауданның еңбектеген баласынан еңкейген қартына дейін шет қалмады деп  айтуымызға болады.  Төрт жастағы  бүлдіршін жасының кішілігіне қарамастан жақсы нәтиже көрсетті. 80 жасқа келіп қалған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Н.Сандыбаев та сайысқа  қатысып, жастарға үлгі болды.

Әділқазылар алқасының шешімі бойынша бірнеше номинация белгіленген еді. Сол номинация талаптарына орай ең жас қатысушы 14 жастағы Ә.Мұратбеков аға буын өкілінен қалыспай алдыңғы орындардан көрінді. Абсолюттік жеңімпаз ретінде ұлдар арасында Н.Байтиков, қыздар арасында А. Кимадиева  жүлделі болды. Ал 10 немеренің әжесі З.Жақыпбекова да қалыс қалмай, жеңіске деген ұмтылысы үшін  сыйлыққа лайық деп танылса, бас жүлдеге велосипед беріліп, қалған жүлдегерлер тұрмыстық техникалармен, сондай-ақ, ҚР Мәдениет және Спорт министрлігі, спорт және денешынықтыру істері комитетінің  диплом, медальдарымен марапатталды.

-Өздеріңіз білесіздер, бұқаралық спорт пен ішкі туризмді дамыту мемлекеттің басты тапсырмаларының бірі. Аталған міндеттің орындалуының көрінісі – осы Республикалық турнир деп айтар едім. Ашық чемпионатқа белсенді әрі салауатты өмір салтын серік еткен жандар қатысты. Турнирді жоғары деңгейде ұйымдастырушыларға алғысымды білдіремін,- деді ҚР Мәдениет және Спорт министрлігінің спорт және денешынықтыру істері комитетінің  бас сарапшысы М.Әлібекова.

Веложарыстың жоғары деңгейде өтуіне өзіндік үлесін қосқан аудандық жастар ресурстық орталығы, Мәдениет үйінің ұжымы, Спорт және Денешынықтыру бөлімі, аудандық спорт мектебі де марапаттан тыс қалмады.

Алакөл – ырысы тасыған, берекесі артқан арайлы да мерейлі мекен. Дәл осындай бәсекелі  жарыстың көл жағалауында өтуі бекер емес. Қазіргі таңда облыс әкімі Д.Ахметовтың басшылығымен ірі жобалар іске асырылып, абаттандыру жұмыстары жүргізіліп қана қоймай, ел мақтанатын туристік мекенге айналып отыр.

Тұнықта тұнық бар ма екен тұнығыңдай,

Шарқ ұрған шағалаң да бір ұлыңдай.

Бір сілкіп бұрқыратып Аралтөбе,

Арқаңа тастай салған бұрымыңдай, – деп жергілікті ақын Айжарық Абылқасымов жырға қосқан Алакөлді бүгінде көпшіліктің нағыз демалыс, көңілін сергітер орнына айналдыру зор міндет.

Бұл орайда аудандық әкімдіктің қосып отырған үлесі ерекше. Тек өз жерлестеріміздің ғана  емес шетелдіктердің де сүйікті демалыс орынына айналған айдынды Алакөлдің жағасында талай адам ұмытылмастай қызықты күндерін өткізетініне күмән жоқ.

Ақерке АЛТЫНБЕКОВА, «Семей таңы».{jcomments off}

 

Ұқсас жаңалықтар

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

06.11.2026
Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

Абай облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Нұртай Сабильянов пен Құрылтай депутаты Айрат Базенов бастаған делегация келді. Сапар аясында...

Толығырақ...Details

Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

06.11.2026
Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

Мемлекет басшысы құрған комиссия Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексерудің аралық қорытындыларын ұсынды. Тексеру қорғаныс ведомствосының 104 нысанын қамтыды....

Толығырақ...Details

Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

06.11.2026
Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

Абай облысында білім беру инфрақұрылымын дамыту, оқушы орындарының тапшылығын азайту және білім сапасын арттыру бағытында жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақытта өңірде...

Толығырақ...Details

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

05.11.2026
«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

Абай облысында жеке тұлғалардың жергілікті салықтар бойынша берешегі 557 млн теңгені құрайды. Берешекті азайту және өндіріп алу бағытында жүргізілген жұмыстардың...

Толығырақ...Details

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

05.11.2026
Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

Қазақстанда 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі айлық жалақы мөлшерін 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып...

Толығырақ...Details

Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

05.11.2026
Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

Тіл – ұлттың рухани негізі, мәдениеті мен тарихының айнасы. Ана тілін сақтау, оны күнделікті өмірде қолдану және кейінгі ұрпаққа жеткізу...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

2 дня бұрын

Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

2 дня бұрын

Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

2 дня бұрын

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

3 дня бұрын

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

3 дня бұрын

Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

3 дня бұрын

ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

3 дня бұрын

МЕДАЛЬ МЕН МАҚТАН. БІЗГЕ АТАҚ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

3 дня бұрын

Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

4 дня бұрын

Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС