"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

СТЕПНОЙ КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

13.08.2019
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қаласы әкімінің шаһар іргесіндегі шағын елді мекендер мен жекелеген аудандар тұрғындарымен кездесулері жалғасып жатыр. Өткен апта соңында қала басшысы Ермак Сәлімов Степной кентінде болып, тұрғындардың өтініш-тілектеріне құлақ түрді.

Аталмыш жиынға Ермак Бидахметұлы қалалық бөлімдер басшыларымен бірге келген болатын. Жергілікті атқарушы билік тарапынан дәл мұндай үлкен делегация бұрын-соңды мұнда келмепті. Сондықтан степнойлықтар таңданыстарын да жасырмады.

Кент тұрғындары бірінші кезекте көлік қатынасына қатысты машақатты қала әкіміне жеткізді. Айта кетсек, елді мекенге тек екі бағыттағы көлік — №6 мен №14 автобустар ғана келеді екен. Соның өзінде көлік қозғалысы мен қызметтер көрсетуде тұрғындарға қолайсыздық тудыратын жағдай-лар орын алатынын айтады кездесуге келген степнойлықтар.

— Автобустар өте шағын. Таңертеңгі және кешкі мезгілде қиындық туындайды. Қыстың күндері көлік салоны өте суық. Жолаушылар арасында реніш, жанжал да орын алып жатады. Түскі кезде бірнеше сағатқа аялдайтындары тағы бар. Сондай-ақ, кешкі мезгілдерде ертерек тоқтап қалатындықтан, қаладан қайтудың өзі мұңға айналады,- дейді кент тұрғыны Светлана Черникова.

Тұрғындар тарапынан айтылған тағы бір мәселе — аумақтың үшінші Степной бөлігіне автобустар мүлдем бармайды десе де болғандай. Сол себептен де тұрғындар мен балалар аялдамаға жету үшін бір шақырымнан астам жол жүруге мәжбүр. Сондай-ақ, автобустар қалаға тек сағат 7 жарымнан бастап жүретіндіктен, көптеген азаматтар жұмыстарына кешігіп қалып жатады. Оның үстіне мұндай жайт жыл сайын қайталанады екен.

Тұрғындар сауалына жауап қайырған Ермак Сәлімов қазіргі күні көлік қозғалысын реттеу бойынша байқау шаралары өтіп жатқанын айта келіп, алдағы уақытта жаңа автобустармен жаңа тасымалдаушылар бағыт бойына шығатынын жеткізді. Яғни, Степнойға шаһар әкімдігі сатып алған жаңа автобустар жүретін болады. Тек шамалы сабыр ету қажет.

Осыдан соң тұрғындар тағы бір өзекті мәселенің шетін шығарды. Бұл кентте мектеп жоқ. Ал тұрғындар саны жыл өткен сайын өсе түсуде. Нәтижесінде мектеп жасындағы балалардың да қатары артып келе жатыр. Бұл ретте қалалық білім бөлімінің басшысы Наталия Фесенко аталмыш мәселе шешімін тапты деп санауға болатынын айтты. Аталмыш елді мекенде жақын арада мектеп салынады. Тек біраз күтуге тура келеді.

— Бұл бір аптаның ішінде бітетін шаруа емес. Иә, мектепті неғұрлым жылдамырақ салуға болады. Мысалы, Ұшақтар кентіндегі мектеп бар болғаны бір жыл ішінде тұрғызылды. Бобровкадағы мектептің құрылысы да шамамен сондай уақыттың ішінде толық аяқталды. Бүгінгі күндері мектептің жобалық-сметалық құжаттары толығымен дайын тұр. Қазіргі уақытта бой көтеретін жаңа нысанды жылу көзіне қосу үшін құжаттамалық жұмыстар жүргізілуде. Шамамен 2021 жылы мектеп толығымен салынып бітіп, оқушыларды қабылдай бастайды,- деді Наталия Фесенко.

Сонымен қатар аумақта медициналық қызмет көрсетуге қатысты жағдай да мәз емес екен. Мұнда тек бір ғана жекеменшік амбулатория бар. Ал дәріхана мүлде жоқ.  Бір сөзбен айтқанда, шешімін күткен мәселелер жеткілікті. Сондықтан да кент тұрғындары қала әкіміне хат жазып, көмек беруін сұрапты.

— Мен осы мәселелердің барлығын талқылап, оның шешім табуы жолында күш салуға әзірмін. Ынталы топ құрыңыздар. Барлық өзекті проблемаларды сараптап, нақтылап алыңыздар. Бұл аумақта қазандық салуды жоспарлап отырмыз. Сол арқылы жылу мәселесін шешу көзделуде. Мектеп тұрғызылады. Көлік қатынасы мәселесімен де айналысатын боламыз. Бұл талап-тілектеріңіздің барлығы да орынды, олар баяғыда-ақ шешімін табуы тиіс болатын. Біз бұл бағытта жұмыс жүргіземіз,- деді өз сөзінде қала әкімі Ермак Бидахметұлы.

Қала басшысы тұрғындармен кездесу өткізген соң кенттің шеткері орналасқан көшелерін көріп шықты. Су құбырларының, жолдың жоқтығы, жарықпен қамтылмауы әкімнің назарынан тыс қалмады.

Осы жайттармен танысқан қала әкімі Ермак Бидахметұлы Степной кентіндегі мәселелердің барлығы кезең-кезеңімен шешімін табатынын жеткізді.

Әлібек КЕМЕЛХАН, «Семей таңы»{jcomments off}

 

Ұқсас жаңалықтар

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

05.11.2026
«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

Абай облысында жеке тұлғалардың жергілікті салықтар бойынша берешегі 557 млн теңгені құрайды. Берешекті азайту және өндіріп алу бағытында жүргізілген жұмыстардың...

Толығырақ...Details

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

05.11.2026
Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

Қазақстанда 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі айлық жалақы мөлшерін 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып...

Толығырақ...Details

Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

05.11.2026
Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

Тіл – ұлттың рухани негізі, мәдениеті мен тарихының айнасы. Ана тілін сақтау, оны күнделікті өмірде қолдану және кейінгі ұрпаққа жеткізу...

Толығырақ...Details

ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

05.11.2026
ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Кеше Абай облысының «Қоғамдық келісім» мекемесінде Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында айқындалған басым бағыттарды талқылауға арналған диалог алаңы өтті. Кездесуге этномәдени...

Толығырақ...Details

МЕДАЛЬ МЕН МАҚТАН. БІЗГЕ АТАҚ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

05.11.2026
МЕДАЛЬ МЕН МАҚТАН. БІЗГЕ АТАҚ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

Біздің бойымызда бір қызық дерт бар. Біреуге атақ берілсе, екіншісі оған риясыз қуана қоймайды. Керісінше, «Неге оған берілді?», «Менің одан...

Толығырақ...Details

Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

04.11.2026
Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

Бүгін Семейде дарынды балаларға арналған жаңа облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің іргетасын қалау рәсімі өтті. Салтанатты шараға облыс әкімі Берік Уәли,...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

11 часов бұрын

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

18 часов бұрын

Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

18 часов бұрын

ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

18 часов бұрын

МЕДАЛЬ МЕН МАҚТАН. БІЗГЕ АТАҚ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

18 часов бұрын

Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

1 день бұрын

Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

1 день бұрын

КӨКПЕКТІ АУДАНЫНДА БЕС АУЫЛДЫҢ СУ ҚҰБЫРЫ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ

1 день бұрын

Көкпекті ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда

1 день бұрын

Азияның академиялық кеңістігіндегі жаңа көрсеткіш

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС