"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ТҰРҒЫН ҮЙ АЛУДЫҢ ТӘРТІБІ ҚАНДАЙ?

16.08.2019
13
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен жылдың шілде айынан бастап еліміз бойынша «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасы қолға алынған болатын. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен жолға қойылған жаңа жоба аясында бүгінде қандай іс-шаралар атқарылып жатыр, оның басты талап-шарттары қандай, сонымен қатар Семей қаласы бойынша халықтың әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған бөлігін тұрғын үймен қамту ісі қандай деңгейде деген сауалдар төңірегінде қаламыздағы Ақпараттық орталықта арнайы баспасөз мәслихаты болып өтті.

 

Жиынды қала әкімінің орынбасары Айдар Садырбаев ашып, баспасөз мәслихатының қонақтарын  таныстырып өтті.

«Баспана» өңірлік ипоте-калық мекемесінің директоры Рауан Баяшев алдыңғы кезекте Семей қаласы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар қатарымен таныстырып, мағлұмат беріп өтті. Оның айтуынша, бүгінде еліміздегі екінші деңгейлі банктер, яғни «Банк ЦентрКредит», «АТФ Банк», «Халық банк», «Сбербанк», «Жусан банк» — «Bank RBK», «Евразия Банкі» және «ForteBank» ипотекалық қаржыландыру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Облысымыз бойынша аталмыш бағдарлама алғаш қолға алынғаннан бері жалпы саны 781 өтініш қабылданып, 6,9 млрд. теңгенің несиесін бөлу көзделіпті. Оның ішінде 481 өтініш мақұлданып, 4,3 млрд. теңгенің сомасы берілген.

Жалпы, өткен жылдың шілде айынан бері жүзеге асырыла бастаған бұл бағдарлама ресми кірісі бар әрбір жұмыс істейтін азаматқа 20 пайыздан аспайтын мөлшерде бастапқы жарнамен 25 жылға дейінгі мерзімге, жеті пайыз үстемемен ипотеканы рәсімдеуге мүмкіндік береді. Әрі қазіргі таңда Қазақстанның бүкіл аумағында толыққанды қолданылады.

Жаңа бағдарлама әркімге жеңілдік шарттарын береді. Алайда масылдыққа жол бермеуге тиіс. Бағдарлама қарыз алушының төлемге қабілетті болуын талап етеді. Сонымен қоса аталмыш бағдарламамен баспана алғысы келген азаматтың «кредиттік тарихы» дұрыс болуы әрі өзге банктерде ипотекалық несиесі болмауы керек.

Бір айта кетерлігі, қолжетімді саналатын бұл баспананың бір шаршы метрі 140 мың теңгеден аспайды. Яғни, екі бөлмелі пәтердің құны шамамен 7,5 млн. теңгеге түседі. Ал ай сайын төленетін ақы 44 мың теңгені құрайды.

Сонымен қатар баспасөз мәслихаты барысында жаңадан қолға алынған «Бақытты отбасы» бағдарламасының тиімділіктері жайында да кеңінен сөз болды. Бұл бағдарламаға қатысу үшін қойылатын басты талап – оған тек көпбалалы отбасылар мен жанұясында мүгедек бала тәрбиелеп отырғандар және кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар толық емес отбасылар ғана қатыса алады.

— «Бақытты отбасы» бағдарламасы арқылы бірінші және екінші нарықтағы пәтерлер мен жеке тұрғын үйлерді сатып алуға болады. Берілетін несиенің ең жоғары көлемі Алматы, Атырау, Ақтау, Шымкент және Нұр-Сұлтан қалалары бойынша 15 млн. теңгеге дейін жетеді. Ал өзге өңірлердегі баға 10 млн. теңгені құрайды. Шарт бойынша, сатылып алынатын баспана өтініш берушінің тіркелген елді мекенінде болуы тиіс. Екінші қойылатын талап — қатысушы жергілікті әкімдіктен тұрғын үй кезегінде тұратындығы жөнінде анықтама алып, бағыттамамен келуі керек, — деді аталған бағдарлама жайлы кеңірек түсінік берген ТҮКШ бөлімі басшысының орынбасары Диана Шаяхметова.

Дегенмен бұл бағдарламаның да өзіндік шарттары бар. Атап айтсақ, оған қатысу үшін отбасының әр мүшесіне келетін табыстың мөлшері 42 500 теңгеден аспауы керек. Мұның сыртында барлық салықтар мен зейнетақы жарналары шегеріледі. Мәселен, егер отбасы 5 адамнан тұрса, онда оның жалпы кірісі 212 500 теңгеден артық болмауы керек. Сондай-ақ бұл бюджеттік жәрдемақы емес, жұмыс орнынан берілетін қаражат болуы тиіс.

Жиын барысында айтылғандай, бастапқы жарнаны өтеуге қаражаты болмаған отбасыларға жергілікті әкімдік тарапынан тұрғын үй сертификаттарын беру қарастырылған. Мұнда қойылатын басты талап — өтініш беруші баспананы тек жаңа үйден ғана алуы тиіс. Ал тұрғын үй сертификатын алушылардың тізімін тек мәслихат қана бекітетін болады.

Баспасөз мәслихаты барысында осы тәріздес бірқатар мәселелер ортаға салынып, БАҚ өкілдері тарапынан түрлі сауалдар қойылды.

Әлібек КЕМЕЛХАН, «Семей таңы»{jcomments off}

 

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

19 часов бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

19 часов бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

19 часов бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

20 часов бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

21 час бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

21 час бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

2 дня бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

2 дня бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС