"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Қайнарда қазандықтар жаңартылып, 30 жылдан кейін алғашқы балабақша есік ашты

03.12.2025
Қайнарда қазандықтар жаңартылып, 30 жылдан кейін алғашқы балабақша есік ашты
31
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Жаңасемей ауданына қарасты Қайнар ауылына жұмыс сапарымен барып, бірқатар әлеуметтік нысандардың жай-күйімен танысты. Сапар барысында жылу қазандықтарының жаңартылуы, жаңа балабақшаның ашылуы және өрт сөндіру бекетінің жұмысы қаралды.

Қайнар ауылы облыс орталығынан шамамен 300 шақырым қашықтықта орналасқан. Аймақ басшысы ең алдымен Сапарғали Бегалин атындағы жалпы орта мектептің жылу қазандығын аралады. 1974 жылы салынған білім ордасы мектеппен қатар ауылдық әкімдік ғимаратын және мәдениет үйін жылумен қамтамасыз ететін орталық қазандыққа қосылған. Мұнда қуаты әртүрлі төрт қазандық орнатылған, соның екеуі биыл толық жаңартылды.

Бұған дейін, шамамен жеті ай бұрын, облыс әкімі Қайнар ауылына арнайы келіп, қазандықтың тозғанын көріп, әкімдік тарапынан қолдау көрсетілетінін айтқан еді.

– Облыс әкімінің сәуір айында Қайнарға жасаған сапарынан кейін ұзақ жанатын жаңа пештер орнатылды. Қазір мектеп те, өзге мекемелер де толыққанды жылумен қамтылып отыр. Қиындықтың бәрі артта қалды. Мектеп ұжымы мен ауыл тұрғындары атынан аймақ басшысына алғысымызды білдіреміз, – деді Сапарғали Бегалин атындағы орта мектеп директоры Маржан Жақыпова.

Сапар аясында Берік Уәли «Айриза» балабақшасының жұмысымен де танысты. 50 орынға есептелген шағын орталық екі топтан тұрады. Балабақша Қараөлең ауылдық округі әкімдігінің жалпы аумағы 500 шаршы метр болатын ғимаратын жалға алып отыр. Жылыту жүйесі мектеп пен мәдениет үйімен бірге орталықтандырылған.

«Айриза» балабақшасы – Қайнар ауылының тумасы Перизат Бағдатқызының жеке бастамасының нәтижесі. Мұнда балалардың тәрбие мен білім алуына барлық жағдай жасалған. Әр топ жас ерекшелігіне сәйкес жабдықталған, жатын бөлмелер бейнебақылау жүйесімен қамтылған. Аулада кең және тартымды ойын алаңы бар. Балабақша толық жұмыс режиміне көшкен соң балалар күніне үш рет тамақтанады, таза ауада серуендейді, құм терапиясы, дамытушы ойындар, театрландырылған қойылымдар мен түрлі тәрбиелік шаралар ұйымдастырылады. Ұжымда тәжірибелі педагогтар, медицина қызметкері және қосымша мамандарды қоса алғанда, 15 адам еңбек ететін болады.

Облыс әкімі мектепке дейінгі тәрбие нысанының шалғайдағы ауыл үшін ерекше маңызды екенін атап өтті.

– Қайнар ауылында 1996 жылдан бері алғаш рет балабақша ашылып отыр. Ғимарат жарық, кең, әдемі, бүлдіршіндер үшін барлық жағдай қарастырылған. Мемлекеттік тапсырыс аясында әкімдік тарапынан тиісті қолдау көрсетілетін болады, – деді Берік Уәли.

Сонымен қатар аймақ басшысы елді мекендегі өрт сөндіру бекетінің жұмысын көрді. Жақында қайта жаңғыртудан өткен ғимаратта қазіргі кезде бес қызметкер жұмыс істейді. Өрт сөндіру постының қызмет көрсету аумағына Қайнар ауылы, Қараөлең бөлімшесі және 30-дан астам шаруа қожалығы кіреді. Жалпы 350 үй мен 1 398 тұрғын осы бекеттің қорғауында.

Посттың қорғауындағы маңызды әлеуметтік нысандар қатарында дәрігерлік амбулатория, мектеп, балабақша және жергілікті атқарушы орган ғимараттары бар. Өрт сөндіру бекетінің тактикалық мүмкіндіктері тұрмыстық және дала өрттерін сөндіру кезінде төтенше жағдайлар департаментінің негізгі күштері мен техникасын сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Нысан электр желісіне қосылған, ұзақ жанатын қазандық арқылы жылытылады. Қайнар ауылының аумағында су алуға арналған төрт өрт гидранты орнатылған.

Сапар қорытындысында облыс әкімі бұрынғы аудан орталығы Қайнардың әлеуеті жоғары елді мекен екенін атап өтіп, ауылды дамытуға бағытталған жобалар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатынын айтты.

Қайнарда қазандықтар жаңартылып, 30 жылдан кейін алғашқы балабақша есік ашты

Қайнарда қазандықтар жаңартылып, 30 жылдан кейін алғашқы балабақша есік ашты Қайнарда қазандықтар жаңартылып, 30 жылдан кейін алғашқы балабақша есік ашты Қайнарда қазандықтар жаңартылып, 30 жылдан кейін алғашқы балабақша есік ашты Қайнарда қазандықтар жаңартылып, 30 жылдан кейін алғашқы балабақша есік ашты Қайнарда қазандықтар жаңартылып, 30 жылдан кейін алғашқы балабақша есік ашты Қайнарда қазандықтар жаңартылып, 30 жылдан кейін алғашқы балабақша есік ашты

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

11.09.2026
42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

Кейде адамды қолына қалам алуға жеке басынан өткен жағдай мәжбүрлейді. Бұл мақаланы жазуыма да сондай жағдай түрткі болды. 23 тамызда...

Толығырақ...Details

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

10.09.2026
Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

Бүгін, 2026 жылғы 9 қыркүйекте Alikhan Bokeikhan University және М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледж базасында цифрлық сауаттылықты арттыруға және кибермәдениетті...

Толығырақ...Details

«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

10.09.2026
«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

Абай облысының Семей қаласында «Әділет» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының 20 белсенді волонтері «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында жалғызбасты ардагер Каримов...

Толығырақ...Details

БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

09.09.2026
БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

Бүгінгі университет үшін жасанды интеллектіні меңгеру – уақыт талабына сай болудың бір ғана шарты. Ал одан да маңызды мәселе –...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 дня бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

4 дня бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

6 дней бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

6 дней бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

6 дней бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

1 неделя бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

1 неделя бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

1 неделя бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

1 неделя бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС