"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ТЕАТР МАУСЫМЫ АШЫЛДЫ

03.09.2019
22
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Театр маусымының ашылуын өнерсүйер қауым асыға күтеді. Өйткені театр — адамға шабыт сыйлайтын ерекше өнер ордасы, шығармашылықтың қайнаған ортасы.

Семейде театр маусымының ашылу салтанатын атап өту игі дәстүрге айналған. Биылғы мереке де «Бір рет және мәңгілік» деген атаумен Абай театрында салтанатты түрде аталып өтіп, тұрғындарға концерттік шоу-бағдарлама ұсынылды.

 

Акцияның «Бір рет және мәңгілік» деп аталуы кездейсоқ емес: қала тұрғындары үшін үш театр бір уақытта өнер көрсетті. Олардың өнері халық жүрегінен орын алған және мәңгі сақталады.

— Театр актері ретінде мен үшін маусымның ашылуы — үлкен мереке. Бүгін семейліктер театр өнеріне қызығушылықтары жоғары екенін тағы бір дәлелдеді деп ойлаймын. Білім күнімен қатар келген біздің мерекеге де уақыт тауып осында келген адам қарасының көп екенін өздеріңіз де байқаған боларсыздар. Үш театр да үлкен сұранысқа ие және бұл біз үшін қуанышты жағдай, — деді Ф.М. Достоевский атындағы театр актері Александр Сухов.

Биылғы театр маусымының ашылуы Орталық алаңда 2019 жылдың ең танымал әндері қойылған мерекелік флешмобпен басталды. Кез келген қала тұрғыны флешмобқа қатысу мүмкіндіге ие болды. Одан соң театр ғимаратының алдында жергілікті әртістердің қатысуымен концерт өтті. Концерт аяқталғаннан кейін акция театрдың фойесінде жалғасты. Мұнда көрермендер әйгілі қойылымдардың сахналары безендірілген жерлерде кейіпкерлер костюмін киіп естелік суреттерге түсті.

— Театр маусымының ашылуына алғаш рет қатысып отырмын. Бәрі әдемі безендірілген, адамды баурап алады. Мен мұнда келгенде қатты таңғалдым, өйткені мұндай ауқымды мерекені бұрын-соңды көрмеппін. Менің ойымша, жастар мұндай шаралардан шет қалмауы керек,- дейді театрға келген студенттердің бірі Диана Тезекпаева.

Акцияға, негізінен, театр маусымның ашылуын күткен тұрақты көрермендер жиналды. Олар әр жаңа қойылымды асыға күтіп, әртістермен бірге театрдың жетістіктеріне   қуанады.

— Театр — менің махаббатым, тіпті бүкіл өмірім десем де болады. Мен бала кезімнен осы күнге дейін театрдың жанкүйерімін, тұрақты көрерменімін. Менің отбасым да өнермен тығыз байланысты. Халықты театрға жиі келуге шақырамын, — дейді көрермен Тамара Береговая.

Театр әртістерінің айтуынша, мұндай ауқымды мерекені өткізудегі жалғыз мақсат – көрермендердің театр өнеріне деген сүйіспеншілігі мен қызығушылығын арттыру.

Айтолқын САМАТОВА, «Семей таңы»{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

4 часа бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

4 часа бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

4 часа бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

4 часа бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

5 часов бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

5 часов бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

1 день бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

1 день бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

1 день бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС