"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚАЛА ӘКІМІ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

18.10.2019
0
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Сейсенбі, 15 қазан күні «Nur Otan» партиясының Семей қалалық филиалында қала әкімі Ермак Сәлімов азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады.

«Nur Otan» партиясы Семей қалалық филиалы төрағасы бұл жолы он үш адамды қабылдап, сауалдарына жауап берді. Тұрғындар әртүрлі әлеуметтік мәселелерді қозғады.

Қабылдауға келген Мақсат Құсатаев қаладағы медициналық қызмет көрсету сапасының төмендігін айтып, дәрігерлердің жетіспеушілігі мәселесін жеткізді.

— Семейде медициналық қызмет көрсету сапасы төмен. Оның үстіне дәрігерлер жетіспейді. Гастроэнтеролог қабылдауына жазылу үшін он күн күттім. Мен жалғыз өзімнің емес, қала тұрғындарының жанайқайын жеткізіп отырмын. Жаңа құрал-жабдықтар алынып жатқанымен, соны игере алатын мамандар аз. Қалалық мәслихат депутаттары, қоғам белсенділері, қалалық әкімдік бірлесе отырып дәрігер тапшылығы мәселесін ретке келтірейік, — деді Мақсат Құсатаев. Азаматтың сауалына жауап берген шаһар басшысы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысын жуырда Семейге шақырып, халықпен кездесу өткізетінін айтты.

— Бүгін облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысына жолығып, Семейге келуін өтінемін. Халықпен, қоғам белсенділерімен кездесу өткізіп, медициналық қызмет көрсету сапасын талқылайтын болады. Сол кезде сізді де шақырамыз,- деді қала әкімі.

Сонымен қатар қабылдауға келген тұрғын ерлердің зейнетке шығу жасын қысқарту туралы өтінішін де жеткізді.

— Мен өзім Абай ауданының тумасымын. Сынақ аймағында дүниеге келген соң ба, жерлестерімнің көбі зейнет жасына жетпей дүние салды. Сондықтан ерлердің зейнетке шығу жасын қысқарту керек деп ойлаймын,- деді ол.

Бұл сұраққа жауап берген сала маманы Семей ядролық полигонының жоғары радиациялық қаупі бар аймақтарында бес жылдан артық тұрған әйелдер 45 жаста, ерлер 50 жаста зейнетке шығатынын айтты.

Мақсат Серікқалиұлы қала-дағы көмір тапшылығын да қозғады. Оның айтуынша, көмір сататын орындарда қатты отынға кезек қалың.

— Биыл, өткен жылдағыдай емес, көмір кезегі көп болмайды. Біз көмір таситын вагондар санын көбейттік. Бірақ көмір бизнесімен айналысушылардың күніне бірнеше мәрте келуі жағдайды ушықтырып отыр. Сондықтан 72-квартал ауданындағы көмір сататын орынды қала тұрғындары үшін дайындадық,- деді Е.Сәлімов.

Әкім қабылдауына жазылған Сәбит Темірханов та қаладағы медициналық қызмет көрсету сапасына көңілі толмайтынын білдірді. Айтуынша, оның ұлы Сабыр Серіккәрімовке семейлік дәрігерлер үш ай бойы қажетті ем-дом тағайындамаған. Жолдамамен Нұр-Сұлтан қаласына барғанда ғана елордалық дәрігерлер оны шұғыл түрде емдеген. Осыны айтқан Сәбит Темірханов қалалық денсаулық сақтау бөлімінің, медицина қызметкерлерінің сал-ғырттығына наразылық білдірді.

Шаһар басшысы ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының Семей қаласы бойынша орынбасары Гүлнар Шәріповаға Сабыр Серік-кәрімовтің жағдайын бақылауға алуды тапсырды.

Қабылдауға келген көпбалалы ана Марал Жүнісованың Шақаман кентінен үй алуға жәрдесу туралы өтініші де қаралатын болды.

Ермак Бидахметұлы қабыл-дауға келген өзге де тұрғындардың сауалдарын тыңдап, тиісті сала мамандарына тапсырмалар берді.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Семейде ұлттық ойындардан зияткерлік-спорттық сайыс өтті

01.10.2026
Семейде ұлттық ойындардан зияткерлік-спорттық сайыс өтті

Ұлттық ойындар – ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан мәдени мұра ғана емес, адамның ойлау қабілетін, зейінін, сабырлылығы мен тапқырлығын дамытатын...

Толығырақ...Details

Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

01.10.2026
Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

Мектеп дәлізіндегі жайқалған гүлдер, апельсин мен мандарин көшеттері, су айдындарын тазартуға арналған роботтардың үлгілері – Бесқарағай ауданындағы №1 орта мектеп...

Толығырақ...Details

Борышты өндіріп алуда не өзгереді?

01.10.2026
Борышты өндіріп алуда не өзгереді?

Қазақстанда атқарушылық өндіріс саласына енгізілген жаңа өзгерістер борышты өндіріп алу тәртібін жетілдіріп қана қоймай, азаматтардың құқықтарын қорғауға да бағытталып отыр....

Толығырақ...Details

Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

30.09.2026
Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

Абай облысында туризм және спорт салаларын дамытуға бағытталған бірқатар жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы облыс тұрғындарымен кездесуде Туризм және...

Толығырақ...Details

Абай облысының туристік әлеуеті бір алаңда таныстырылды

30.09.2026
Абай облысының туристік әлеуеті бір алаңда таныстырылды

Абай облысында Дүниежүзілік туризм күніне орай «Бір күн – бір алаң» атты ауқымды шара өтті. Онда өңірдің 12 ауданы мен...

Толығырақ...Details

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

30.09.2026
Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жұмыстар атқарылып, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым, кәсіпкерлік, әлеуметтік сала және туризм бағыттарында жобалар жүзеге асырылуда....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде ұлттық ойындардан зияткерлік-спорттық сайыс өтті

9 часов бұрын

Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

10 часов бұрын

Борышты өндіріп алуда не өзгереді?

10 часов бұрын

Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

1 день бұрын

Абай облысының туристік әлеуеті бір алаңда таныстырылды

1 день бұрын

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

1 день бұрын

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 недели бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 недели бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС