"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

СУЫҚ СУ ҚЫМБАТТАЙДЫ

06.11.2019
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

«Семей-Водоканал» МКК директоры Еркін Сағандықов өткен жұма, 1 қараша күні жур-налистердің қатысуымен баспасөз конференциясын өткізді.

Еуропалық қайта құру және даму банкінің несиелерін қайтару үшін алдағы уақытта су тарифі қымбаттауы мүмкін. Мекеме басшысы журналистермен кездесуінде осыны айтты.

 

— Биыл 2015 жылдан 2020 жылға дейін бес жыл бойы қолданыста болған тарифтік кезең аяқталды. Компания желтоқсан айында ұзақ мерзімді тарифке және бағаны көтеруге өтініш береді. Тарифтің қаншалықты қымбаттайтыны Антимонополиялық комитеттің мақұлдауына байланысты болады. ЕҚДБ несиелері тариф есебінен төленеді. Қалай болғанда да, халық үшін тариф қатты көтерілмейді, — деді«Семей-Водоканал» МКК директоры Еркін Сағандықов.

Сумен қамтамасыз ету және кәріздік жүйе бойынша ағымдағы жылдың тоғыз айында мекеме тарапынан көрсетілген қызметтердің жалпы кіріс көлемі 1 млрд. 241 млн. 924 мың теңгені құрап отыр. Бұл ретте 153 млн. 557 мың теңге, оның ішінде сумен қамту бойынша 101 млн. теңге, кәріздік жүйе бойынша 52 млн. теңге көлемінде әлі де алынбаған қарыз бар. Жоспарланған шығындармен салыстырғанда нақты шығын мөлшері де артқан. Бұл мекеменің жаңа нысандарға қызмет көрсетуімен байланысты. Салынып жатқан жаңа нысандар бұл тарифтік сметаларға енбеген.

Мекеме басшысының айтуынша, Семейдегі су желілерінің ескіруі Еуропалық қайта құру және даму банкімен келісімшартқа отыруға себеп болған. Қазірдің өзінде су құбырларының 65-70% тозған. Кәсіпорын ең алдымен апатты жағдайда тұрған су құбырларын жаңартуда.

Кездесу барысында Еркін Сағандықов қаладағы сумен жабдықтау желілерін жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді.

— Дулатов көшесі бойындағы су желілерін жаңарту жұмыстары Еуропалық қайта құру және даму банкінің қаржылау қолдауы арқылы жүзеге асуда. Су құбырларын ауыстыру жұмыстары аяқталды. Жолдың асфальті жөндеу жұмыстарына дейінгі қалпына келтіріледі. Мердігер мекеме жөндеу жұмыстарын жақында аяқтайды. Бірақ негізгі жабындысы ауа райы қолайсыздығына байланысты келесі жылы төселеді, — деді Еркін Сағандықов.

Еркін Сағандықов келер жылы Дулатов көшесімен қиылысатын Шәкәрім даңғылындағы су құбырлары да жаңартылатынын жеткізді. Кәсіпорын басшысының айтуынша жалпы биылғы жылы ЕҚДБ-мен әріптестік аясында төрт жоба жүзеге асып, 500 млн. теңге шамасында қаржы бөлінген. Олар Западный, Котельничый тұйық көшелері және Фрунзе,  Дулатова көшелері бойындағы су құбырларын жаңарту жобалары. Алдағы уақытта су құбырларын жаңарту жұмыстары кезең-кезеңмен жалғаса бермек.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»

{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтағы үш нысанның құрылысы басталды

24.06.2026
Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтағы үш нысанның құрылысы басталды

Semeitany.kz – Семей қаласында салынып жатқан жаңа әкімшілік-іскерлік орталық аумағында бірден үш маңызды нысанның құрылысы басталды. Құрылыс алаңдарын аралаған Абай...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілер мерекесіне орай үздіктер марапатталды

24.06.2026
Мемлекеттік қызметшілер мерекесіне орай үздіктер марапатталды

Semeitany.kz – Семей қаласындағы Абай атындағы театрда Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты шара өтті. Жиынға Абай облысының әкімі Берік Уәли...

Толығырақ...Details

Абай облысында биыл 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

24.06.2026
Абай облысында биыл 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

Semeitany.kz - Абай облыстық мәслихатының кезекті XXXVII сессиясында өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды. Жиында облыс әкімі Берік Уәли атқарылған жұмыстар...

Толығырақ...Details

Абай облысында полиция қызметкерлері марапатталды

24.06.2026
Абай облысында полиция қызметкерлері марапатталды

Semeitany.kz – Абай облысында Қазақстан полициясы күніне арналған салтанатты шара өтіп, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен ардагерлеріне құрмет көрсетілді. Семей...

Толығырақ...Details

Қазытай Нарысов Семейдің сәулеттік келбетін жақсартуға қатысты ұсыныстарын айтты

24.06.2026
Қазытай Нарысов Семейдің сәулеттік келбетін жақсартуға қатысты ұсыныстарын айтты

Semeitany.kz — Абай облысының әкімі Берік Уәли белгілі мүсінші, сәулетші, монументалды өнер саласының көрнекті өкілі Қазытай Нарысовпен кездесті. Қазытай Сыздықұлы...

Толығырақ...Details

Абай облысында өнімдерді таңбалау талаптары түсіндірілді

24.06.2026
Абай облысында өнімдерді таңбалау талаптары түсіндірілді

Тамақ өнімдері мен халық тұтынатын тауарларды таңбалау, сертификаттау және декларациялау талаптарының сақталуы туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Семей қалалық...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтағы үш нысанның құрылысы басталды

3 часа бұрын

Мемлекеттік қызметшілер мерекесіне орай үздіктер марапатталды

3 часа бұрын

Абай облысында биыл 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

3 часа бұрын

Абай облысында полиция қызметкерлері марапатталды

3 часа бұрын

Қазытай Нарысов Семейдің сәулеттік келбетін жақсартуға қатысты ұсыныстарын айтты

3 часа бұрын

Абай облысында өнімдерді таңбалау талаптары түсіндірілді

3 часа бұрын

Жастардың рухани дамуы мен ақпараттық сауаттылығы назарда

4 часа бұрын

«Әке өнегесі – өмірлік сабақ»: Абай облысында жас ұрпақ тәрбиесіндегі әкенің рөлі талқыланды

5 дней бұрын

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

5 дней бұрын

Дәрігерді қорғау Заң мен тәртіп қағидатына толық сай келеді – Президент

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС