"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Жас ақындар тәуелсіздікті жырлайды

13.12.2013
Жас ақындар тәуелсіздікті жырлайды
17
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Тағылымды тарихқа көз жүгіртер болсақ, Алтай мен Атырауға дейін ұласып жатқан ұланғайыр атырапты, кең жазиралы дархан даламызды, елімізді, жерімізді найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғаған хас батырлар мен шабысқанды сабасына түсіріп, адасқанды жөнге салатын, даудың бетін бері қайтаратын тілі өткір би-шешендеріміз аз болмаған. Сол бабаларымыз армандап кеткен егемендікке бүгінгі ұрпақ қол жеткізіп, осыдан 22 жыл бұрын тәуелсіздіктің таңы атқан еді. Бүгінде егеменді елдің ұрпақтары еркіндікті аңсаған бабалар салған сара жолдан таймай, елдіктің, ерліктің жайын жырлап, еркін көсілуде. Сәрсенбі күні қалалық мәдениет үйінде Халықтық ақындар орталығының ұйымдастыруымен ХVІІ «Тәуелсіздік таңы» атты аймақтық жас ақындар айтысы өтті.

 

Нұрдәулет КӘКІШЕВ,

«Семей таңы»

 

Дәстүрлі айтысқа шашасына шаң жұқпаған, от ауызды, орақ тілді 14 жас ақын топқа түсті. Әлішер Нұрабдоллаев пен Мекебай Нұреке айтысты бірінші болып бастаса, одан кейін Манарбек Сатыбалдин мен Жасұлан Мақаев, одан әрі Ерлан Дәулет пен Дәмір Әбенов, Нұрлан Бектібаев пен Қуаныш Нұржанов, Ардабек Ақбабаұлы мен Қуандық Кенжебекұлы, Серік Қуанған мен Назгүл Ыбраева және Рауан Серікхантегі мен Нұржан Жөкеновтер жалғады. Алаштың тарихынан бастап, бүгінгі тәуелсіздік жайын жырлаған арындаған жалынды жас ақындар ұшқыр ойлылықтарын танытты. Әрине, «Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ болмайды» дегендей айтыс барысында сөзден жаңылып, тақырыптан сәл ауытқыған жастар да болды. Алайда, алақанын аямай соққан көрерменнің қошеметін арқаланған ақындар бір-бірін төмендетуге жол бермеді. «Болар елдің баласы бірін-бірі батыр дер» дегенді арқау етіп, бір-бірін қолтығынан демеп отырды.

 

Айтысты тамашалауға еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін көп жиналды. Ал, тартысты айтысқа куә болған қалалық ішкі саясат бөлімі басшысының орынбасары Айдар Садырбаев, қалалық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Гүлжан Жақсыбайқызы, республикалық айтыстардың жеңімпазы, халықтық ақындар орталығының түлегі Нұржан Өмірбаев сынды қазылар алқасының мүшелері ақындардың бабын бағамдап, әділ бағаларын беріп отырды. Көзі қарақты көрермен, әсіресе, Манарбек пен Жасұланның, Нұрлан мен Қуаныштың, Ерлан мен Дәмірдің айтысын жоғары бағалады. Әділқазылардың берген ұпай саны бо-йынша ақтық сында Манарбек пен Ерлан айтысып, жұртшылықты ұшқыр ойларымен тәнті етті. Көрермендер де ақындардың делебесін қоздырып, атой салып, қошеметтерін аямай, қос құлынын қолдап отырды. Нәтижесінде Моңғолияның Баянөлгей өлкесінің атынан шыққан Ерлан Дәулет сәл басым болып, бас жүлдені қанжығаға байлады. Оған қазақтың қасиетті қара домбырасы сыйға берілді. Ал, бірінші орынды Манарбек Сатыбалдин, екінші орынды Серік Қуанған мен Назгүл Ыбраева жеңіп алса, Нұрлан Бектібаев пен Жасұлан Мақаев және Ардабек Ақбабаұлы үшінші орынға табан тіреді. Өзге де ақындар арнайы жүлдемен марапатталып, баршасына сыйлықтар табыс етілді. Сонымен қатар, дүбірлі доданың тізгінін ұстаған жүргізушілер Біржан Ахмер мен Назерке Қабаева және аталмыш айтыстың өтуіне атсалысқан бірқатар әншілер мақтау қағаздарымен марапатталды. Марапаттау барысында қалалық ішкі саясат бөлімі басшысының орынбасары Айдар Садырбаев сөз алып, тәуелсіздікті жырлаған жастарға шығармашылық жетістік тіледі. Жас ұрпақтың патриоттық сезімдерін арттырып, саналарына салмақты ой салып, жұртты жырымен сусындатқан жалынды жас ақындардың тұлпарларша дүбірлетуі қаймағы бұзылмаған қазақтың төл өнерін дәріптеп, талай ақынды қанаттандырып, шырақтарын жағып отырған халықтық ақындар орталығының ұстаздары Дәмеш Омарбаева мен Серік Молдабековтің еселі еңбектері екенін айта кеткен жөн болар. Жас ақындар жырға қосқандай тұғырлы Тә-уелсіздіктің ғұмыры ұзақ болғай!

Ұқсас жаңалықтар

«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

10.09.2026
«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

Абай облысының Семей қаласында «Әділет» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының 20 белсенді волонтері «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында жалғызбасты ардагер Каримов...

Толығырақ...Details

БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

09.09.2026
БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

Бүгінгі университет үшін жасанды интеллектіні меңгеру – уақыт талабына сай болудың бір ғана шарты. Ал одан да маңызды мәселе –...

Толығырақ...Details

Абай облысында Тілдер күніне орай 231 іс-шара өткізіледі

04.09.2026
Абай облысында Тілдер күніне орай 231 іс-шара өткізіледі

Абай облысында Қазақстан халқының Тілдері күніне орай 4-5 қыркүйек күндері 231 іс-шара өткізу жоспарланған. Оның ішінде тұрғындардың қатысуымен өтетін 63...

Толығырақ...Details

Абай облысында балалар қауіпсіздігі бойынша 167 рейд өткізілді

03.09.2026
Абай облысында балалар қауіпсіздігі бойынша 167 рейд өткізілді

Абай облысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кәмелетке толмаған жасөспірімдер  арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Бұл...

Толығырақ...Details

Табиғатпен үндескен тәрбие: «Семей орманы» аумағында балаларға экологиялық экскурсия ұйымдастырылды

03.09.2026
Табиғатпен үндескен тәрбие: «Семей орманы» аумағында балаларға экологиялық экскурсия ұйымдастырылды

Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері орманда өзін дұрыс ұстау, табиғатты қорғау және қауіпсіздік талаптарын сақтау...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік кірістер департаментінің цифрландыру бағыты: мемлекеттік қызметтер жылдам әрі ыңғайлы бола түсуде

03.09.2026
Мемлекеттік кірістер департаментінің цифрландыру бағыты: мемлекеттік қызметтер жылдам әрі ыңғайлы бола түсуде

Абай облысында мемлекеттік қызметтерді цифрландыру жұмыстары белсенді түрде жалғасуда. Заманауи электрондық сервистер азаматтар мен бизнес өкілдеріне қажетті қызметтерді қашықтан алуға...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

11 часов бұрын

БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

2 дня бұрын

Абай облысында Тілдер күніне орай 231 іс-шара өткізіледі

7 дней бұрын

Абай облысында балалар қауіпсіздігі бойынша 167 рейд өткізілді

1 неделя бұрын

Табиғатпен үндескен тәрбие: «Семей орманы» аумағында балаларға экологиялық экскурсия ұйымдастырылды

1 неделя бұрын

Мемлекеттік кірістер департаментінің цифрландыру бағыты: мемлекеттік қызметтер жылдам әрі ыңғайлы бола түсуде

1 неделя бұрын

«22 наурызда босағама келді. Содан бері төрден орын алды»: Тауманның тағдыры – қазақтың тазыға деген құрметінің көрінісі

1 неделя бұрын

Кәсіпкер құқығын қорғау: нақты істер, жүйелі шешімдер

1 неделя бұрын

270.00 декларациясы: кім тапсыруы қажет және нені білу маңызды

1 неделя бұрын

Абай облысында Жалаңашкөл теміржол вокзалы пайдалануға берілді

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС