"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЕРІКТІ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖАРНАЛАРЫ — ЗЕЙНЕТ ЖАСЫНА ЖАСАЛҒАН ТАМАША СЫЙ!

28.10.2019
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Бойыңда жастық жалын мен күш-қуат тұрғанда: «Пәлен жылдан кейін не болады?» – дегенді ойлай бермейсің. Әйтсе де еңбекке жарамды кезіңде мұны да ойлап қойған жөн. Мәселе – мынада. Қайсымыз болсын зейнеткерлік жасқа толған кезден бастап өзімізге лайықты, қомақты мөлшерде зейнетақы алғымыз келетіні сөзсіз. Өз елімізде де, басқа елдерде де зейнетақыға қаржы жинақтау алғашқы жалақыны алған күннен басталады.

Аты айтып тұрғандай, міндетті зейнетақы жарналары Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына ақшалай мәніндегі еңбекақы мен өзге де табыстардың барлық түрінен толық көлемде және жүйелі түрде аударылып отырады. Ал ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) болашақтағы төлемдерге тамаша бонус болып табылады. Десе де ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) дегеніміз не? Оны Қорға қалай төлеуге болады? Оның қандай артықшылықтары бар?

Ерікті зейнетақы жарналары – салымшының өз бастамасымен БЖЗҚ-ға өз пайдасына енгізетін ақшасы. Ол бұл жарналарды өз табысынан үшінші тұлғаның пайдасына да аудара алады. Мысалы, Сіз өз ақшаңызды бала күтімімен үйде отырған әйеліңіздің пайдасына енгізе аласыз. Өйткені зайыбыңыз міндетті зейнетақы жарналарын аудармайтындықтан, сәйкесінше еңбек өтілі болмағандықтан, келешекте бюджеттен мардымсыз ғана зейнетақы алуы мүмкін. Ал ерікті жарналар шотта бекерге жатпайды. Үнемі ұлғайып отырады. Өйткені әр түрлі қаржы құралдарына инвестицияланады. Сәйкесінше, шотқа күн сайын инвестициялық табыс есептеледі. Оның үстіне аударатын жарнаңыздың мөлшерін және аудару жиілігін зейнетақы қорымен келісе отырып, өзіңіз белгілейсіз. Мысалы, алатын табысыңыздың көлеміне қарай, қаңтар айында шотыңызға 5000 теңге, ал наурыз айында 15 000 теңге аударуыңыз мүмкін.

Ерікті жарналарды тек жеке тұлғалар ғана емес, үшінші тұлғаның, мысалы өз жұмысшысының пайдасына заңды тұлғалар да аудара алады.

Мінеки, аталмыш жүйе өте қарапайым, бір қарағанға банктегі депозитке ұқсайды. Бірақ бұл жерде тамаша артықшылық – шотқа күн сайын инвестициялық табыс түсіп отырады. Сонымен қатар, ерікті жинақтарды мерзімінен бұрын алуға болмайтындықтан, зейнет жасына дейін айтарлықтай қаржы жинақтауға әбден болады.

Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты, тіпті кәмелетке толмағандар да жасаса алады. Бірақ бұл жағдайда олардың заңды өкілдері Қорға қажетті құжаттар топтамасын ұсынуы тиіс.

Осылайша кез келген адам жасы мен қызметіне қарамастан Қорға ерікті зейнетақы жарналарын аудара алады.

Айтпақшы, ерікті зейнетақы жарналары зейнетақы қорына екінші деңгейдегі банктер арқылы аударылады. БЖЗҚ жақын болашақта екінші деңгейдегі банктермен бірлесіп, ерікті жарналарды жеке зейнетақы шотына онлайн тәртібінде аудару қызметін іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл қызмет іске қосылған соң, әрбір азамат үйде отырып-ақ ерікті жарналарды өз шотына аудара алатын болады.

Ерікті зейнетақы жарналарының тағы бір артықшылығы — жинақталған қаражатты жалпыға бірдей бекітілген зейнеткерлік жасқа дейін, яғни 50 жасқа тола салысымен пайдалана аласыз. БЖЗҚ-дан ерікті зейнетақы жарналары есебінен төлемдер мынадай құжаттарды ұсынған жағдайда жүзеге асырылады:

1) алушының жеке басын куәландырушы құжаттың көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы;

2) алушының банк шоты туралы мәлімет.

Бұдан басқа, ерікті жинақтарды мүгедектігі бар азаматтар, Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерге тұрақты тұруға кететiн немесе кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар тиісті құжаттарды ұсынған жағдайда алуға құқылы.

Ескере кететін жайт, Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Салық кодексінің 326-бабының ережесіне сәйкес, БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері төлем көзінен жеке табыс салығы салынатын табысқа жатады. Сондықтан мына қағиданы есте ұстаған жөн: салықты екі рет төлеп қоймас үшін өз пайдаңызға ерікті жарналарды аударғаныңыз туралы жұмыс берушіңізге хабарлап, тиісті құжаттарды ұсынуыңыз қажет.

Қосымша айтарымыз — ерікті зейнетақы жарналары бойынша шот ашу өте ыңғайлы. Электрондық цифрлық қолтаңбаңыз болса, БЖЗҚ сайтында ерікті зейнетақы жарналары бойынша шот аша аласыз. Бұл Қордың enpf.kz сайтының «Электрондық қызмет көрсету» — «Ерікті зейнетақы жарналары есебінен (өз пайдасына) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасау» бөлімі арқылы қолжетімді. Бұған қоса Қордың жергілікті филиалына жеке басыңызды куәландыратын құжатпен барып та ашуға болады. Бұл бар болғаны бірнеше минут уақытты алады.

Әлемдік үрдіс ерікті зейнетақы жарналарының артықшылыққа ие екендігін көрсетіп отыр. Шет елде тұратын көптеген болашақ зейнеткерлер өз келешегін студент кезінен ойластыратыны анық. Олар зейнеткерлік жасқа толып, құрметті демалысқа шыққан соң, зейнеткерлердің ел аралап, саяхат жасайтынын, көңілі қалаған бұйымдарын сатып алатынын, балалары мен немерелерін сыйлықсыз қалдырмайтындығын көріп те, біліп те жүр. Тап осындай мүмкіндікке біздің зейнеткерлер де қол жеткізе алады. Демек, бәрі де өз қолымызда!{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

16 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

16 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

20 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС