"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ӘРДАЙЫМ НАЗАРДА

05.12.2019
0
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Жуырда «Nur Otan» партиясы Семей қалалық филиалында партия Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Отырысқа облыстық және қалалық мәслихаттардағы партия фракциясының депутаттары, Саяси кеңес, партиялық бақылау комиссиясы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес өкілдері және партия белсенділері қатысты.

Еліміздегі жетекші партия халық арасы{jcomments off}ндағы түрлі әлеуметтік мәселелерді шешуде белсенді жұмыс атқарып келеді. Партияның Семей қалалық филиалында да бұл жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Филиал төрағасы Ермак Сәлімовтің бастамасымен көпбалалы аналарды, жетім балаларды баспанамен қамту, мүмкіндігі шектеулі жандарға жәрдемдесу, ауыл жастарын қолдау, әлеуметтік аз қамтылған топтарға медициналық көмек көрсету және басқа да мәселелер оң шешімін тауып келеді.

Кеңейтілген отырыс барысында «Nur Otan» партиясы Семей қалалық филиалы төрағасының орынбасары Айнұр Арғынбекова партияның бір жыл ішінде атқарған жұмыстарына тоқталды. Айнұр Серікпайқызының айтуынша, ағымдағы жылдың он бір айы ішінде партияның қалалық филиалына халық тарапынан 825 өтініш келіп түсіп, 305-і оң шешімін тапқан.

— 21 тамызда Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында партия жұмысын жүйелі жаңғыртуға бағытталған «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам — «Nur Otan» партиясының жеті серпіні» бағдарламасы халыққа ұсынылды. Бүгінде қалалық филиалдың 27 бастауыш партиялық ұйымы, он мыңнан астам мүшесі бар. Партия төрағасы тапсырысымен жарна төлемеген екі мыңнан астам адам партия құрамынан шығарылды. Он бір ай ішінде саяси кеңестің тоғыз отырысы өтіп, жергілікті атқарушы орган басшыларының мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруы туралы есептері тыңдалды. 11 сұрақ көтеріліп, 21 ұсыныс айтылды. Ағымдағы жылдың 29 қазаны күні «Nur Otan» партиясы Семей қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Ермак Сәлімовтың есебі тыңдалды. Елбасы атап өткендей, партия әр түрлі әлеуметтік құраммен, әсіресе, жастар, қарттар, әлеуметтік әлсіз топтар, жұмыссыздар және көпбалалы аналармен тығыз байланыста жұмыс істеуі керек, әрі азаматтардың сұрақтарына нақты жауап беруі тиіс, — деді Айнұр Арғынбекова.

Осыған дейін партияның 24 жобасы болған болса, қазір сол жобалардың тек 5-еуі қалып отыр. «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы», «Құтты мекен», «Халыққа көмек» және «Жастар Отанға» жобаларының барлығы да тікелей әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған. «Бақытты отбасы» тұрғын үй бағдарламасы бойынша 2019 жылы қалада қаржыландыру көлемі 746 млн. теңгені құраған.

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында он бір айдың ішінде жұмыссыз адамдарға 42,3 млн. теңгені қамтитын 7 несие берілген. «Бастау бизнес» пен «Жас кәсіпкер» жобалары аясында көп балалы отбасы мүшелерінен 49 адам оқудан өтіп, 27 адам 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қайтарымсыз грант ұтып алған.

Қалалық мәслихат депутаты Сергей Покатиловтың айтуынша, Семей қаласында 2019-2021 жылдар аралығында 52 тұрғын үй құрылысы жоспарланған. Оның ішінде бюджетік қырық екі үй, квазимемлекеттік сектор бойынша бес үй және коммерциялық бағытта бес үй салынбақ.

Жиын соңында қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы, тазалығы жайлы да сөз болып, партия жұмысын одан әрі жандандыру мәселесі талқыланды.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

4 часа бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

4 часа бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

8 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

1 день бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

1 день бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

1 день бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

1 день бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

1 день бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

1 день бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС