"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖОО-ҒА ЖАҢА МІНДЕТТЕР ЖҮКТЕЙДІ

10.09.2019
7
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

2 қыркүйек күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына алғашқы Жолдауын жариялады. Өз қызметінде әрқашан да ашықтық принципін ұстанатын Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев  Жолдауында бүгінгі таңдағы саяси, әлеуметтік-экономикалық және рухани саладағы өзекті мәселелерді нақты анықтап, оларды тиімді шешу жолдарын белгілеп, қоғамның жаңа даму кезеңіндегі бағыт-бағдарларын негіздеп берді. Ел Президенті Қазақстан халқына арнаған алғашқы Жолдауында қоғам өмірінің негізі болып табылатын экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени-рухани салаларындағы өзекті мәселелерді толығымен қамтып отыр. Қоғамда қордаланып қалған мәселелерді шешуге қатысты алғашқы бастамалар мен міндеттер Президенттің сайлауалды бағдарламасы мен ұлықтау рәсімінде ұсынған он басым бағытында атап көрсетілген болатын. Ал Жолдауында Үкімет алдында тұрған ортақ міндет ретінде азаматтардың барлық сұраныстарына тез жауап беретін «еститін» мемлекет қалыптастыру, кез келген шиеленісті тек бейбіт жолмен, диалог арқылы үйлесімді шеше алатындай мемлекет құру қажет екендігін айтты. Сондай-ақ осы тұста Президент Үкіметке азаматтардың құқығын қорғауға баса назар аударуды тапсыра отырып, сот жүйесі мен құқық қорғау жүйесін терең реформалау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жүйелі түрде жүргізу қажеттігіне тоқталды.
Алдағы еліміздегі елеулі оқиғалар, соның ішінде әл-Фарабидің 1150 жылдығы, Абайдың 175 жылдық мерейтойы, маңызды мерекеміз Тәуелсіздіктің 30 жылдығына байланысты атқарылатын іс-шаралар нағыз отаншыл жас ұрпақты тәрбиелеуге бағытталуы керек.
Үкімет заңнаманы 5G, «Ақылды қала», «Үлкен деректер», блокчейн, цифрлық активтер, жаңа цифрлық қаржылық құралдар сияқты тың технологиялық құбылыстарға бейімдеу қажеттігі айтылды. Сондай-ақ Президент ауылда сапалы өмір сүру шарттарын қамтамасыз ету қажеттігіне көңіл бөлген. Осыған орай Елбасының «Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасын жүзеге асыруды жалғастыруды тапсырды. Қазіргі салық жүйесінің сапасын арттыру да жеке мәселе ретінде қаралып, оны жетілдіру бойынша Ұлттық банкке арнайы тапсырма берілді.
Мемлекет басшысы қазіргі жаһандану дәуірінде адам капиталына, білім саласына қойылатын талаптардың жаңа деңгейге көтерілуіне байланысты сапалы білім алу қарқынды дамудың басты шартына айналатынын баса көрсетті. Бұл өз кезегінде ЖОО-ға жаңа міндеттер жүктейді.
Ұлттың дамуын қамтамасыз етудің негізгі кепілі ретінде ғылымға ерекше мән берілетін болады. Қ.Кемелұлы отандық ғылымды дамытуда ЖОО-ның алатын орнына тоқталды.
Мемлекет басшысының алғашқы Жолдауы еліміздің қоғамдық-саяси, әлеуметтік жаңғыруының жаңа кезеңінің басталғанын айқын көрсетіп отыр.
Жолдауда айтылғандай, заманауи тиімді мемлекет құру үшін азаматтық жауапкершілігімізді арттырып, ел игілігі жолында бірлесе еңбек етейік.

О.ЖОЛЫМБАЕВ, ф.-м.ғ.к., доцент,
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті.{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

3 часа бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

1 день бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

1 день бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

1 день бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

1 день бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

1 день бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

1 день бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

2 дня бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС