"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ӘУЕЖАЙДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ТАСЫМАЛ: «НҰР-СҰЛТАН – СЕМЕЙ»

08.10.2019
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Облыс әкімі Даниал Ахметовтің бастамасымен Семей әуежайы толықтай күрделі жөндеуден өтіп, қайта жаңғырғаны белгілі. Халықаралық талаптарға сай ұшақ алаңы еліміздегі әуе тасымалымен айналысатын бірегей компаниялардың назарын аударып, іскерлік байланыстарға жол ашылуда. Жаңарған Семей әуежайымен байланыс орнатуға отандық «FlyArystan» әуе компаниясы да ынта білдіріп, өткен жексенбіде елорда төрінен алғашқы жолаушыларды алып келді.

Соңғы жылдары қызмет сапасының жоғарылығымен танылып жүрген «FlyArystan» әуе компаниясының «Нұр-Сұлтан — Семей» бағытындағы алғашқы рейсі жексенбі күні түнгі сағат 21:10-да Семей әуежайына келіп қонды. Бұл бағытта енді 180 орындық заманауи «Airbus A320» әуе кемелері күнде қатынайтын болады.  Айта кетерлігі сол, алғашқы рейсінде-ақ жолаушылар залы толық болған. Осы тарихи оқиғаға орай, компания әуежайдың күту залында салтанатты шара ұйымдастырыпты. Ұшақтан түскен жолаушыларды асқақ әуенмен қошеметтеп қарсы алған компания өкілдерімен бірге республикалық және жергілікті БАҚ өкілдері де болды.

Нұр-Сұлтан қаласынан келген ұшақ Семей жеріне қонысымен, журналистер үшін арнайы баспасөз брифингі ұйымдастырылды. Қуанышты тарихи сәтке арнайы келген Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов әуежайға жиналған қала халқын құттықтап, ізгі лебізін білдірді.

— Барлықтарыңызды көптен күткен қуаныштарыңызбен құттықтаймын! — деді Ермак Бидахметұлы. –Бүгін, міне, Семейдегі автобус, темір жол қатынасы сияқты жолаушылар тасымалына заманауи талапқа сай әуе тасымалы да қосылып, қалааралық, халықаралық қатынастар жоғары деңгейге көтерілді. Осы орайда «FlyArystan» авиакомпаниясына да қала халқы атынан зор ризашылығымызды білдіреміз. Семей әуежайының күрделі жөндеуден өтіп, заман талабына сай болуы үшін, әр сапары барысында қатаң қадағалап, іске қосқан, халық игілігіне ұсынған облыс әкімі Даниал Ахметов екенін де сөз орайында айта кеткім келеді. Біз осы жаңа ғана ұшақтың салонын көріп келдік. Барлығы да өте тамаша, жолаушылар үшін қолайлы. Әрқашан сапарларыңыз сәтті болсын деп тілек білдіргім келеді, — деді Ермак Бидахметұлы жиналған көпшілік алдындағы құттықтау сөзінде.

Әуежайда ұйымдастырылған баспасөз мәслихаты барысында «Семей халықаралық әуежайы» ЖШС басқармасы төрағасы Серік Оразғалиев пен «FlyArystan» авиа-компаниясының маркетинг және сату бөлімінің директоры Жанар Жайлауова да өз тараптарынан ізгі тілек- ниеттерін білдіріп жатты.

Нұр-Сұлтандық мәртебелі мейман Жанар Жайлауованың айтуынша, халық игілігі үшін Семейден Нұр-Сұлтанға қатынайтын ұшақ билеттері төмен бағада сатылмақ. Егер алдын ала тапсырыс беріп қойса, билет құны бір бағытта шамамен 6 мың, 7 мың теңге көлемінде болады, яғни автобус бағасымен шамалас. Дегенмен, дәл ұшатын күні алса, билет бағасы көтеріледі. Бұл — еліміздегі барлық әуе компанияларына ортақ жағдай. Осы заңдылық аталмыш компанияның жолаушы тасымалы қызметінде де сақталатын болады. Тағы бір ескерте кетер жайт, жолаушылардың қол жүгі белгілі бір салмақтан артық болса, қосымша ақы алынады. Дегенмен ол үшін де алдын ала төлем жасалса, біршама арзанға түседі. Осы тұста «FlyArystan» өкілдері жолаушылардан flyarystan. com сайтында жарияланған тариф ережелерімен мұқият танысуды өтінеді. Ұшақ билетіне де аталған сайт арқылы онлайн түрде тапсырыс беруге болады.

Айта кетсек, бұл компания еліміздің Шымкент, Тараз, Павлодар сынды бірқатар шаһарларында да қызмет көрсетеді.

— Алматы қаласына да арнайы рейс ашу болашақтағы жоспарымызда бар. Бұл енді келешек уақыттың еншісінде. Тек жақсылықтан ғана үміт күтейік, — деді Жанар Жайлауова.

Ал алғашқы рейспен ұшып келген жолаушылар көрсетілген қызметтің сапасы аса жоғары екендігін айтады. Ұшақ салоны мейлінше жайлы, еуропалық сапа үлгісі байқалады, ұшып-қону барысында да қолайсыздықтар сезілмейді.

– Ең бастысы, «FlyArystan» компаниясының арқасында сенімді түрде сапарға шығып, алтын уақытымызды үнемдедік. Алдағы уақыттарда рейстер мен әуе бағыттары көбейсе, нұр үстіне нұр болар еді, — дейді ризашылық сезімін жасыра алмаған жолаушылардың бірі.

Әлібек КЕМЕЛХАН, «Семей таңы»{jcomments off}

 

 

Ұқсас жаңалықтар

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

08.11.2026
350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

Цифрлық отбасы картасы қазақстандықтардың табысын, мүлкін, көлігін және несие міндеттемелерін ескеріп, отбасыларды әлеуметтік әл-ауқатына қарай бес санатқа бөледі. Қазақстанда отбасының...

Толығырақ...Details

Мемлекет басқару ісіне қатысу – әр азаматтың конституциялық құқығы

08.11.2026
Мемлекет басқару ісіне қатысу – әр азаматтың конституциялық құқығы

Қазақстан Республикасының Конституциясы азаматтардың елдің қоғамдық-саяси өміріне араласуына және мемлекеттік шешімдер қабылдау үдерісіне қатысуына құқықтық негіз қалайды. Бұл құқық демократиялық...

Толығырақ...Details

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

06.11.2026
Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

Абай облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Нұртай Сабильянов пен Құрылтай депутаты Айрат Базенов бастаған делегация келді. Сапар аясында...

Толығырақ...Details

Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

06.11.2026
Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

Мемлекет басшысы құрған комиссия Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексерудің аралық қорытындыларын ұсынды. Тексеру қорғаныс ведомствосының 104 нысанын қамтыды....

Толығырақ...Details

Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

06.11.2026
Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

Абай облысында білім беру инфрақұрылымын дамыту, оқушы орындарының тапшылығын азайту және білім сапасын арттыру бағытында жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақытта өңірде...

Толығырақ...Details

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

05.11.2026
«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

Абай облысында жеке тұлғалардың жергілікті салықтар бойынша берешегі 557 млн теңгені құрайды. Берешекті азайту және өндіріп алу бағытында жүргізілген жұмыстардың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

19 часов бұрын

Мемлекет басқару ісіне қатысу – әр азаматтың конституциялық құқығы

20 часов бұрын

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

3 дня бұрын

Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

3 дня бұрын

Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

3 дня бұрын

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

4 дня бұрын

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

4 дня бұрын

Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

4 дня бұрын

ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

4 дня бұрын

МЕДАЛЬ МЕН МАҚТАН. БІЗГЕ АТАҚ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС