"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЗЕЙНЕТАҚЫНЫ ЖОСПАРЛАУ: ҚАРТТЫҚ ҚАМЫҚТЫРМАУЫ ТИІС

05.12.2019
8
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен жұмада «Nur Otan» партиясы Семей қалалық филиалында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының Семей қалалық филиалы Ашық есік күнін өткізді. Бұл жолғы ұйымдастырылған шарада зейнетақыны жоспарлау туралы айтылды. Шараға мемлекеттік органдар өкілдері, тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсететін қоғамдық бірлестіктер, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының өкілдері қатысты.

Қазақстандағы зейнетақы бірнеше деңгейден және төлем көздерінен тұрады. Базалық және ортақ зейнетақы мемлекеттік бюджет есебінен, ал жинақтаушы зейнетақы міндетті және ерікті зейнетақы жарналары есебінен төленеді.

Зейнетақымен қамсыздандыру жауапкершілігі мемлекет, жұмыс беруші және жұмыскер арасында оңтайлы үлестірілген. Сондықтан міндетті зейнетақы жарналарын жұмыс берушінің Қорға уақтылы аударып отыруы жұмыскер үшін өте маңызды. Өйткені зейнетақы жарналардың көлемі мен аударылу жиілігіне тікелей байланысты.

— Қордағы жинақ ақшаңыздың жай-күйінен үнемі хабардар болып отыру үшін ұялы телефоныңызға қордың ENPF мобильді қосымшасын жүктеп алуыңызға болады. Онда push-хабарлама қызметі бар. Оны пайдалану үшін қосымшаның «Баптау» бөліміне кіріп, осы қызметті іске қоссаңыз болды, — дейді «БЖЗҚ АҚ» Семей өңірлік филиалы басшысының орынбасары Ләйлә Сабырқызы.

«Ашық есік күні» барысында «БЖЗҚ» АҚ мамандары келушілерге мобильді қосымшаның басқа да мүмкіндіктері туралы әңгімеледі. Мәселен, зейнетақы калькуляторы арқылы болашақ зейнетақыңыздың болжамды мөлшерін есептей аласыз. Зейнетақы калькуляторы жұртшылық арасында ерекше сұранысқа ие. Сондықтан болар, көп адам қосымшаны осы шара барысында телефондарына жүктеп алып жатты. Бұдан басқа азаматтар ерікті зейнетақы жарналарына да қызығушылық танытты. Бұл жарналар болашақ зейнетақының көлемін арттыруға едәуір септігін тигізеді.

Қор мамандары «жинақтар құнсызданып кетуі мүмкін» деген қауесеттерді жоққа шығарды. Олардың айтуынша, жинақтаушы жүйеде мұндай жағдай орын алуы мүмкін емес. Өйткені мұнда әрбір салымшының атына жеке зейнетақы шоты ашылады. Оған зейнетақы жарналары мен инвестициялық табыс түсіп отырады.

— Бұған Қор сайтының жеке кабинеті арқылы көз жеткізуге болады. Жинақ ақша әрбір салымшының меншігі. Оның үстіне біздің елімізде зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз ететін бірегей модель жұмыс істейді. Соған сәйкес мемлекет инфляция деңгейін ескере отырып, жарналардың міндетті түрлерінің нақты енгізілген мөлшерінде сақталуына кепілдік береді, — дейді Л.Сабырқызы.

Ашық есік күні соңында барлық қатысушыларға арнайы бағалау сауалнамасын толтыру ұсынылды. Сауалнамадағы пікірлер мен ұсыныстар алдағы уақытта ескерілетін болады.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»{jcomments off}

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

6 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

6 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

10 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

1 день бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

1 день бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

1 день бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

1 день бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

1 день бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

1 день бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС