"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Семей көшелерінде жаяу жүргіншілер жолы көбейеді

03.06.2026
Семей көшелерінде жаяу жүргіншілер жолы көбейеді
6
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы жол жөндеу және жаяу жүргіншілер жолын салу жұмыстарының барысымен танысты.

Аймақ басшысы алдымен Мичурин көшесіндегі орташа жөндеу жұмыстарын көрді. Жоба аясында жол негізін нығайту, асфальтбетон жабындысының төменгі және жоғарғы қабаттарын төсеу, жол жиектерін бекіту, инженерлік коммуникация құдықтарын ретке келтіру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта ұзындығы 2,5 шақырымнан асатын көшеде асфальттың бірінші қабаты төселген. Жөндеу жұмыстары маусым айының соңына дейін аяқталуы тиіс.

Берік Уәлидің айтуынша, Мичурин көшесінің жағдайына қатысты тұрғындардан көп өтініш түскен. Бұған дейін бұл көшеде бордюр, жарық бағандары мен жаяу жүргіншілер жолы болмаған. Биыл аталған мәселелер толық ретке келтіріледі.

Сондай-ақ облыс әкімі Северный промузел көшесінен Қарағайлы шағын ауданына дейін салынып жатқан жаяу жүргіншілер жолының құрылысын қарады. Ұзындығы 1,5 шақырым болатын учаскедегі жұмыстар қалалық бюджет есебінен жүргізілуде. Құрылыс мамыр айында басталған, оны тамыз айының соңына дейін аяқтау жоспарланған.

Аймақ басшысы жол және жаяу жүргіншілер инфрақұрылымын дамыту тұрғындардың өмір сүру сапасына тікелей әсер ететінін атап өтті. Оның сөзінше, Семейдің көптеген көшелерінде бұрын жаяу жүргіншілер жолы мүлде болмаған. Әсіресе көктем мезгілінде тұрғындар батпақ пен су кешіп жүруге мәжбүр болған. Осыған байланысты қалада жаяу жүргіншілер жолын ретке келтіруге ерекше көңіл бөлініп отыр.

Бұдан бөлек, Берік Уәли Шәкәрім даңғылындағы Дулатов көшесінен Гагарин көшесіне дейінгі аралықта салынып жатқан жаяу жүргіншілер жолының құрылысымен танысты. Ұзындығы 680 метр болатын учаскеде тұрғындардың қауіпсіз әрі қолайлы қозғалысы үшін заманауи талаптарға сай жол төселуде. Бұған дейін бұл аумақтағы ескі жаяу жүргіншілер жолын жиі су басқан. Қазір жол жаңартылып, 20 сантиметрге биіктетілді.

Айта кетейік, былтыр облыс орталығындағы 20-ға жуық көшеде жаяу жүргіншілер жолы жаңадан салынған. Биыл Семейде 40-қа жуық көшеде жаяу жүргіншілер жолы салынып, жаңартылады.

Семей көшелерінде жаяу жүргіншілер жолы көбейеді Семей көшелерінде жаяу жүргіншілер жолы көбейеді Семей көшелерінде жаяу жүргіншілер жолы көбейеді Семей көшелерінде жаяу жүргіншілер жолы көбейеді

Ұқсас жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

10.11.2026
Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

Қазіргі уақытта қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ саланы кадрлармен қамту мәселелері өзекті. Денсаулық...

Толығырақ...Details

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

10.11.2026
Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты....

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

10.11.2026
Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесі өзінің жұмыс философиясын біртіндеп өзгертіп келеді. Мемлекеттің басты назарында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің өзі емес, адам,...

Толығырақ...Details

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

10.11.2026
«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

Тіл – адамдардың бір-бірімен түсінісуіне көмектесетін маңызды құрал. Біз тіл арқылы өз ойымызды жеткіземіз, білім аламыз және айналамыздағы адамдармен қарым-қатынас...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

33 минуты бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

36 минут бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

4 часа бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

4 часа бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

4 часа бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

4 часа бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

5 часов бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

5 часов бұрын

Қазақ тілінің конституциялық мәртебесі тайға таңба басқандай жазылды — Президент

5 часов бұрын

Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

5 часов бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС