"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

10.11.2026
«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Тіл – адамдардың бір-бірімен түсінісуіне көмектесетін маңызды құрал. Біз тіл арқылы өз ойымызды жеткіземіз, білім аламыз және айналамыздағы адамдармен қарым-қатынас жасаймыз. Сонымен қатар ана тіліміз арқылы халқымыздың тарихы, салт-дәстүрі мен мәдениеті сақталады. Менің ойымша, тіл мәдениеті – әр адамның бойында болуы керек қасиеттердің бірі. Себебі, адамның қалай сөйлейтіні оның тәрбиесі мен білімін көрсетеді. Сондықтан біз өз ана тілімізді құрметтеп, сөздерді дұрыс қолданып, сауатты сөйлеуге және қатесіз жазуға тырысуымыз керек.

Қазақ халқы сөзді әрқашан бағалай білген. «Өнер алды-қызыл тіл», «Жақсы сөз-жарым ырыс»деген мақалдар да соның дәлелі. Бұрынғы билер мен шешендер әдемі әрі орынды сөйлеп, бір ауыз сөзбен адамдарды татуластырған. Сондықтан меніңше, әр адам өз тілін құрметтеп, ойын анық жеткізіп, басқа адамдардың пікірін сыйлау білуі керек. Өйткені тіл мәдениетін сақтау – өз ұлтыңды және өзіңді құрметтеу.

Қазақ тілінің дамуына үлес қосқан тұлғалардың еңбегі өте зор. Солардың бірі – Ахмет Байтұрсынұлы. Ол қазақ тілін зерттеп, оның грамматикасының қалыптасуына үлкен еңбек сіңірді. Ал Абай Құнанбайұлы, Мұхтар Әуезов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов сияқты ақын-жазушылар өз шығармалары арқылы қазақ тілінің қаншалықты бай әрі көркем екенін көрсетті. Олардың туындыларын оқи отырып, тілдің тек сөйлесу құралы емес, адамның ойына әсер етіп, тәрбиелейтін үлкен күш екенін түсінеміз.

Қазіргі заманда сауатты сөйлеп, дұрыс жаза білу әр адамға қажет деп ойлаймын. Себебі адамның қандай мамандық иесі болса да, өз ойын анық әрі түсінікті жеткізе білуі маңызды. Мысалы, мұғалім оқушыға сабақты түсіндіреді, журналист ойын мақала арқылы жеткізеді. Осындай жағдайлардың барлығында адамның сөйлеу мәдениеті үлкен рөл атқарады. Меніңше, сауатты сөйлеу дегеніміз – тек сөздерді дұрыс айту емес, ойыңды ретімен жеткізіп, сөздерді орынды қолдана білу. Сонымен қатар жақсы қарым-қатынас жасау үшін тек өзің сөйлей  білу жеткіліксіз. Басқа адамның да ойын тыңдап, пікірін құрметтеу керек. Біреудің сөзін бөлмей, түсінуге тырысу — мәдениеттіліктің белгісі. Кейде адамдардың арасында түсініспеушілік дәл осы бір-бірін тыңдамаудан пайда болады. Сондықтан әр адам ана тілін құрметтеп, сауатты сөйлеуге және өзгені тыңдай білуге дағдылануы керек. Өйткені әдемі сөйлеу ғана емес, орынды сөйлеу мен жақсы тыңдай білу де адам мәдениетінің көрсеткіші.

ХХІ ғасыр — ақпарат пен технологияның заманы. Қазір интернет пен әлеуметтік желілер арқылы адамдар бір-бірімен тез байланысып, керекті ақпаратты санаулы секундта таба алады. Әлемнің қай түкпірінде болса да, адаммен сөйлесу бұрынғыдан әлдеқайда оңай. Data Reportal ұйымының 2025 жылғы мәліметіне сүйенсек, Қазақстанда интернетті 19,2 миллион адам пайдаланады. Бұл – ел халқының 92,9 пайызы. Ал әлеуметтік желілердегі аккаунттар саны 15,7 миллионға жеткен. Осыдан-ақ интернеттің күнделікті өміріміздің бір бөлігіне айналғанын көруге болады.    Бірақ әлеуметтік желілердің пайдасымен бірге зияны да бар. Мысалы, кейбір адамдар сөздерді қысқартып жазады, емле-ережелеріне мән бермейді, қазақша сөйлемге шетел сөздерін араластырады. Оған қоса, біреуді ренжітетін дөрекі пікірлер мен жалған ақпарат та жиі кездеседі. Менің ойымша, адамның мәдениеті оның әлеуметтік желіде қалай сөйлеп, қалай жазатынынан да көрінеді. Сондықтан пікір жазғанда өзгені құрметтеп, сөзіміздің біреуге қалай әсер ететінін ойлағанымыз дұрыс. Өйткені экранның ар жағында да біздің пікірімізді оқитын оқырман бар. Екінші жағынан, интернет қазақ тілінің дамуына да үлкен көмегін тигізіп жатыр.

Қазір қазақ тілінде электронды кітаптар, онлайн сөздіктер, түрлі сабақтар, подкасттар мен бейнематериалдар көбейіп келеді. Бұл ана тілімізді үйренуге және оны күнделікті өмірде көбірек қолдануға мүмкіндік береді. Әсіресе жастар әлеуметтік желілерде қазақша сауатты жазып, қызықты әрі пайдалы ақпаратпен бөліссе, бұл тілдің дамуына үлкен үлес болар еді. Меніңше, әрқайсымыз интернетте қазақ тілін көбірек қолданып, сапалы қазақша контент жасауға тырысуымыз керек. Сонда қазақ тілі тек күнделікті қарым-қатынас тілі ғана емес, заманауи технология мен ақпараттың да тіліне айналады.

Қазақстан – көптілді мемлекет. Елімізде қазақ тілімен қатар орыс және ағылшын тілдерін үйренуге де қызығушылық жоғары. 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындысы бойынша, Қазақстанда бес жастан асқан 13 768 406 адам мемлекеттік тілді меңгерген. Бұл – халықтың шамамен 80 пайызы. Ал екі тілді білетіндердің үлесі 44,9 пайызы, үш тілді меңгергендердің үлесі 28,6 пайызды құраған. Ағылшын тілін білетін азаматтардың үлесі 35,1 пайызға жеткен. Әрине, бірнеше тіл білу – заман талабы әрі үлкен мүмкіндік. Ол сапалы білім алуға, халықаралық тәжірибені үйренуге және әлем елдерімен байланыс орнатуға жол ашады. Дегенмен өзге тілдерді үйренеміз деп ана тілімізді екінші орынға ысырып қоймауымыз керек. Қанша тіл білсек те, қазақ тілі күнделікті өміріміздің, қоғамдық қарым-қатынасымыздың негізгі тілі болып қалуы тиіс.

Менің пайымдауымша, ана тілімізді құрметтеу ең алдымен оны күнделікті өмірде дұрыс қолданудан басталады. Біз өз тілімізде  сауатты сөйлеп, қатесіз жазуға, сөздік қорымызды байытуға және көркем әдебиет оқуға көңіл бөлуіміз керек.Сонымен қатар әр сөздің мағынасын түсініп, орынды қолданғанымыз жөн. Мәселен, ана тілімізді сақтау үшін оны тек үйде ғана емес мектепте, жұмыста және қоғамдық орындарда да жиі қолдануымыз қажет. Себебі, тілдің болашағы оны қаншалықты жақсы көретінімізге ғана емес, күнделікті өмірде қаншалықты пайдаланатымызға да байланысты.

Мен тіл, сөз өнері және қарым-қатынас бір-бірімен тығыз байланысты деп ойлаймын. Тіл арқылы біз өз ойымызды жеткіземіз, ал сөз өнері сол ойды әдемі әрі әсерлі етіп айтуға көмектеседі. Қарым-қатынас жасау арқылы адамдар бір-бірін түсініп, өзара сыйластық пен сенім қалыптастырады. Сондықтан мен ана тілімізді құрметтеу – әрқайсымыздың міндетіміз деп санаймын. Өйткені сауатты сөйлеу мен дұрыс жазу адамның мәдениетін көрсетіп қана қоймай, бүкіл қоғамның дамуына да әсер етеді.

Қорыта айтқанда, тіл – әр ұлттың ең басты байлығы, рухани тірегі. Ана  тілімізді құрметтеу – тарихымызды, мәдениетімізді және ұлттық болмысымызды құрметтеу. Сауатты сөйлеу мен жазу, сөзді орнымен қолдану, өзгені тыңдап, пікіріне құрметпен қарау әрбір азаматтың күнделікті өмірлік ұстанымына айналуы тиіс. «Өнер алды – қызыл тіл» деген халық даналығының мәні бүгін де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Өйткені тіл сақталса, ұлттың рухы мен болмысы сақталады. Ендеше, ана тіліміздің қадірін арттырып, оны заман талабына сай дамытып, келер ұрпаққа жеткізу – баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз.

 

Ғалым Дана Асқарқызы,

Абылай хан атындағы

Қазақ халықаралық қатынастар

және әлем тілдері университеті

Журналистика факультетінің 1-курс

студенті

Ұқсас жаңалықтар

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

10.11.2026
Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесі өзінің жұмыс философиясын біртіндеп өзгертіп келеді. Мемлекеттің басты назарында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің өзі емес, адам,...

Толығырақ...Details

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

10.11.2026
Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

Абай облысында республикалық маңызы бар «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолының 111 шақырымында жөндеу жұмысы толық аяқталды. Осылайша Семей қаласынан...

Толығырақ...Details

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

10.11.2026
Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

«Қазақ тілі» қоғамы – мемлекеттік тілдің мызғымас тұғырын нығайтып жүрген аса маңызды құрылым. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақ...

Толығырақ...Details

Қазақ тілінің конституциялық мәртебесі тайға таңба басқандай жазылды — Президент

10.11.2026
Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

Конституциямызда еліміздің тамыры терең тарихы мен бітім-болмысы, болашақтағы бейнесі айқындалды. Атап айтқанда, қазақ тілінің конституциялық мәртебесі тайға таңба басқандай жазылды....

Толығырақ...Details

Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

10.11.2026
Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

Халқымыздың өшпес мұрасы мен рухани байлығы қағаз бетінде емес, цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілінің ұлттық...

Толығырақ...Details

Қазақстан Орталық Азияда туризмді дамыту жөніндегі әлемдік рейтингте көш бастады

10.11.2026
Қазақстан Орталық Азияда туризмді дамыту жөніндегі әлемдік рейтингте көш бастады

Қазақстан туризмді дамыту бойынша халықаралық рейтингте 110 елдің ішінде 56-орынға тұрақтап, Орталық Азия мемлекеттері арасында үздік нәтиже көрсетті. Осылайша, еліміз Өзбекстаннан 20 сатыға, Қырғызстаннан...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

2 секунды бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

7 минут бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

1 час бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

1 час бұрын

Қазақ тілінің конституциялық мәртебесі тайға таңба басқандай жазылды — Президент

1 час бұрын

Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

1 час бұрын

Қазақстан Орталық Азияда туризмді дамыту жөніндегі әлемдік рейтингте көш бастады

1 час бұрын

«Әділетті қоғамға – шыншыл сөз»: Семейде Президент кітабының мазмұны талқыланды

1 час бұрын

Медиасауаттылық – интернеттегі жалған ақпарат пен деструктивті идеологиядан қорғанудың маңызды құралы

1 час бұрын

Зайырлылық – Қазақстан дамуының негізі: Абайдың сенім мен ақыл үйлесімі туралы сабақтары

1 час бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС