"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

*

04.03.2014
*
35
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Шаған Манапұлы Жұмақсанов,

Семей қаласы әкімі аппараты басшысы

ЖАНҰЯНЫҢ ЖЫЛУ АНАЛАРДЫҢ ҚОЛЫНДА

— Шаған Манапұлы, көктемнің ең ал-ғашқы мерекесі 8 Наурыздың орыны да, жөні де бөлек қой. Атаулы күнге деген көзқарасыңызды білсек?

— Біріншіден, барлығымызды да дүниеге әкелген алтын құрсақты қазақтың аналары аман болсын. Бір қолымен әлемді, бір қолымен бесікті тербеткен де ана. “Жұмақтың кілтін іздесең, ананың табанының астынан табасың” деген нақыл да бекерге айтламаған болар.  Қазіргі қоғамда қыз балалардың да орыны бөлек. Қандай қызмет істеймін десе де ер азаматтармен тең дәрежеде еңбек етуге қоғамда барлық жағдай жасалған. Бірақ, мен айтар едім дүниеге қыз бала болып келгеннен кейін ана болу әр нәзік жандылардың міндеті. Біздің келешек ұрпағымызды дүниеге әкелетін, тәрбиелейтін де нәзік жандылар. Қазақта «ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» дегенде бекерге айтылмаған. Ер азаматтар түздің адамы. Ал  ұрпақ тәрбиесіндегі негізгі күш әйелдер қауымының еншісінде.

Сондықтан, келе жатқан 8 наурыз мерекесіне, көктемнің алғашқы мерекесінде Семей қаласындағы үлкен апайларымызды, замандастарымызды, бірге жүрген ортамызды және қарындастармыздың барлығын айтулы мерекемен құттықтаймын. Әдемі жүздерінен күлкі кетпесін. Дендері сау, жанұяларында жылылық болып, бақытты болсын. Жанұя жайында   айтылғанда, қыз балаларсыз, әйелсіз өмірдің қызығы жоқ екендігін тағы да айтқым келеді. Әр нәзік жан иесін жайқалып өсіп тұрған гүл деп аялағанымыз жөн.

— Жеңгеміз Дана Бақтыбайқызына жыл сайын мерекеде сыйлық ұсынып, көңіліңізді білдіріп жататыныңызды білеміз. Ал, сыйлық таңдауда талғампаздық керек қой?

— Әйел адам әр жанұяның бақыты. Шаңырықтың шаттығы, бала – шағаның тәрбиесінде әйел адамның әсері көп деп санаймын. Сондықтан да, өзім жыл сайын көктемнің ал-ғашқы мерекесінде жарым Дана Бақтыбайқызына заманымызға сай сыйлық ұсынамын.  Махаббатыңды, жанұяңа деген жылылықты әлбетте ыстық ықыласпен, көңілмен білдіресің ғой. Сол сияқты менде мерекеде әдемі роза гүлін алып, сыйлығымды алып, өзімнің лебізімді білдіремін. Сыйлық – адамның көңілі деп білемін. Сыйлықпен адамның махаббаты да шектелмейді. Бізде жанұялық дәстүр десе де болады. Жылда сыйлықты екі қызым мен ұлым Ілияспен таңдап, аналарына сыйлық жасаймыз. Жарыма сыйлық таңдар кезде екі қызым Мира мен Ажарды ертіп алып, анасының көңілінен шығатын сыйлық жасауға тырысамыз. Ал қыздарыма сыйлық алар сәтте жарыммен ақылдасамын. Биыл біраз қиындау болайын деп тұр. Мира да, Ажар да Астанада тұрады. Барлығы да қызметте. Сондықтан, биыл қара шаңырақтың кенжесі Ілияс екеуміз біраз қиналатын сияқтымыз. Ұлыма ұнаған сыйды алып,  Ілияс екеуміз Дана Бақтыбайқызына сыйлық жасамақ ойымыз бар. Оның үстіне  жарымның талғамын да жақсы білемін. Шамам келгенше оның көңілінен шығатын сыйлық жасаймын деп ойлаймын. Дана сыйлықтың үлкендігіне, қаржысының қомақтылығына қарамайтын жан. Ол адамның көңіліне, пейіліне қарайтын адам.

{jcomments on}- Шаған Манапұлы, қазір ат үстінде тізгін тартып, ел басқарудың бел ортасында жүрсіздер. Сіздер де бір кездері жалындаған жастық шақтың қызығын көрдіңіздер. Осындай жастықтың жалынымен немесе осы күнге дейін Дана Бақтыбайқызын 8 Наурыз мерекесімен құттықтап жүріп, естен кетпес қызыққа кездескен кезіңіз болды ма?

 

— Ондайлар болады ғой (күліп). Болмайды деп айту қисынсыз болар. 8 Наруыз күні таңертең ерте тұрып, жүгіріп базарға барып, гүл алып жатқанша деп, бірде түнгі 12-де құттықтайын деп шештім. Түн ортасында гүл алып келіп, 12-ге дейін құттықтап үлгерейін деп Дана Бақтыбайқызына тосын сыйлық жасауды құп көрдім. Гүл таңдаудың қызығымен жүргенде сағат 12-ден асып, мен үлгермей қалдым. Сонда үйдегі жеңгең жай ғана жымиып, «Сен 12 болып қалғандай қайда кетіп қалдың, не гүлің, не өзің жоқсың» деп қалжыңдаған. Міне, осындай қызықтар естен кетпес естеліктер ғой. Негізі ондай қызықтар өз басымда көп бола қоймайды. Мен шамам келсе, уақытында көңілімді білдіргенді жөн көремін. Сыйлық өз алдына, кейде адам баласына көңіл жетіспей жатады. Сол көңілімді уақытында жет-кізуге асығамын. Адам баласына ақ дастархан мен аппақ көңіліңді білдіріп жатсаң, соның өзі сыйластықтың, қимастықтың белгісіндей.

— Шаған Манапұлы, сіз істің азаматысыз. Мемлекеттік қызмет еркелікті көтермейді. Қауырт шаруалар, ауқымды атқарар жұмыстардың көптігі жанұяны, жарды екінші кезекке қоюға тура келіп жатады. Сіздің Семей қаласындағы атқарушы биліктің бел ортасында жүруіңізге үйдегі жеңгеміздің де қосқан үлесі бар ғой. Жан жарыңыз Дана Бақтыбайқызының асыл қасиеттерін айтып берсеңіз?

— Көрегендік, тәрбие деген ұғымдар ананың сүтімен, әкенің қанымен келсе, адамның болмысы тегіне де байланысты. Үйдегі жеңгеңді мақтап жатсам, артықтау болар. Бірақ, тегі Ресейде туып, сол жақта өссе де, әкесі мен шешесі қазақтың бітім – болмысын сақтаған, дәстүрін дәріптеген жандар.  Дана Бақтыбайқызының негізгі мамандығы мәдениеттанушы. Ленинградта оқыған. Пайым – парасаты жоғары жан. Қазір осы Семей қаласындағы ЖОО – ның бірінде ұстаздық қызметте. Ғылым кандидаты. Қазір докторлық диссертациясын жазу үстінде.  Мен қызмет бабымен ақ таңда кетіп, түн ауа қайтамын. Сол кезде үйдегі жеңгең маған демеу болып, «мемлекеттің жұмысында сен осылай жүруің керек. Осылай болуы тиіс!» деп үнемі қолдап отырады. Ол Дана Бақтыбайқызының білгендігі мен түсінгендігі. Әйтпесе, әр бас-қан қадамыңды сұрап отырар болса, қадырымыздың кеткені сол болар еді. Онда менде мұндай жұмыста болмаған болар еді. Мүмкін өмірдің барлығы басқа арнада болар ма, кім білсін. Ол кісі қызмет жағынан, азаматтың абыройын бағалау жағынан келгенде орыны бөлек. Ал, азаматты сыйлау ата – анасының берген тәрбиесінде деп білемін. Осындай жарым болғанына мен өзімді бақытты сезінемін. Үйге келгенде сол кісінің жүзінен күлкі көрсем, үйдегі құлындарымның маңдайынан бір иіскесем шаршағанымды ұмытамын. Мен үшін бақыт деген осы деп есептеймін.

Сұхбаттасқан Ерзат ЖАНАТҰЛЫ.

Ұқсас жаңалықтар

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

05.11.2026
«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

Абай облысында жеке тұлғалардың жергілікті салықтар бойынша берешегі 557 млн теңгені құрайды. Берешекті азайту және өндіріп алу бағытында жүргізілген жұмыстардың...

Толығырақ...Details

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

05.11.2026
Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

Қазақстанда 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі айлық жалақы мөлшерін 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып...

Толығырақ...Details

Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

05.11.2026
Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

Тіл – ұлттың рухани негізі, мәдениеті мен тарихының айнасы. Ана тілін сақтау, оны күнделікті өмірде қолдану және кейінгі ұрпаққа жеткізу...

Толығырақ...Details

ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

05.11.2026
ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Кеше Абай облысының «Қоғамдық келісім» мекемесінде Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында айқындалған басым бағыттарды талқылауға арналған диалог алаңы өтті. Кездесуге этномәдени...

Толығырақ...Details

МЕДАЛЬ МЕН МАҚТАН. БІЗГЕ АТАҚ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

05.11.2026
МЕДАЛЬ МЕН МАҚТАН. БІЗГЕ АТАҚ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

Біздің бойымызда бір қызық дерт бар. Біреуге атақ берілсе, екіншісі оған риясыз қуана қоймайды. Керісінше, «Неге оған берілді?», «Менің одан...

Толығырақ...Details

Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

04.11.2026
Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

Бүгін Семейде дарынды балаларға арналған жаңа облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің іргетасын қалау рәсімі өтті. Салтанатты шараға облыс әкімі Берік Уәли,...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

10 часов бұрын

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

18 часов бұрын

Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

18 часов бұрын

ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

18 часов бұрын

МЕДАЛЬ МЕН МАҚТАН. БІЗГЕ АТАҚ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

18 часов бұрын

Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

1 день бұрын

Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

1 день бұрын

КӨКПЕКТІ АУДАНЫНДА БЕС АУЫЛДЫҢ СУ ҚҰБЫРЫ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ

1 день бұрын

Көкпекті ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда

1 день бұрын

Азияның академиялық кеңістігіндегі жаңа көрсеткіш

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС