"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

БЖЗҚ: Зиянды жұмыс атқаратындар үшін аударылған жарналар есебінен төлемдер беріліп жатыр

06.09.2019
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) – бұл еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын адамдар үшін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (БЖЗҚ) аударылатын жарна. Ол 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілген. МКЗЖ көлемі жұмыскердің айлық табысының 5 пайызын құрайды. Оларды жұмыс берушілер еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын жұмыскерлерінің пайдасына өз қаражаты есебінен төлейді. Аударымдар жұмыскердің бұл жұмысқа уақытша немесе тұрақты орналасуына, есепті мерзімнің басында немесе аяғында кіріскеніне қарамастан жүзеге асырылады.

Өндірістердің, жұмыстардың, пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттер меншікті қаражаты есебінен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын, еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1562 қаулысымен бекітілген.

Әрине, бұл тізім еңбек жағдайларының өзгеретіндігін ескере отырып, белгілі бір мерзім аралығында қайта қаралып отырады. Бұл жерде мынадай сұрақ туындауы мүмкін: еңбек жағдайлары зиянды жұмыстар дегеніміз не? Жұмыскердің жұмысқа қабілеттілігінің төмендеуіне немесе ауруға шалдығуына әкеп соғатын, не болмаса ұрпағының денсаулығына кері әсер ететін өндірістік факторлары бар жұмыстар – еңбек жағдайлары зиянды жұмыстар деп аталады. Елімізде еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарға бірінші кезекте тау-кен жұмыстары, металлургия өндірісі (қара және түсті металдар), атом өнеркәсібі, радиоактивті заттармен жұмыстар, көмір, мұнай мен газ өндіру және өңдеу, құрылыс материалдары өндірісі жатады. Сонымен қатар радиология бөлімдері мен химиотерапия кабинеттерінде жұмыс істейтін дәрігерлер мен балет әртісінің мамандығы да зиянды болып табылады.

МКЗЖ толық және уақтылы төленуін бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асырады.

2014 жылдың басынан бастап 2019 жылдың тамызына дейінгі аралықта БЖЗҚ-да МКЗЖ бойынша жарты миллионға жуық шот ашылып, оларда 225 млрд теңге жинақталған. Бұл ақшалар инвестицияланады, сәйкесінше, шоттарға инвестициялық табыс есептеліп отырады. Ал оларды алу құқығы туындаған шақта жинақтаушы зейнетақының бір бөлігі ретінде алушыларға төленеді.

2019 жылдың алғашқы жартысында 7 мыңнан астам адам тек МКЗЖ есебінен 1,6 млрд-тан астам теңге алды.

Зиянды еңбек жағдайлары еңбек қызметін ерте аяқтауға мүмкіндік береді. МКЗЖ енгізілгеніне (01.01.2014 ж.) 5 жыл болғанын ескерсек, өз пайдаларына МКЗЖ аударылған салымшылар ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы аннуитетін алу мүмкіндігіне ие болды. Сондықтан 50 жасқа толған және өздері үшін МКЗЖ кемінде күнтізбелік 60 ай бойы төленген салымшылар, Қордағы зейнетақы жинақтары ай сайын ең төменгі зейнетақы мөлшерiнен кем емес төлемдi қамтамасыз етуге жеткілікті болған жағдайда, өздері таңдаған сақтандыру ұйымымен сақтандыру төлемдерiн өмiр бойы алып тұру үшін зейнетақы аннуитетi шартын жасасуға құқылы. Бұл үшін зейнетақы жинақтарын осы сақтандыру ұйымына аударады. Қазіргі уақытта сақтандыру ұйымдарына жасалатын аударымдар көлемінің өскендігін айта кеткен жөн.

Биыл ең төменгі зейнетақы 36 108 теңге екенін ескертеміз.

Егер МКЗЖ есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтары жеткіліксіз болса, зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтары пайдаланылуы мүмкін.

Зейнетақы жинақтарының көлеміне қатысты сақтандыру ұйымдарының талаптары әрқалай. Сондықтан сақтандыру ұйымына аударуға қажетті соманың нақты мөлшерін ұйымның өзінен білуге болады. Алайда актуарлық есептеулерге сүйене отырып, орташа соманы айтуға болады. 2019 жылы бұл сома ерлер үшін шамамен – 9 млн 710 мың теңге, ал әйелдер үшін шамамен – 13 млн 296 мың теңге. Сонымен өздерінің пайдасына МЗЖ-дан басқа МКЗЖ аударылған салымшылар, жынысына қарамастан 50 жасында зейнетақы аннуитеті шартын жасаса алады. Бұл ретте өздерінің пайдасына МКЗЖ күнтізбелік 60 айдан кем аударылған салымшылар үшін МЗЖ, МКЗЖ және ЕЗЖ есебінен қалыптасқан жинақтары жеткілікті болған жағдайда, жалпы негізде, яғни ерлер үшін – 55 жаста, әйелдер үшін – 51 жаста зейнетақы аннуитеті шартын жасасу құқығы сақталады.

2019 жылдың жеті айы ішінде 50 жасқа толған және өздері үшін МКЗЖ кемінде күнтізбелік 60 ай бойы төленген 1 200-ден астам салымшы өздері таңдаған сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитетi шартын жасасу арқылы сақтандыру төлемдерін өмір бойы алып тұру құқығын пайдалануға қол жеткізді. Олар бойынша жарналардың барлық түрі есебінен сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдардың жалпы сомасы – 16 млрд-тан астам теңгені құрады. Осылайша, БЖЗҚ-дан МКЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу түріндегі жеңілдік толығымен жүзеге асырылып жатыр.

Егер Сіздің зейнетақы жинақтарыңыз зейнетақы аннуитетін алуға жеткілікті болса, өмірді сақтандыру жөнінде лицензиясы бар сақтандыру ұйымын таңдай аласыз. Таңдау барысында асықпаңыз: тарифтерін, төлемдердің мөлшері мен кезеңділігін, мұраға қалдыру мүмкіндігін мұқият тексеріңіз, тек содан кейін барып өзіңізге ұнаған ұсынысты қабылдауыңызға болады. Бұл ретте 50 жасқа толып, зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аударған салымшылар, одан кейін де еңбек жағдайлары зиянды өндірісте жұмыс істей беретін болса, олардың жеке зейнетақы шоттарына МЗЖ мен МКЗЖ зейнет жасына толғанша түсе береді. Жұмыскерлер оларды Қордан белгіленген кесте бойынша ай сайынғы төлем ретінде және (немесе) сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін немесе қолданыстағы зейнетақы аннуитеті шартына өзгерістер енгізілген жағдайда пайдалана алады. Сәйкесінше, зейнеткерілк жасқа толған жеке тұлғалар, әскери қызметшілер мен әлеуетті құрылымдардың қызметкерлері және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушылар үшін жұмыс берушілер Қорға МКЗЖ төлеуден босатылады.

{jcomments off}

 

Ұқсас жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

10.11.2026
Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

Қазіргі уақытта қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ саланы кадрлармен қамту мәселелері өзекті. Денсаулық...

Толығырақ...Details

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

10.11.2026
Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты....

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

10.11.2026
Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесі өзінің жұмыс философиясын біртіндеп өзгертіп келеді. Мемлекеттің басты назарында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің өзі емес, адам,...

Толығырақ...Details

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

10.11.2026
«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

Тіл – адамдардың бір-бірімен түсінісуіне көмектесетін маңызды құрал. Біз тіл арқылы өз ойымызды жеткіземіз, білім аламыз және айналамыздағы адамдармен қарым-қатынас...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

16 часов бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

16 часов бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

19 часов бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

19 часов бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

19 часов бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

20 часов бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

21 час бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

21 час бұрын

Қазақ тілінің конституциялық мәртебесі тайға таңба басқандай жазылды — Президент

21 час бұрын

Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

21 час бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС