"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ЫҚПАЛЫН КҮШЕЙТУ ҚАЖЕТ

01.10.2019
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

30 қыркүйек күні Абай кітап-ханасында Шығыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Отырысқа қала әкімі Ермак Сәлімов, мәслихат хатшысы Бейсенбек Ақжалов, «ШҚО талдау және болжау институты» ЖШС директоры Олег Чернышев, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының ШҚО филиалы жанындағы Іскер әйелдер өңірлік кеңесінің төрайымы, «Шығыс — адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Елена Березинская-Абилова және Семей қаласының Қоғамдық кеңес мүшелері қатысты.

«ШҚО талдау және болжау институты» ЖШС директоры Олег Чернышев Қоғамдық кеңестің жалпы міндеттері туралы айта келе, Семей қаласындағы Қоғамдық кеңестің атқарып жатқан жұмыстары жайлы ақпарат аз екенін жеткізді.

— Қоғамдық кеңес жергілікті жердегі маңызды орган болып табылады. Мәслихат депутаттары, «Нұр Отан» партиясы, «Шығыс – адалдық алаңы» жобасы мен Қоғамдық кеңестің атқаратын қызметтері, көтеретін проблемалары ұқсас болғанымен, Қоғамдық кеңес соның ішінде ең негізгісі болуы керек. Қазір министрлікте Қоғамдық кеңес туралы заң жобасы қаралуда, — дейді О.Чернышев. – Семей қаласындағы Қоғамдық кеңестің атқарып жатқан жұмыстары жайлы ақпарат аз. Әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы насихаттау керек.

Қоғамдық кеңес мүшелері қалалық білім бөлімімен бірлесе бірқатар жұмыстар атқарылғанын жеткізді. Мәселен, жаңа оқу жылы қарсаңында оқу орындарының жатақханалары тексеріліп, қысқа дайындық жұмыстары жанданғанын, кәсіпкерлермен бірлесе отырып «Мектепке жол» акциясының ұйымдастырылғанын айтты.

Елена Березинская-Абилованың айтуынша, «Шығыс — адалдық алаңы» жобалық кеңсесі аймағымызда 2018 жылдың қараша айынан жұмыс істейді.  Негізгі мақсаты – тұрмыстық жемқорлықты жою. Аталмыш жоба медициналық қызмет көрсету, білім беру, архитектура және құрылыс, жер қатынастары бөлімі, мемлекеттік кірістер басқармасы секілді мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлық фактілеріне байланысты азаматтардан ұсыныстар қабылдайды.

Сонымен қатар Елена Николаевна «Іскер әйелдер» өңірлік кеңесі жұмысы туралы да баяндады. Оның айтуынша, аталмыш кеңес республика көлемінде алдыңғы қатардан көрініп жүр.

— Іскер әйелдер кеңесінің мақсаты — кәсіпкер әйелдердің белсенділігін ынталандырып, әйелдер арасында кәсіпкерлікті дамыту, олардың нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру. ШҚО-дағы іскер әйелдер қауымдастығы республика кеңселері арасында атқарған қызметі жөнінен үшінші орында тұр. Өткен жылы біздің кеңсе «Nur Otan» партиясының ШҚО филиалынан 1 млн. теңге ұтып алды. Әйелдер қауымы мен студенттерге кеңес беру шараларын жиі ұйымдастырып тұрамыз,- дейді Е.Березинская-Абилова.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»

{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

13 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

17 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС