"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

МЕНТОРЛЫҚ – ТАБЫС КІЛТІ

01.11.2019
5
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

30 қазан, сәрсенбі күні Семей қаласы-на «KAZBRENDS» қоғамдық қоры өкілдері келіп, Достық үйінде «Менторлық – табыс кілті» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Менторлық – табыс кілті» жобасын ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» комерциялық емес акционерлік қоғамының қолдауымен «KAZBRENDS» қоғамдық қоры өкілдері ұйымдастыруда.

 

Қазір Қазақстанның барлық аймақтарында менторлық мектепті қалыптастыру жобалары жүзеге асуда. Жобаның мақсаты – жастардың табысты адамдардан қажетті білім алуын, тәжірибе үйренуін қамтамасыз ету, кәсіби тұрғыда өсуіне жол ашу.

— Семейге келудегі мақсатымыз осында менторлық мектепті қалыптастыру. Біз әрбір өңірде жастарды тәрбиелеп, жөн сілтейтін, мәселелерін шешуге көмектесетін тәлімгер ұстаздарды даярлаудамыз. Осылайша, Қазақстандағы әрбір жастың өз ұстазы болғанын қалаймыз. Біздің мамандар шетелдік тәжірибелі менторлардан тәлім алды. Өңірлерді аралау барысында кез келген жас оларға өтініш жасай алады. Менторлар 24/7 режімінде чат арқылы жастардың сауалдарына жауап беріп, ынталандыруға дайын,- дейді «KAZBRENDS» қоғамдық қорының өкілі Дәурен Нұров.

— Менторлық мектепті қалыптастыру – заман ағыма сай қажетті, заңды құбылыс деп ойлаймыз. Былтыр менторлықтың қажеттілігін «Zhas Projekt» жобасы аясында жақсы сезіндік. «Zhas Projekt» жобасын іске асыру кезеңінде әр топтың жетекшісі болды. Олар әлі күнге дейін жастар жобаларының дамуына жол көрсетіп келе жатыр. Облысымызда, оның ішінде Семей қаласында менторлардың еңбегінің нәтижесінде қоғамға пайда әкелетін жақсы жобалар іске асырылды. «Jasa» жобасы аясында менторлардың еңбегі жатқанын жоққа шығара алмаймыз. Елу жеті жобаның басым көпшілігі Семей қаласы жастарына тиесілі болуы менторлық мектептің жақсы жолға қойылғанын көрсетеді. Шығыс Қазақстан облысында қалыптасқан жас депутаттар мектебі де жастарды көшбасшылыққа тәрбиелейді. Биылғы Жастар жылында, сондай-ақ келесі жылға белгіленген Еріктілер жылында жақсы бастамаларды жүзеге асыру үшін менторлық мектеп өте қажет, — деді қала әкімінің орынбасары Айдар Садырбаев.

Қазақстандық тележүргізушілер мектебінің түлегі, Семей қаласындағы алғашқы «НЕтренинг» әйелдер клубының негізін салушы Мадина Урдашева, қоғам белсендісі Жасұлан Құрманғалиев, «Жас Телеком» жастар ұйымының негізін қалаушы кәсіби тренер Дәурен Нұров, блогер Ақсұлтан Қалиев және басқа да белсенді жастар дөңгелек үстел барысында студенттерді менторлық мектеп құруға атсалысып, қоғамға пайда әкелетін жобаларға қатысуға шақырды.

Келес ікүні «KAZBRENDS» қоғамдық қоры өкілдері Бесқарағай ауданына барып, ондағы жастармен жүздесті.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Семейде Түркістан облысының тартуы – Көрме орталығы салынып жатыр

01.11.2026
Семейде Түркістан облысының тартуы – Көрме орталығы салынып жатыр

Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы жаңа Көрме орталығының құрылыс барысымен танысты. Нысан «Абайға құрмет» акциясы аясында Түркістан облысының...

Толығырақ...Details

Семейде келесі көктемде жаңа үстел теннисі орталығы ашылады

01.11.2026
Семейде келесі көктемде жаңа үстел теннисі орталығы ашылады

Семей қаласында заманауи үстел теннисі орталығының құрылысы жалғасып жатыр. Павлодар облысының тартуы саналатын спорт кешені «Абайға құрмет» акциясы аясында салынып,...

Толығырақ...Details

Қазақстан ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыруға және технологиялық жаңғыртуға басымдық беріп отыр

01.11.2026
Қазақстан ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыруға және технологиялық жаңғыртуға басымдық беріп отыр

Ауыл шаруашылығы министрлігі отандық өсімдік шаруашылығының тиімділігін арттыру, заманауи агротехнологияларды енгізу және аграрлық өндірістің климат өзгерістеріне төзімділігін нығайту бағытындағы жүйелі...

Толығырақ...Details

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.2026
Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

2026 жылғы егін жинау науқанының қорытындысы бойынша Қазақстанда 24,3 млн тонна астық жиналды. Бұл — соңғы 15 жылдағы ең жоғары...

Толығырақ...Details

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйледі

31.10.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйледі

Мемлекет басшысы Түркі мемлекеттері ұйымы түркі әлемінің тұтастығын нығайтып келе жатқан бірегей құрылым екеніне назар аударды. – Бауырлас елдердің егемендігіне,...

Толығырақ...Details

Білім алу – әр азаматтың құқығы: Конституцияда тегін оқуға қатысты не жазылған?

31.10.2026
Білім алу – әр азаматтың құқығы: Конституцияда тегін оқуға қатысты не жазылған?

Білім – қоғамның дамуы мен елдің болашағын айқындайтын маңызды құндылықтардың бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында азаматтардың білім алу құқығына кепілдік...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде Түркістан облысының тартуы – Көрме орталығы салынып жатыр

25 минут бұрын

Семейде келесі көктемде жаңа үстел теннисі орталығы ашылады

31 минута бұрын

Қазақстан ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыруға және технологиялық жаңғыртуға басымдық беріп отыр

45 минут бұрын

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

1 день бұрын

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйледі

1 день бұрын

Білім алу – әр азаматтың құқығы: Конституцияда тегін оқуға қатысты не жазылған?

1 день бұрын

Еңбек етуге мәжбүрлеуге бола ма? Конституция жұмысшылардың қандай құқықтарына кепілдік береді?

2 дня бұрын

Адал кәсіпке берілген баға: Абай облысында «Адал кәсіпкер – 2026» байқауының жеңімпаздары марапатталды

2 дня бұрын

Ертіс өзеніне 22 мың сібір бекіресінің шабағы жіберілді

2 дня бұрын

Абай облысында биыл 233 құрылыс нысаны пайдалануға берілді

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС