"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Алғабаста 110 адамға арналған жаңа спорт кешені іске қосылды

03.12.2025
Алғабаста 110 адамға арналған жаңа спорт кешені іске қосылды
24
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Semeytany.kz — Жаңасемей ауданының Алғабас ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылып, оның салтанатты рәсіміне Абай облысының әкімі Берік Уәли қатысты.

Салтанатты шарада аймақ басшысы ауыл тұрғындарын жаңа нысанның іске қосылуымен құттықтап, спорт инфрақұрылымын дамытудың өңір үшін маңызын атап өтті. Ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халықтың саулығы – мемлекеттің басты байлығы. Спорт – ұлт денсаулығының негізі» деген сөзін келтіре отырып, бұқаралық спортты өрістету кәсіби спорттың дамуына да, ұлт саулығын нығайтуға да серпін беретінін айтты. Облыс әкімі жаңа кешен ауыл тұрғындарының денсаулығын жақсартуға, балалар мен жастардың спортқа қызығушылығын арттыруға және бос уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Алғабас ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені оффтейк келісімі аясында салынған. Құрылысы 2024 жылы басталып, биыл толық аяқталды. Ғимараттың жалпы аумағы 888,5 шаршы метрді құрайды, бір уақытта 110 адамға дейін қабылдай алады. Қазіргі таңда Алғабас ауылында 883 тұрғын бар, оның 210-ы – мектеп оқушылары, ал 9-16 жас аралығындағы балалар саны – 96. Жаңа кешенде волейбол және баскетбол үйірмелерін жүргізетін жаттықтырушылар штатын жасақтау жұмыстары басталды.

Шара барысында облыс әкімі ауылға Газель автокөлігінің кілтін табыстады. Кешеннің ашылуына орай Алғабаста волейболдан жарыс ұйымдастырылып, Берік Уәли спортшылармен кездесіп, оларға сәттілік тіледі.

Бүгінде Абай облысында 610 спорт нысаны жұмыс істейді, спортпен жүйелі түрде шұғылданатын азаматтардың саны жыл сайын артып келеді. 2023 жылы ұлттық құрама сапына 286 спортшы енсе, 2024 жылы бұл көрсеткіш 453-ке, ал биыл 474 спортшыға дейін өскен. Облыс спортшылары соңғы жылдары Азия және әлем чемпионаттарында, Әлем кубогында және көшпенділер ойындарында 276 медаль жеңіп алған.

Соңғы жылдары өңірде спорттық инфрақұрылымды дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. 2023 жылдан бері облыс аумағында 10 спорт нысанының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Қазіргі уақытта тағы 20 спорт нысанының құрылысы жүріп жатыр. «Туған жерге туыңды тік» инвестициялық форумы аясында Семей қаласы әкімдігі мен «KAZ Minerals» ЖШС арасында 25 мың көрерменге арналған жаңа стадион салу туралы меморандум жасалды. Сонымен қатар «Абайға құрмет» акциясы шеңберінде Павлодар облысы Үстел теннисі орталығын, Атырау облысы Мұз сарайын, ал Ақтөбе облысы Жекпе-жек сарайын салуды жоспарлап отыр.

Алғабаста 110 адамға арналған жаңа спорт кешені іске қосылды Алғабаста 110 адамға арналған жаңа спорт кешені іске қосылды Алғабаста 110 адамға арналған жаңа спорт кешені іске қосылды Алғабаста 110 адамға арналған жаңа спорт кешені іске қосылды Алғабаста 110 адамға арналған жаңа спорт кешені іске қосылды Алғабаста 110 адамға арналған жаңа спорт кешені іске қосылды Алғабаста 110 адамға арналған жаңа спорт кешені іске қосылды Алғабаста 110 адамға арналған жаңа спорт кешені іске қосылды

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 недели бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 недели бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 недели бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

3 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

3 недели бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

3 недели бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

3 недели бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

3 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС