"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Жас ақындар тәуелсіздікті жырлайды

13.12.2013
Жас ақындар тәуелсіздікті жырлайды

Тағылымды тарихқа көз жүгіртер болсақ, Алтай мен Атырауға дейін ұласып жатқан ұланғайыр атырапты, кең жазиралы дархан даламызды, елімізді, жерімізді найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғаған хас батырлар мен шабысқанды сабасына түсіріп, адасқанды жөнге салатын, даудың бетін бері қайтаратын тілі өткір би-шешендеріміз аз болмаған. Сол бабаларымыз армандап кеткен егемендікке бүгінгі ұрпақ қол жеткізіп, осыдан 22 жыл бұрын тәуелсіздіктің таңы атқан еді. Бүгінде егеменді елдің ұрпақтары еркіндікті аңсаған бабалар салған сара жолдан таймай, елдіктің, ерліктің жайын жырлап, еркін көсілуде. Сәрсенбі күні қалалық мәдениет үйінде Халықтық ақындар орталығының ұйымдастыруымен ХVІІ «Тәуелсіздік таңы» атты аймақтық жас ақындар айтысы өтті.

 

Нұрдәулет КӘКІШЕВ,

«Семей таңы»

 

Дәстүрлі айтысқа шашасына шаң жұқпаған, от ауызды, орақ тілді 14 жас ақын топқа түсті. Әлішер Нұрабдоллаев пен Мекебай Нұреке айтысты бірінші болып бастаса, одан кейін Манарбек Сатыбалдин мен Жасұлан Мақаев, одан әрі Ерлан Дәулет пен Дәмір Әбенов, Нұрлан Бектібаев пен Қуаныш Нұржанов, Ардабек Ақбабаұлы мен Қуандық Кенжебекұлы, Серік Қуанған мен Назгүл Ыбраева және Рауан Серікхантегі мен Нұржан Жөкеновтер жалғады. Алаштың тарихынан бастап, бүгінгі тәуелсіздік жайын жырлаған арындаған жалынды жас ақындар ұшқыр ойлылықтарын танытты. Әрине, «Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ болмайды» дегендей айтыс барысында сөзден жаңылып, тақырыптан сәл ауытқыған жастар да болды. Алайда, алақанын аямай соққан көрерменнің қошеметін арқаланған ақындар бір-бірін төмендетуге жол бермеді. «Болар елдің баласы бірін-бірі батыр дер» дегенді арқау етіп, бір-бірін қолтығынан демеп отырды.

 

Айтысты тамашалауға еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін көп жиналды. Ал, тартысты айтысқа куә болған қалалық ішкі саясат бөлімі басшысының орынбасары Айдар Садырбаев, қалалық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Гүлжан Жақсыбайқызы, республикалық айтыстардың жеңімпазы, халықтық ақындар орталығының түлегі Нұржан Өмірбаев сынды қазылар алқасының мүшелері ақындардың бабын бағамдап, әділ бағаларын беріп отырды. Көзі қарақты көрермен, әсіресе, Манарбек пен Жасұланның, Нұрлан мен Қуаныштың, Ерлан мен Дәмірдің айтысын жоғары бағалады. Әділқазылардың берген ұпай саны бо-йынша ақтық сында Манарбек пен Ерлан айтысып, жұртшылықты ұшқыр ойларымен тәнті етті. Көрермендер де ақындардың делебесін қоздырып, атой салып, қошеметтерін аямай, қос құлынын қолдап отырды. Нәтижесінде Моңғолияның Баянөлгей өлкесінің атынан шыққан Ерлан Дәулет сәл басым болып, бас жүлдені қанжығаға байлады. Оған қазақтың қасиетті қара домбырасы сыйға берілді. Ал, бірінші орынды Манарбек Сатыбалдин, екінші орынды Серік Қуанған мен Назгүл Ыбраева жеңіп алса, Нұрлан Бектібаев пен Жасұлан Мақаев және Ардабек Ақбабаұлы үшінші орынға табан тіреді. Өзге де ақындар арнайы жүлдемен марапатталып, баршасына сыйлықтар табыс етілді. Сонымен қатар, дүбірлі доданың тізгінін ұстаған жүргізушілер Біржан Ахмер мен Назерке Қабаева және аталмыш айтыстың өтуіне атсалысқан бірқатар әншілер мақтау қағаздарымен марапатталды. Марапаттау барысында қалалық ішкі саясат бөлімі басшысының орынбасары Айдар Садырбаев сөз алып, тәуелсіздікті жырлаған жастарға шығармашылық жетістік тіледі. Жас ұрпақтың патриоттық сезімдерін арттырып, саналарына салмақты ой салып, жұртты жырымен сусындатқан жалынды жас ақындардың тұлпарларша дүбірлетуі қаймағы бұзылмаған қазақтың төл өнерін дәріптеп, талай ақынды қанаттандырып, шырақтарын жағып отырған халықтық ақындар орталығының ұстаздары Дәмеш Омарбаева мен Серік Молдабековтің еселі еңбектері екенін айта кеткен жөн болар. Жас ақындар жырға қосқандай тұғырлы Тә-уелсіздіктің ғұмыры ұзақ болғай!

Ұқсас жаңалықтар

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

«АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысында Мемлекет басшысының «Халықтық құрылыс» бастамасы және оны өңірде жүзеге асыру жолдары талқыланды. Отырыста Абай облысы...

Толығырақ...Details

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында инклюзивті білім беру мәселесіне назар аударылды. Бұл мәселе Абай облыстық «АйтClub» интеллектуалды клубының...

Толығырақ...Details

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

20.11.2026
Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

Абай облысында қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және өңірлік даму мәселелерін сарапшылармен бірге талқылауға арналған «АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысы өтті. Жаңа пікірталас...

Толығырақ...Details

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

19.11.2026
66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны 66-күнге жетті. Осы уақыт ішінде қатысушылар 1,5 миллионнан астам кітап оқыды. Қазір қатысушылар марафонның бесінші...

Толығырақ...Details

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

19.11.2026
Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген «Халықтық құрылыс» бастамасы, экономиканы әртараптандыру, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту және еңбек адамдарының әл-ауқатын арттыру мәселелері...

Толығырақ...Details

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

19.11.2026
«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

Қазақстанның ауқымды «Халықтық құрылыс» бағдарламасы шетелдік EU Reporter басылымындағы мақалаға арқау болды. «Құрылыс және тағы да құрылыс! Қазақстан инфрақұрылымды дамыту...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

2 часа бұрын

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

2 часа бұрын

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

2 часа бұрын

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

19 часов бұрын

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

19 часов бұрын

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

22 часа бұрын

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

23 часа бұрын

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

23 часа бұрын

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

2 дня бұрын

Камералдық бақылау нәтижесі бойынша жолданған хабарламаларды орындау тәртібі. Салық төлеушілер нені білуі қажет?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС