"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫ ЖАҚСАРА ТҮСЕДІ

29.10.2019
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен жұма, 25 қазан күні Семейде халыққа қызмет көрсетуге арналған ақпараттық орталық ашылды. Ақпараттық орталықтың ашылу салтанатына қала әкімі Ермак Сәлімов, қалалық әкімдік қызметкерлері және қала тұрғындары қатысты.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа Жолдауында халықпен тиімді кері байланыс орнатудың маңыздылығына баса тоқталғаны белгілі.

«Белгілі бір саладағы шешімдердің әділетсіздігіне қатысты жолданатын көптеген шағымдар нақты мемлекеттік органда немесе аймақта күрделі түйткілдер бар екенін көрсетеді. Енді бұл мәселеге дәл осы тұрғыдан қарап, тиісті шешімдер қабылдаған жөн»,- деген еді Мемлекет басшысы.

Президент қойған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында аймағымызда облыс әкімі Даниал Ахметовтің бастамасымен нәтижелі жұмыстар жүргізілуде. Соның бір айғағы — Семей қалалық әкімдігінің ғимаратында ашылған ақпараттық орталық. Ақпараттық орталық «бір терезе» қағидатымен жұмыс істейді. Мұнда қалалық әкімдіктің тоғыз бөлімінің — ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, жер қатынастары, сәулет және құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, экономика және қаржы, ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу бөлімдері қызметкерлері халыққа қызмет көрсетуде.

— Облыс әкімі Даниал Кенжетайұлы бізге халықпен байланысты күшейту туралы тапсырма берген болатын. Бүгін сол тапсырма аясында ашылып отырған ақпараттық орталықтың жұмысына сәттілік тілеймін!- деді шаһар басшысы Ермак Сәлімов.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының ШҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары Жігер Байділдин «Ашық әкімдік» жобасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың ішіндегі маңыздысы екенін айтады.

— Бұл жоба халықтың кедергісіз, ашық түрде өзіне керекті ақпаратын алуға мүмкіндік береді. Кез келген семейлік осында келіп, мемлекеттік қызмет түрлерін, әртүрлі кеңестер ала алады. Әкім де халықты осы фронт-офисте қабылдайды. Бұл халыққа да, билікке де өте тиімді, — дейді Ж.Байділдин.

Тұрғындар Instagram әлеуметтік желісіндегі «qabylday.akimsemey» парақшасына, Whatsapp мобильді қосымшасы арқылы +77084672511 нөміріне сауалдар жолдай алады, сонымен қатар фронт-офистің 52-12-12 байланыс телефоны арқылы хабарласуға да мүмкіндік бар. Барлық сауалдарға жауаптар 10-15 күн аралығында қайтарылады.

Мемлекеттік стандарттар туралы толығырақ білу үшін смартфонға QR-кодтарын оқуға арналған қосымшаны жүктеп, оны офисте ілінген арнайы стендте қолдануға болады.

Ақпараттық орталығы сағат 09.00-18.30 аралығында жұмыс істейді.

Айтолқын САМАТОВА, «Семей таңы»{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

4 часа бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

4 часа бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

8 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

1 день бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

1 день бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

1 день бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

1 день бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

1 день бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

1 день бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС