"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚАРАҒАЙЛЫДАҒЫ ҚОНЫС ТОЙЫ

10.09.2019
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Сенбі, 7 қыркүйек күні Қарағайлы шағын ауданында «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Семей қалалық филиалының ұйымдастыруымен «Korshiler Party» атты акция өтті. Акцияға «Өз үйім» және «Нұрлы жер» бағдарламаларының салымшылары қатысты.


Көршілерді бір-біріне жақын-дастырып, ынтымаққа шақыру, халықтың Қарағайлы ауданына қызығушылығын арттыру мақсатындағы шара биыл алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Шара барысында тұрғындарға арналып ыстық тағамдар мен тіскебасалар әзірленіп, түрлі ойындар өткізілді, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ туралы сұрақтар қойылып, дұрыс жауап берген азаматтарға сыйлықтар таратылды. Көршілер бір-біріне ақ тілегін айтып, үлкендер бата берсе, Қалалық Мәдениет сарайының әншілері әннен шашу шашты.
Акцияға жиналған халықты құттықтаған «Тұрғын үй» құрылыс жинақ банкі» АҚ Семей қалалық филиалы директоры Равиль Сабитов:
— Құрметті «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ салымшылары, Сіздерді қоныс тойларыңызбен құттықтаймыз! Осындай ынты-мақ пен берекелеріңізден ажыра-маңыздар, — деп ізгі тілегін білдірді. — Өздеріңіз білетіндей, үш жыл бұрын Қарағайлыда мұндай құрылыс болған жоқ. Үш жыл ішінде көз тартарлық көп қабатты тұрғын үйлер бой көтерді. Қарағайлы ауданы күннен-күнге көркейіп келеді. Сіздерге көп рақмет, бізбен бірге болыңыздар!
Бүгінде Қарағайлы ауданындағы тұрғын үйлердің 70 пайызына жуығына халық қоныстанған. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 230, «Өз үйім» бағдарламасы аясында 140 пәтер өз иесін тапты. Жалпы, ауданда жиырмаға жуық көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталған. Банк алдағы уақытта қалалық әкімдікпен қосымша келісімшарттар жүргізуді жоспарлап отыр.
— Қызым осы ауданнан «7-20-25» бағдарламасы арқылы үй алып, қоныс тойын тойлап жатырмыз. Жуырда ғана көшіп келдік. Қарағайлы ауданы жайлы, әдемі екен. Барлық жағдайлар жасалуда. Жолдары тегіс. Үйіміз кең, жайлы. Елбасымыз бен «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің қолдауына алғыс білдіреміз. Бүгінгі шараның да мәнісі зор деп ойлаймын. Әсіресе көршілер бір-бірімен араласпайтын заманда қала адамдарына өте керекті бастама екен. Алдағы уақытта мұндай шаралар әрбір ауданда жалғасын тапса, нұр үстіне нұр болар еді, — дейді тұрғын Мұрат Ерденбеков.

Айтолқын САМАТОВА, «Семей таңы»{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

16 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

16 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

20 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС