"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚАЛА ӘКІМІ АБЫРАЛЫ ӨҢІРІНДЕ

29.10.2019
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов үстіміздегі жылдың ақпан айында халықпен болған есептік кездесуде көтерілген мәселелер бойынша берілген тапсырмаларының орындалуына көз жеткізу мақсатында Абыралы өңірінде болып қайтты. Жұмыс сапары барысында Ермак Бидахметұлы алдымен Айнабұлақ ауылындағы күрделі жөндеуден өткен әкімшілік ғимаратын көрді.

Аталған нысанның жөндеу жұмыстарына жергілікті қазынадан 7 миллион теңге бөлініп, толықтай игерілген. Бұл жерде ауылдық клуб және фельдшерлік пункт орналасқан. Ғимарат іші жылы, таза, жұмыс істеуге жайлы. Мектепті таза ауыз сумен қамту және шағын балалар орталығын ашу үшін «Семей су» мекемесі құбырларды тарту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қала әкімі мұндағы қысқа дайындық жұмыстарымен танысып, ауыл тұрғындарымен әңгімелесті, ұсыныс-пікірлеріне құлақ салды.

Келесі кезекте Алғабас ауылына барған Ермак Сәлімов жергілікті мектептің үшінші қабатында жүріп жатқан жұмыстардың жай-жапсарына қанығып, қосымша тапсырмалар берді, оқушылармен және ұстаздармен кездесіп, хал-жағдайларын білді. Өткен жылы үшінші қабаты жабық тұрған білім ордасын жөндеу туралы халықтан өтініш түскендіктен, осы мақсатқа 7 миллион теңге бөлінген болатын.

Айта кету керек, Алғабас ауылының тұрғыны көпбалалы ана Қарлығаш Сыздықова қала әкімінің қолдауымен кең баспанаға ие болды.

Қайнар ауылында таза ауыз су мәселесі өзекті болатын. Бүгінде су құбырлары барлық үйлердің аулаларына дейін жеткізіліп берілген, әрі қарай тұрғындар өздері тартуы керек. Атқарылған жұмыстарды көрген қала басшысы Ермак Бидахметұлы бірнеше үйге кіріп, тұрғындармен әңгімелесті. Бұдан кейін осы өңірге қызмет көрсетіп отырған ветеринарлық пункттің жұмысымен танысты.

Ермак Сәлімов ауылдағы мектептің асханасында болып, санитарлық жағдайына назар аударды. Мектеп директоры ауыз суды осы уақытқа дейін пайдаланбай отырғандықтан, оқушыларды ыстық тамақпен қамтуға мүмкіндік болмай отырғанын жеткізді. Қала басшысы таяу арада бұл мәселе де шешілетін айтты.

Тоқтала кетсек, бүгінде ауыл тұрғындары Жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша біліктіліктерін арттырып, кәсіптің түрлі бағыттарымен танысуда. Алдағы уақытта мемлекеттен гранттар алуға да мүмкіндік бар.

Қала әкімі жергілікті халықпен кездесіп, ұсыныс-өтініштерін тыңдады. Мәдениет үйі келесі жылы шағын автобуспен қамтамасыз етілетіні де осы сапар барысында айтылды.

Кешкілік ауылды аралап, көшелердің жарықтандырылуын көрген Ермак Бидахметұлы басқа да түйткілді мәселелерді назарына алды.

Бұл өңірге іссапарын қала басшысы Абыралы ауылында жалғастырды. Ермак Бидахметұлы ауылдық мектепте болып, ұстаздар қауымымен жүздесті, білім ошағының материалдық базасымен танысты.

Бұл күні қала басшысы Ақбұлақ ауылына да ат басын тіреді. Мектепті сапалы жылумен қамту үшін 2 миллионнан астам қаржы бөлінген болатын, бүгінде жұмыстар аяқталған. Мектеп бөлмелері жылы.

Жұмыс сапарының соңында қала әкімі ауылдарда халықты тұрақтандырып, тұрғындар санын көбейту қажеттігін атап өтті. Нақты тапсырмалар беріп, аталған ауылдарға қоныс аударушыларға мал ұстауға жер бөлініп, жеңілдетілген пайызбен несие алуға көмектер болатынын, сонымен қатар мемлекет есебінен баспанамен қамту мәселесі де қарастырылатынын жеткізді.

Роллан КЕМЕРБАЕВ, қала әкімінің баспасөз хатшысы{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

08.10.2026
Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Қазіргі Конституция 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданып, 1...

Толығырақ...Details

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

07.10.2026
Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы...

Толығырақ...Details

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

07.10.2026
Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

Өңірде туризм саласын дамыту, инфрақұрылым сапасын арттыру және туристерге қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру бағытында кешенді жұмыстар жүзеге асырылуда. Бұл...

Толығырақ...Details

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

07.10.2026
АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

Мемлекеттік бақылау мен қадағалау атом электр станциясын салу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі құралдарының бірі болып табылады. Оларды жүзеге асыру...

Толығырақ...Details

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

06.10.2026
Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

Семей қаласының Бобровка кентінде кәсіпкерлік нысандардың санитарлық жағдайына жүргізілген партиялық бақылау нәтижесінде дүкен иесіне әкімшілік айыппұл салынды. «Таза Қазақстан» бастамасы...

Толығырақ...Details

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

06.10.2026
Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

Абай облысы әкімінің орынбасары Бекжан Бапышев Семей қаласындағы жылыту маусымының өту барысына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бүгінде облыс жылыту...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

2 дня бұрын

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

3 дня бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

4 дня бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

4 дня бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

4 дня бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

4 дня бұрын

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

6 дней бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

6 дней бұрын

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

6 дней бұрын

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

6 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС