"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«МЕНІҢ ТУЫМ — МЕНІҢ ОТАНЫМ»

01.11.2019
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семейде «Nur Otan» партиясының «Менің туым — менің Отаным» патриоттық акциясы басталды. Акцияның басты мақсаты — қоғамдық орындарда, сауда және ойын-сауық орталықтарында, жоғары және орта арнаулы оқу орындарында Мемлекеттік Туды жоғары орналастыру.

«Менің туым — менің Отаным» патриоттық акциясы еліміздің барлық аймақтарында басталды. Сондай акциялардың бірі Семейдегі «Avenuе» сауда ойын-сауық орталығында өтті. Акцияға қала әкімі Ермак Сәлімов, қалалық мәслихат хатшысы Бейсенбек Ақжалов, «Nur Otan» партиясының Семей қалалық филиалы және «Jas Otan» жастар қанаты өкілдері қатысты.

Акция барысында Мемле-кеттік Әнұран шырқалып, көк Туымыз жоғары көтерілді.

— «Менің туым — менің Отаным» акциясының мақсаты – Мемлекеттік Туды кеңінен насихаттап, қоғамдық орындарға ілу, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу. Мемлекеттің Туы – бұл елдің егемендігін айғақтайтын ресми құжат. Сондықтан біз көк байрақты қолдану аумағын кеңейтіп, рәміздерге деген құрметті арттыруымыз қажет. Бұл – біздің ортақ міндетіміз. Бейбіт аспан астындағы еліміздің еңсесі биік, Туымыздың тұғыры берік болсын, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін! — деді қала әкімі Ермак Сәлімов.

— Мен 1990-1991 жылдары Қазақстан Жоғары Кеңесінің депутаты болдым. Мемлекеттік рәміздеріміз Жоғары Кеңесте 1992 жылы қабылданды. Айта кетерлігі, мемлекеттік рәміздерді қабылдау барысында депутаттар арасында біраз айтыс-тартыстар болды. Бірақ Шәкен Ниязбеков ұсынған көк байрағымызды депутаттардың басым көпшілігі қолдады. Соның ішінде мен де болдым. Көк байрағымыз әрқашан осылай биікте желбіресін. Бүгінгі акцияны мен қолдаймын, — деді қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амантай Доғалақов.

Тудағы әрбір нышанның өз мән-мағынасы бар. Туымыздың көгілдір түсі бейбітшілікті білдіреді. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. Көк түс — түркі халықтары үшін де қасиетті ұғым. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты, қыран құс билік, айбындылықты бейнелейді.

Дәл осындай патриоттық акциясы Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде де өтті.

Айтолқын Саматова, «Семей таңы»{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

8 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

8 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

12 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

1 день бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

1 день бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

1 день бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

1 день бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

1 день бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

1 день бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС