"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Абай облысында 338 зардап шеккен халықты қабылдау пункті жұмыс істейді

03.12.2025
Абай облысында 338 зардап шеккен халықты қабылдау пункті жұмыс істейді
8
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Аймақ тұрғындарын ықтимал төтенше жағдайлар кезінде қауіпсіз аймаққа көшіру және уақытша орналастыруды қамтамасыз ету мақсатында өңірде жүйелі дайындық жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында ТЖД Азаматтық қорғау басқармасының бастығы Димаш Асқаров баяндады.

— Қала және аудан әкімдерінің өкімдерімен жалпы сыйымдылығы 81 766 адамды қамтитын 338 зардап шеккен халықты қабылдау пункті (ЗХҚП) айқындалды, оның ішінде Семей қаласында – 81, Курчатовта – 11, Аягөзде – 39, Ақсуатта – 39, Үржарда – 18, Абай ауданында – 11, Көкпектеде – 22, Жаңасемейде – 18, Жармада – 23, Бесқарағайда – 28, Мақаншыда – 20 және Бородулихада – 28 пункт белгіленген. Қазіргі уақытта осы пункттердің 242-сі генераторлармен, төсек-орындармен, жиналмалы кереуеттермен және өзге де қажетті жабдықтармен толық қамтамасыз етіліп, пайдалануға дайын, ал қалған 96 пункт дайындық сатысында, — деп атап өтті спикер.

Төтенше жағдайлар туындаған кезде халықты жедел қабылдау және орналастыруды ұйымдастыру мақсатында бұл мәселелер облыстық эвакуациялық комиссияның, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссияның отырыстарында қаралып, проблемалық аспектілерді шешу бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Бұл туралы Азаматтық қорғау тобының аға офицері Темірлан Амантаев кеңінен тарқатты.

— ТЖД қызметкерлері нақты Пункттерге бекітілген мекенжайлар бойынша халықты бөлу тізбесін әзірледі. Бұл төтенше жағдайда азаматтарды реттелген және уақтылы орналастыруға мүмкіндік береді. Халықтың ақпаратқа қолжетімділігін арттыру үшін Пункттердің орналасқан жері және оларға апаратын ең қысқа бағыттар «Яндекс Карты» және «2GIS» платформаларына енгізілді. Аталған деректер интернет-порталдарда, әлеуметтік желілерде, сондай-ақ Төтенше жағдай басқармалары мен қала, аудан әкімдіктерінің ресми сайттарында жарияланды, — деді аға офицер.

Сонымен қатар, ТЖД қызметкерлері Семей қаласының Қарағайлы шағын ауданында тұрғын үйлерді аралап, жер сілкінісі кезіндегі іс-қимыл ережелерін түсіндіріп, жақын маңдағы зардап шеккен халықты қабылдау пункттерінің орналасуын арнайы қосымшалар арқылы көрсетті.

Көпқабатты үйлердің кіреберіс алаңдарына Пункттерге баратын бағыттарды көрсететін ақпараттық тақтайшалар орнату жөнінде қала және аудан әкімдіктеріне хат жолданып, бұл мәселе облыстық эвакуациялық комиссия отырысында да қаралды.

Ұқсас жаңалықтар

«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

10.09.2026
«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

Абай облысының Семей қаласында «Әділет» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының 20 белсенді волонтері «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында жалғызбасты ардагер Каримов...

Толығырақ...Details

БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

09.09.2026
БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

Бүгінгі университет үшін жасанды интеллектіні меңгеру – уақыт талабына сай болудың бір ғана шарты. Ал одан да маңызды мәселе –...

Толығырақ...Details

Абай облысында Тілдер күніне орай 231 іс-шара өткізіледі

04.09.2026
Абай облысында Тілдер күніне орай 231 іс-шара өткізіледі

Абай облысында Қазақстан халқының Тілдері күніне орай 4-5 қыркүйек күндері 231 іс-шара өткізу жоспарланған. Оның ішінде тұрғындардың қатысуымен өтетін 63...

Толығырақ...Details

Абай облысында балалар қауіпсіздігі бойынша 167 рейд өткізілді

03.09.2026
Абай облысында балалар қауіпсіздігі бойынша 167 рейд өткізілді

Абай облысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кәмелетке толмаған жасөспірімдер  арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Бұл...

Толығырақ...Details

Табиғатпен үндескен тәрбие: «Семей орманы» аумағында балаларға экологиялық экскурсия ұйымдастырылды

03.09.2026
Табиғатпен үндескен тәрбие: «Семей орманы» аумағында балаларға экологиялық экскурсия ұйымдастырылды

Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері орманда өзін дұрыс ұстау, табиғатты қорғау және қауіпсіздік талаптарын сақтау...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік кірістер департаментінің цифрландыру бағыты: мемлекеттік қызметтер жылдам әрі ыңғайлы бола түсуде

03.09.2026
Мемлекеттік кірістер департаментінің цифрландыру бағыты: мемлекеттік қызметтер жылдам әрі ыңғайлы бола түсуде

Абай облысында мемлекеттік қызметтерді цифрландыру жұмыстары белсенді түрде жалғасуда. Заманауи электрондық сервистер азаматтар мен бизнес өкілдеріне қажетті қызметтерді қашықтан алуға...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

2 дня бұрын

БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

3 дня бұрын

Абай облысында Тілдер күніне орай 231 іс-шара өткізіледі

1 неделя бұрын

Абай облысында балалар қауіпсіздігі бойынша 167 рейд өткізілді

1 неделя бұрын

Табиғатпен үндескен тәрбие: «Семей орманы» аумағында балаларға экологиялық экскурсия ұйымдастырылды

1 неделя бұрын

Мемлекеттік кірістер департаментінің цифрландыру бағыты: мемлекеттік қызметтер жылдам әрі ыңғайлы бола түсуде

1 неделя бұрын

«22 наурызда босағама келді. Содан бері төрден орын алды»: Тауманның тағдыры – қазақтың тазыға деген құрметінің көрінісі

1 неделя бұрын

Кәсіпкер құқығын қорғау: нақты істер, жүйелі шешімдер

1 неделя бұрын

270.00 декларациясы: кім тапсыруы қажет және нені білу маңызды

2 недели бұрын

Абай облысында Жалаңашкөл теміржол вокзалы пайдалануға берілді

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС