"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ӘНШІГЕ ЕСКЕРТКІШ ТАҚТА ҚОЙЫЛДЫ

18.10.2019
8
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

16 қазан, сейсенбі күні Жәнібек Кәрменов көшесіндегі 34 «А» үйінің қабырғасына ескерткіш тақта ілінді. Ескерткіш тақтаның ашылу салтанатына әншінің жары Тұрар Тұрсынханова, Ж.Кәрменовтің жан досы — абайтанушы, алаштанушы Тұрсын Жұртбай және зиялы қауым өкілдері мен қала тұрғындары қатысты.

 

Семей қаласы әкімдігінің шешімімен Ленинград көшесіне 1993 жылы әнші, жазушы, ҚазКСР еңбек сіңірген әртісі Жәнібек Кәрменовтің есімі берілген болатын. Араға жиырма алты жыл салып, әншінің 70 жылдық мерейтойына орай, әншінің атындағы көшеге ескерткіш тақта орнатылды.

 

— Биыл дәстүрлі әннің дарабозы, әнші, жазушы, өнертанушы Жәнібек Кәрменовтің туғанына 70 жыл толып отыр. Талантты ағамыз небәрі 43 жасында өмірден озған. Талантты өнер иесінің есімін ұлықтау мақсатында биыл еліміздің әр өңірінде түрлі шаралар өткізілуде. Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен бүгін Семейде ескерткіш тақта ашылуда,- дейді қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Назерке Аққожина.

Ескерткіш тақтаны салтанатты ашу рәсімін әншінің жары Тұрар Байменқызы мен жазушы Тұрсын Жұртбай, еңбек ардагері Нәсен Сембаев пен қалалық мәслихат хатшысы Бейсенбек Ақжалов жасап, Жәнібек Кәрменов жайлы жылы естеліктерімен бөлісті.

— Жәнібекті еске алып, ұлықтап жатқан халыққа алғысымыз шексіз. Жәнібектің өмірден озғанына биыл 27 жыл толды. Көзден кетсе де, көңілден кеткен жоқ. «Уақыт – емші» дегенмен, жыл өткен сайын жүрек жарасы ұлғайып келеді. Дегенмен осы күнімізге де шүкір айтамын. Артында екі ұлы мен бір қызы қалды. Олардан тараған үш жиен мен үш немереміз бар, — дейді әншінің жары Тұрар Тұрсынханова.

Ескерткіш тақтаның ашылуынан кейін Жәнібек Кәрменовтің рухына бағышталып ас берілді.

Ал осы күні кешке Абай театрында Жәнібек Кәрменов атындағы «Алаштан ән оздырған» атты республикалық дәстүрлі әншілер фестивалі өтті. Фестивальда Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Көкшетау, Павлодар, Талдықорған қалаларынан және аймағымыздың барлық аудандарынан келген отыз бір дәстүрлі әнші өнер көрсетті. Олардың арасында ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері — Еркін Шүкіман, Гүлмира Сарина, Ерлан Рысқали, Жақсыгелді Кемалов, республикалық дәстүрлі әншілер байқауларының лауреаты Тельман Нұртай, Нұржан Жанпейісов, т.б. әншілер бар.

Айта кетейік, Жәнібек Кәрменов 1949 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан, бұрынғы Семей облысының Абай ауданындағы Қарауыл ауылында дүниеге келген. 1996 жылы оның есімі өзінің туған жері Қарауыл ауылындағы музыка мектебіне берілді.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

06.11.2026
Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

Абай облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Нұртай Сабильянов пен Құрылтай депутаты Айрат Базенов бастаған делегация келді. Сапар аясында...

Толығырақ...Details

Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

06.11.2026
Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

Мемлекет басшысы құрған комиссия Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексерудің аралық қорытындыларын ұсынды. Тексеру қорғаныс ведомствосының 104 нысанын қамтыды....

Толығырақ...Details

Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

06.11.2026
Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

Абай облысында білім беру инфрақұрылымын дамыту, оқушы орындарының тапшылығын азайту және білім сапасын арттыру бағытында жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақытта өңірде...

Толығырақ...Details

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

05.11.2026
«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

Абай облысында жеке тұлғалардың жергілікті салықтар бойынша берешегі 557 млн теңгені құрайды. Берешекті азайту және өндіріп алу бағытында жүргізілген жұмыстардың...

Толығырақ...Details

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

05.11.2026
Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

Қазақстанда 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі айлық жалақы мөлшерін 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып...

Толығырақ...Details

Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

05.11.2026
Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

Тіл – ұлттың рухани негізі, мәдениеті мен тарихының айнасы. Ана тілін сақтау, оны күнделікті өмірде қолдану және кейінгі ұрпаққа жеткізу...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

9 часов бұрын

Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

9 часов бұрын

Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

9 часов бұрын

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

1 день бұрын

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

2 дня бұрын

Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

2 дня бұрын

ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

2 дня бұрын

МЕДАЛЬ МЕН МАҚТАН. БІЗГЕ АТАҚ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

2 дня бұрын

Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

2 дня бұрын

Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС