"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АБАЙ ӘЛЕМІ ОҚУЛЫҚТА

04.03.2014
АБАЙ ӘЛЕМІ ОҚУЛЫҚТА
7
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Жуырда Алматы қаласындағы «ӘлНаир» баспасынан орта мектептердегі 8-9 сыныптарға арналған «Абайтану» факультативтік курсы бойынша пән аттас арнайы оқулық жарық көрді. Құрастырушылар ф.ғ.к., доцент, Абайдың мемлекеттік тарихи—мәдени және әдеби—мемориалдық қорық мұражайының директоры Жандос Әубәкір мен қаламыздағы №16 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлнар Құнафина. Әдебиетші ғалым мен тәжірибелі педагогтың бұл жемісті еңбегін ҚР Білім және ғылым министрлігі республикамыздағы орта білім беретін мекемелер үшін ұсыныпты.

Алдымен еліміздегі білім кеңістігіне енген «Абайтану» курсы жөнінде айта кетейік. Бұл пәнді факультативті түрде оқытудағы түпкілікті мақсат – мектеп оқушыларына қазақтың бас ақынының өмірі мен шығармашылық жолы, философиясы, қоғамдық-эстетикалық көзқарастары, сондай-ақ, қазақ поэзиясына әкелген жаңалықтары мен музыкалық мұрасы жайлы мағлұмат беру. Һәм осы арқылы ақын өсиеттерін өскелең буын арасында  насихаттау де көзделген болатын. Жалпы, бұл орайда Абайтану курсының мақсаттарын жүзеге асыруға бағыттал-ған бағдарлама жасалғанмен,  бұл тараптағы оқулықтар мен әдістемелік құралдар там-тұм ғана кездеседі. Ал аталмыш кітап еліміздің білім кеңістігіндегі осы олқылықты толтыруда айтарлықтай үлес қоспақ.

Жалпы, аталмыш Абайтану оқулығы Абай Құнанбаевтың әдеби мұралары жайлы жүйелі түсінік беріп қана қоймай, ақынның өскен ортасы, арман-мұраттарымен таныстырады. Сондай-ақ, ақынның шәкірттері жайлы тұщымды мәліметтер беріп, Абай мектебі мен ол қалыптастырған поэтикалық әлем жайлы да мол мағлұматқа қанықтырады.

Бір ерекшелік, аталмыш оқулық жалпы орта білім беретін мектептердің 5-7 сыныптарында оқытылатын «Абайтану» курсының жалғасы болып табылады екен. Сондай-ақ, ақын шығармашылығы талданған әр тараудың соңында оқушылар үшін қосымша тапсырмалар да берілген. Бұл — пән мұғалімі үшін де бағыт-бағдар беретіні анық. Ал сыныптан тыс уақытта ізденуге жетелейтін жүктемелер баланың шығармашылық қабілетін дамытып, әдебиетке деген құлшынысын оятады. Ең бастысы, аталмыш факультативтік пәннің басты міндеті — жас буынның әдеби қорын кеңейтеді.

Сонымен қатар, бірнеше тараудан тұратын кітапта ойшыл өмірі жайлы қызықты деректер мен шежіресі де енгізілген. Мұнымен қоса, ақын еңбектерінің басылуы, зерттелуі мен халыққа танылуы жайлы да деректер бар. Қорыта айтсақ, тың тәсілдерге сүйенетін аталмыш оқулықта ақын әлемі жайлы ақпараттар мол. Бұл кітаптың бүгінгі  буынды биік парасат пен телегей таным иесінің ақыл дариясынан сусындатуда берері мол деп білеміз.

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ ,

«Семей таңы»{jcomments on}

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

15 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

15 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

18 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС