"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Берік Уәли Қайнарда Жаңасемей ауданының даму мәселелерін талқылады

03.12.2025
Берік Уәли Қайнарда Жаңасемей ауданының даму мәселелерін талқылады
28
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Semeytany.kz — Абай облысының әкімі Берік Уәли Жаңасемей ауданының Қайнар ауылында тұрғындармен кездесіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, шешімін күткен мәселелер және алдағы жоспарлар туралы айтты. Жиынға ауданның ауылдық округтерінен келген тұрғындар қатысып, өз ұсыныс-пікірлерін жеткізуге мүмкіндік алды.

Кездесудің басында Жаңасемей ауданының әкімі Нұржан Әбдікәрімов 2024-2025 жылдардағы негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге тоқталып, атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Жаңасемей – мал және егін шаруашылығына бейім аудан. Биыл мұнда 14,9 мың гектар алқапта егін жиналды. Әсіресе картоп, көкөніс және бақша дақылдарына сұраныс жоғары. Аудан көкөніс өсіру бойынша облыстағы тірек аумақтардың бірі саналады. Облыс көлемінде ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту бағытында 451 техника сатып алынса, «Кең дала – 2» бағдарламасы аясында өңір шаруаларына 9,5 млрд теңге жеңілдетілген несие берілген, оның 578 млн теңгесін жаңасемейлік диқандар игерді.

Ауданда құны 46,7 млрд теңгені құрайтын 6 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Бұл жобалар ауыл шаруашылығы өнімдерін көбейтуге, жаңа жұмыс орындарын ашуға және өңдеу саласын дамытуға мүмкіндік береді. Жаңасемей аумағында 6,8 мың гектар жерге су үнемдеу технологиясы енгізілген. 2031 жылға дейін облыста осындай алқаптарды 88,2 мың гектарға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар ауданда қуаттылығы жылына 11,4 мың тонна ет өндіретін ірі ет комбинатының құрылысы жүріп жатыр. Инвестор 5000 басқа арналған бордақылау алаңын салуды да жоспарлауда.

Облыс көлемінде биыл инвестициялық жобалар саны 29-дан 97-ге өсті. Инвестиция көлемі 2,2 трлн теңгеден 3,5 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Жыл соңына дейін барлығы 14 жоба іске қосылмақ. Жаңасемей ауданы бойынша жалпы құны 110,7 млрд теңгеге тең, 1 200 жаңа жұмыс орнын құруды көздейтін 9 жобаны жүзеге асыру жоспарланған.

Инженерлік инфрақұрылымды жаңарту бағытында да жұмыстар жүргізілуде. Облыс бойынша биыл 12 жылу көзі жаңартылып, 13,6 шақырым жылу құбыры ауыстырылды. Жаңасемей ауданының бірқатар ауылдарында жаңа су жүйелері салынып, ескі құбырлар кезең-кезеңімен жаңартылып жатыр. Қайнар және Алғабас ауылдарында орталық қазандықтар ауыстырылып, тұрғындардың жылу мәселесін тұрақты шешуге мүмкіндік жасалды.

Білім беру мен денсаулық сақтау саласы да назардан тыс қалған жоқ. Биыл Жаңасемейдің Приречный және Түрксіб мектептері күрделі жөндеуден өтті. Сонымен қатар 13 мектепке ағымдағы жөндеу жүргізілді. Оқу орындарына жаңа пән кабинеттері, жиһаздар, сондай-ақ оқушыларды тасымалдауға арналған автобустар сатып алынды. Абыралы аудандық ауруханасына стоматологиялық құрал-жабдық алынса, Жаңасемей ауданында 14 медициналық пункт салуға жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр.

Кездесу соңында облыс әкімі Берік Уәли тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, қойылған сұрақтарға жауап берді. Аймақ басшысы Қайнар ауылындағы Мәдениет үйіне жақын уақытта музыкалық аппарат пен LED-экран жеткізілетінін атап өтті.

– Аудан тұрғындарымен кездесуді бұрынғы аудан орталығы болған, Семейден 300 шақырым жерде орналасқан Қайнар ауылында өткізуді жөн деп шештік. Абыралы өңіріне бұған дейін арнайы келіп, әлеуметтік нысандарды аралап, ауылдардың тыныс-тіршілігімен таныстым. Жаңадан құрылған ауданның жағдайын, тұрғындарды алаңдататын өзекті мәселелерді жақсы білемін. Жол, ауыз су, жарықтандыру сияқты проблемалар кезең-кезеңімен шешілетін болады, – деді облыс әкімі.

Абыралы өңірінің тұрғындары аймақ басшысына ауылдарға көрсетіліп жатқан қолдау үшін алғыс білдірді.

– Абыралы ауданы таратылған 1997 жылдан бері мұндай деңгейдегі жиын болмаған шығар. Бүгін ауруханаға он жаңа компьютер келді, тағы басқа да жаңа жабдықтар беріледі деп естіп, қуанып жатырмыз. Мектептерге жаңа қазандықтар орнатуға көмектестіңіз. Қиыр жайлап, шет қонған өңірімізді назардан тыс қалдырмағаныңыз үшін тұрғындар атынан алғыс айтамыз, – деді Қайнар ауылының тұрғындары.

Берік Уәли Қайнарда Жаңасемей ауданының даму мәселелерін талқылады Берік Уәли Қайнарда Жаңасемей ауданының даму мәселелерін талқылады Берік Уәли Қайнарда Жаңасемей ауданының даму мәселелерін талқылады Берік Уәли Қайнарда Жаңасемей ауданының даму мәселелерін талқылады Берік Уәли Қайнарда Жаңасемей ауданының даму мәселелерін талқылады Берік Уәли Қайнарда Жаңасемей ауданының даму мәселелерін талқылады

Мақалада: Берік Уәли Қайнарда Жаңасемей ауданының даму мәселелерін талқылады

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет басшысы Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференцияда сөйлеген сөзінің толық мәтіні

17.07.2026
Мемлекет басшысы Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференцияда сөйлеген сөзінің толық мәтіні

Ақорда Мемлекет басшысы Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференцияда сөйлеген сөзінің толық мәтінін жариялады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясының...

Толығырақ...Details

Берік Уәли кеңейтілген аппараттық кеңесте қоғамдық қауіпсіздік пен экология мәселелерін талқылады

13.07.2026
Берік Уәли кеңейтілген аппараттық кеңесте қоғамдық қауіпсіздік пен экология мәселелерін талқылады

Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске...

Толығырақ...Details

Біз қарқынды дамудың даңғыл жолына түсеміз – Мемлекет басшысы

01.07.2026
КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАР: ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА БАСТАР ЖОЛ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанның Жаңа Конституциясының күшіне енуіне орай үндеуі   Құрметті отандастар!   Жаңа Конституциямыздың заңды күшіне енуі...

Толығырақ...Details

Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтағы үш нысанның құрылысы басталды

24.06.2026
Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтағы үш нысанның құрылысы басталды

Semeitany.kz – Семей қаласында салынып жатқан жаңа әкімшілік-іскерлік орталық аумағында бірден үш маңызды нысанның құрылысы басталды. Құрылыс алаңдарын аралаған Абай...

Толығырақ...Details

Бейбітшілік аралындағы тарихи кешен жаңартылып, жаңа қоғамдық кеңістікке айналуда

03.06.2026
Бейбітшілік аралындағы тарихи кешен жаңартылып, жаңа қоғамдық кеңістікке айналуда

Semeytany.kz – Семей қаласындағы Бейбітшілік аралында орналасқан «Өлімнен де күшті» монументі мен оған іргелес аумақты қайта жаңғырту жұмыстары толық аяқталды....

Толығырақ...Details

Абай облысында тұрғын үй және әлеуметтік нысандардың құрылысы қарқынды жүргізілуде

12.05.2026
Абай облысында тұрғын үй және әлеуметтік нысандардың құрылысы қарқынды жүргізілуде

Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында тұрғын үй және әлеуметтік нысандардағы құрылыс-монтаж жұмыстары мен жобалық-сметалық...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Дәл барлау – дәл соққының кепілі

2 дня бұрын

Абай облысында жол ережесін бұзудың 2200-ден астам дерегі анықталды

2 дня бұрын

Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Конституциялық заңының 40-бабының тәртібінде ҮНДЕУ

2 дня бұрын

Қазақстандық қоғамдық даму институты 2026 жылғы 8-20 шілде аралығында еліміздің барлық өңірлерінде – 17 облыста, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 1200 респондент арасында телефон арқылы сауалнама жүргізді

2 дня бұрын

Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Конституциялық заңының 40-бабының тәртібінде

2 дня бұрын

КОНСТИТУЦИЯ – ҚАҒАЗДАҒЫ ЗАҢ ҒАНА ЕМЕС, ӨМІР СҮРУ МӘДЕНИЕТІ

2 дня бұрын

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЖАҢА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ МӘДЕНИЕТІ

2 дня бұрын

АДАЛ АЗАМАТ – ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТІРЕГІ

2 дня бұрын

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР КҮШЕЙТІЛДІ

2 дня бұрын

Семейдегі сауда нысандары жаңарып жатыр: облыс әкімі тапсырмалардың орындалуын тексерді

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС