"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ САҚТАУ МАҚСАТЫНДА

10.09.2019
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Бүгінгі таңда Семей қалалық ішкі саясат бөлімінің Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі секторының мамандары жергілікті жұртшылық арасында түрлі іс-шаралар ұйымдастырып, деструктивтік діни ұйымдарға тән белгілер, сондай-ақ олардың заңсыз миссионерлік жұмыстарының салдары және дәстүрлі діндердің оларға деген көзқарастары, аймақтағы және елдегі экстремизм және терроризмнің алдын алу жұмыстары туралы кең көлемде ақпарат беруде.

Қала көлемінде өткізіліп жатқан мұндай жиындар барысында Қазақстан Республикасында діни экстремизм және терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның негізгі мақсаты, яғни діни экстремизмнің зорлық-зомбылық көріністерінен және терроризм қауіптерінен адамның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы айтылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Басқосулар барысында, негізінен, Қазақстанның дін саласындағы мемлекеттік саясаты, заманауи ақпараттық технологиялардың қоғамдық өмірдегі орны, ұлттық қауіпсіздік, діни сауаттылық, азаматтық қоғам институттарының белсенділігі жайында да сөз болып, кеңінен талқылануда. Айталық, мамандар радикалды көзқарастағы деструктивті ұйымдар тарапынан жүргізіліп жатқан астыртын жұмыстар шынайы діннің қағидалары мен ұстанымдарына толығымен қайшы келетіндігі және мұндай ұйымдардың әрекеттері дінге, діндарлар қауымына және жалпы адамзатқа қарсы жүргізіліп жатқан қылмыс ретінде бағаланатындығын айтып, діни сауаттылықты арттыруға шақыруда.
Жалпы, бүгінгі таңда әлеуметтік желілердегі жеке парақшалар арқылы діни экстремизмнің алдын алу мақсатында сенім телефондары да жариялануда. Атап айтсақ, Семей қаласының ішкі саясат бөлімінің діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі секторы Whatsap желісі арқылы қала тұрғындары үшін діни тақырыптардағы сұрақтарға жауап алу мүмкіндігін жасап отыр. Арнайы байланыс телефондары арқылы семейлік азаматтар жат пиғылды діни ағымдар мен олардың әрекетінен сақтану үшін және діни экстремизм мен радикализмнің алдын алуға үлесін қосу мақсатында арнайы мамандарға кез келген уақытта сұрақтарын қойып, ой-пікірлерін айтып, тұшымды жауаптар мен кеңестер ала алады.
Семей қалалық ішкі саясат бөлімінің мамандары қала халқының құқықтық сауаттылығын арттыру, ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер» туралы заңнамасында көрсетілген құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында шаһар аумағындағы саяжай алаптарындағы тұрғындармен, азық-түлік дүкендерінің сатушыларымен, осынау аумақтардағы дәріхана фармацевтерімен әңгімелесулер өткізді. Бөлім мамандары еліміздің Ата Заңында көрсетілген зайырлылық туралы заң талаптары және дәстүрлі құндылықтарымыз жайлы айта келіп, дәстүрлі дін мен теріс діни ағымдар арасындағы айырмашылықтарды түсіндіріп, бұл тұрғыда азаматтарға ескеруге тиісті жайттарды баяндап берді.
Аталған шара аясында саяжай алабындағы сауда нүктелерінде шұғыл желі телефондарының нөмірлері жазылған кітапшалар мен деструктивті діни ағымдардан сақтандыру мақсатында жаднамалар таратылды. Парақшаларда ҚР Әкімшілік және құқықтық кодексінде атап көрсетілген құқық бұзушылықтар үшін жауапкершіліктер туралы да жазылған.
Аталмыш шара барысында тұрғындар тарапынан қойылған түрлі сауалдарға жауаптар берілді.
Аймағымыздағы конфессияаралық келісімді нығайту, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, дәстүрлі ислам құндылықтарын насихаттау мен тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру жұмыстары қала көлемінде қарқынды жүргізілуде.

Әлібек КЕМЕЛХАН, «Семей таңы»

{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында кітап оқу марафонына 30 мыңнан астам адам қатысты

09.11.2026
Абай облысында кітап оқу марафонына 30 мыңнан астам адам қатысты

Облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен кеңейтілген аппараттық кеңесте «Кітап оқитын ұлт» жобасының өңірде іске асырылу барысы талқыланды. Күн тәртібіндегі...

Толығырақ...Details

Абай облысында 31 мыңнан астам тұрғын үй өрт қауіпсіздігі шараларымен қамтылды

09.11.2026
Абай облысында 31 мыңнан астам тұрғын үй өрт қауіпсіздігі шараларымен қамтылды

Абай облысында 2026–2027 жылдардағы жылыту кезеңінде өрттің алдын алу мақсатында 31 618 тұрғын үй профилактикалық іс-шаралармен қамтылды. Негізгі назар пешпен...

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект пен цифрландыру – Қазақстан дамуының жаңа мүмкіндігі

09.11.2026
Жасанды интеллект пен цифрландыру – Қазақстан дамуының жаңа мүмкіндігі

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында ел экономикасын жаңғырту, цифрлық технологияларды кеңінен енгізу және жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану мәселелеріне ерекше...

Толығырақ...Details

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

08.11.2026
350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

Цифрлық отбасы картасы қазақстандықтардың табысын, мүлкін, көлігін және несие міндеттемелерін ескеріп, отбасыларды әлеуметтік әл-ауқатына қарай бес санатқа бөледі. Қазақстанда отбасының...

Толығырақ...Details

Мемлекет басқару ісіне қатысу – әр азаматтың конституциялық құқығы

08.11.2026
Мемлекет басқару ісіне қатысу – әр азаматтың конституциялық құқығы

Қазақстан Республикасының Конституциясы азаматтардың елдің қоғамдық-саяси өміріне араласуына және мемлекеттік шешімдер қабылдау үдерісіне қатысуына құқықтық негіз қалайды. Бұл құқық демократиялық...

Толығырақ...Details

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

06.11.2026
Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

Абай облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Нұртай Сабильянов пен Құрылтай депутаты Айрат Базенов бастаған делегация келді. Сапар аясында...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында кітап оқу марафонына 30 мыңнан астам адам қатысты

7 часов бұрын

Абай облысында 31 мыңнан астам тұрғын үй өрт қауіпсіздігі шараларымен қамтылды

7 часов бұрын

Жасанды интеллект пен цифрландыру – Қазақстан дамуының жаңа мүмкіндігі

7 часов бұрын

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

1 день бұрын

Мемлекет басқару ісіне қатысу – әр азаматтың конституциялық құқығы

1 день бұрын

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

3 дня бұрын

Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

3 дня бұрын

Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

3 дня бұрын

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

4 дня бұрын

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС