"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Ләйлә Сабырқызы: ЗЕЙНЕТАҚЫНЫ ЖОСПАРЛАУ МӘДЕНИЕТІ ДАМЫП КЕЛЕДІ

12.12.2019
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

«БЖЗҚ АҚ» Семей өңірлік филиалы ағымдағы жылы да бірқатар қызметтік жетістіктерге қол жеткізді. Басты мақсат — зейнетақы жарналарын тарту бойынша ұйымдастыру шараларын жүзеге асыру. Мұның сыртында жеке зейнетақы шотын ашу бойынша өтінімдер қабылдау мен зейнетақы төлемін алушы тұлғалардан қажетті құжаттар қабылдап рәсімдеу, түрлі мәселелер бойынша келген азаматтарға кеңес беру сынды жұмыстар әсте толастамайды. Осы орайда аталмыш өңірлік филиал басшылығымен жаңашылдықтар мен жетістіктер жайында сөйлескен едік. Біздің қойған сауалдарымызға «БЖЗҚ АҚ» Семей өңірлік филиалы басшысының орынбасары Ләйлә Сабырқызы жауап қайырды.

-Ләйлә Сабырқызы, әуелгі кезекте Қордың Семей өңірі бойынша бүгінгі таңдағы атқарып жатқан жұмыстарына тоқталып өтсеңіз.

-Иә, биылғы жылды да ойдағыдай қорытындыламақпыз. Атап айтсақ, ағымдағы жылдың 1-ші қарашасына дейінгі көрсеткіш бойынша Семей өңірлік филиалы бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы көлемі 203,3 млрд теңгені құрап отыр. Ал жеке зейнетақы шоттарының саны – 252 930. Бұл дегеніміз тек Семей қаласын ғана емес, көптеген ірі аудандарды да қамтып отырған біздің жұмысымыздың ауқымдылығын көрсетеді. Қазіргі күні филиал кеңселері Абай, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Аягөз, Үржар сынды аудандарда, Курчатов қаласында жергілікті халықпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жүргізуде. Білікті басшымыз Қайрат Кенбаев басқаратын филиал жұмысының ауқымдылығын осыдан-ақ аңғаруға болады.

— Семей филиалына келу-шілердің көп жағдайдағы өтініш-талаптары қандай?

— Бізге келушілердің өтініштері әртүрлі. Көбінесе жұмыс орны үшін қажетті құжатты, яғни, зейнетақы шартын сұрайды. Жеке кеңес беру бойынша, егде жастағы азаматтармен қатар, келешекте алатын зейнетақысын есептетуге келетіндер де көп. Бұл ретте, жерлестеріміздің ынтасы жоғары. Осы орайда жаңадан іске қосылған болжамды зейнетақы калькуляторы азаматтардың Қор жұмысына қызығушылығын арттырып, өздерінің қамсыз қарттығы үшін алаңдаушылық туғызып жатқанын айта кету ләзім.  Сондай-ақ біздің өңірге тән жәйт, өз жинақ ақшасын көбейтудің жолын сұрастыратындар қатары да жыл санап артып келеді. Мәселен, әрбір жұмыс күні операциялық бөлімге әртүрлі сұрақтармен 200-ден аса жуық тұрғын келеді.

Сол тәрізді қазіргі күні зейнетақыны жоспарлау шарасы қарқын алуда. Атап айтсақ, аталмыш бөлім бойынша биылғы жылдың 10 айы ішінде 19 203 Қор салымшысына болашақ зейнетақысын алдын ала есептеу жұмыстары жүргізілді.

— Еліміздің зейнетақы жүйесі бойынша ағымдағы жылдың бір жаңалығы – өзін-өзі жұмыспен қамтушылар үшін зейнетақы аударымын жасаудың жаңа түрі қолданысқа енгізілгені белгілі. Аталмыш мәселе бойынша жыл көлемінде жүргізілген түсіндіру-ақпарат беру шараларына тоқталсаңыз…

— Әрине, жыл басынан, яғни, қаңтар айынан бастап енгізілген бірыңғай жиынтық төлем бойынша азаматтар тарапынан сауалдар көптеп түсіп жатады. Бұл ретте Қор мамандары жылдың басты жаңашылдығының мән-жайын білу үшін кеңес сұрап келген әрбір азаматқа асықпай, егжей-тегжейлі түсіндіріп береді. Сонымен қатар Қор қызметін ұсыну мен түсіндіруде көшпелі таныстырылымдардың маңызы зор екенін айта кеткім келеді. Яғни, біздің қызметіміз жыл бойына тек кеңседе ғана емес, қала мен елдімекендер бойынша түрлі ұйымдар мен кәсіпорындар ұжымдарында да жүргізілді. Атап айтсақ, мұндай жиын-кездесулер барысында ҚР зейнетақы жүйесін жаңғыртудың негізгі бағыттары, көрсетілетін қызметтерді электрондық форматта алу мүмкіндіктері сынды көптеген мәселелер ортаға салынды. Бір бұл емес, Қор қызметіне қатысты өзекті тақырыптар бойынша арнайы әзірленген таныстырылымдар да бар. Мамандар аса қажетті мағлұматтарды слайд түрінде жеткізеді.

Филиалдың мобильді агенттері салымшылардың үйлеріне барып, оларға көшпелі қызмет түрлерін де көрсетеді. Маңыздылығы сол, әсіресе мүмкіндігі шектеулі жандарға, үйде отырған көпбалалы аналарға мейлінше тиімді. Соның аясында биылғы жылдың 10 айының ішінде мүмкіндіктері шектеулі 166 адамның үйіне барып қызмет көрсеттік.

Ал филиал тарапынан жиі көрсетілетін қызметтерге келсек, салымшының деректемелерін өзгерту, толықтыру туралы өтініштерді рәсімдеу, жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алу тәсілін өзгерту туралы қосымша келісімдер жасау сынды қызмет түрлерін айтуға болады.

Осылайша қандай да бір себеппен, бірінші кезекті денсаулығына байланысты Қор кеңсесіне келе алмайтын салымшы, зейнетақы қызметін үйінде алу үшін Қордың байланыс орталығының 1418 тегін телефонына хабарласып, жағдайын айтып, өтініш қалдыра алады. Сондай-ақ enpf.kz сайтының «Электрондық қызмет көрсету»-«Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін электрондық өтініш беру» бөліміне кіріп, тиісті нысандарды толтырып, электрондық өтініш қалдыруға болады. Ал филиал қызметкерлері өтініш берген салымшыға хабарласып, жағдайын анықтап, кездесу уақытын белгілейді. Сөйтіп 5 жұмыс күні ішінде үйіне барып онлайн тәртібінде қызмет көрсетеді. Сонымен қатар филиал мамандары жергілікті ұйымдар мен кәсіпорындарға және режимдік нысандарға барып, зейнетақы жүйесі мен Қор қызметі жайында таныстырылымдық шаралар өткізіп, зейнетақы қызметтерін көрсетеді. Аталмыш бағыттағы жұмыстар ағымдағы жылы біршама ширатыла түскенін айта кеткен жөн. Биылғы жылғы 10 айдың ішінде жергілікті тұрғындармен 1135 рет кездесу өткізіліп, оған жалпы саны 31 571 адам қатысып, Қор қызметі жайында толыққанды мағлұматтар алды. Мұндай басқосулардың берері сол, азаматтардың қаржылық сауаттылығы арта түседі. Сонымен қатар өздерінің және жақындарының қамсыз қарттығы үшін тиімді шешімдер қабылдауға мол мүмкіндік береді.

— Газет оқырмандарын филиал қызметкерлерінің қоғамдық өмірі де қызықтырады екен. Осы тарапта атқарылған жыл үлесіндегі іс-шараларға тоқталып өтсеңіз…

— Әрине, БЖЗҚ АҚ Семей өңірлік филиалы да тұтас бір аймақтағы іргелі мекемелердің бірі. Сондықтан да қоғамдық шаралардан әсте шет қала алмаймыз. Оның үстіне біздің ұжымда өнерлі, спортты сүйетін қыз-жігіттер қатары өте көп. Осы ретте биыл «БЖЗҚ АҚ» филиалдары арасында өткізілетін мәдени-спорттық шараларға қатысуда біздің жастар мейлінше белсенділік танытқанын айта кеткім келеді.

Мұның сыртында филиал қызметкерлері өңіріміз бойынша қайырымдылық шараларына да қатысып, әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасыларға көмектесуде өз үлестерін елеулі түрде қосып жүр. Мысалы, биылғы жылдың тамыз айында республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларды оқу жылына даярлауға демеушілік жасадық.

Ал қараша айында өткен Ұлттық валюта күнінде Семей қаласындағы екінші деңгейлі банктер арасында ұйымдастырылған спартакиадаға қатысып, спорттың әр түрі бойынша жүлделі орындарды еншіледік.

Бір бұл емес, осы қараша айында ғана өнерпаз қыз-жігіттеріміз Жайдарман ойындарының слетіне қатысып, өнер көрсетті. Мұның барлығы қоғамдық өмірімізден келтірілген бірер мысал ғана. Қоғамның игілігі үшін әлі де қомақты үлес қоса беретінімізге сенімдімін.

— Сөз соңында алдағы уақыттағы жоспарларыңызбен бөлісе кетсеңіз.

— Алдағы уақытта да «БЖЗҚ АҚ алдына қойып отырған мақсат-міндеттерді орындауда табыстарға жетеміз деген ойдамын. Дегенмен, келергі жылы Қор салымшыларына электронды қызмет көрсету көлемін ұлғайтып, тұрғындардың зейнетақы мәселесі бойынша қаржылық сауаттылығын арттыра түсуді көздеудеміз.

— Сұхбатыңыз үшін рахмет. Қызметтеріңіз әрдайым табысты болсын!

Сұхбаттасқан Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ «Семей таңы».{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымына бақылау күшейтілді

21.08.2026
Абай облысында акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымына бақылау күшейтілді

Абай облысында алкоголь өнімдері, темекі бұйымдары және мұнай өнімдерінің заңды айналымын қамтамасыз ету бағытында мемлекеттік бақылау жүргізілуде. Негізгі мақсат –...

Толығырақ...Details

Абай облысында «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары марапатталды

21.08.2026
Абай облысында «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Бүгін Семейде өнегелі өмірімен ұрпаққа үлгі болып жүрген отбасыларды ұлықтауға арналған «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңі жеңімпаздарын марапаттау рәсімі...

Толығырақ...Details

«Біз бірлескен жобаларды дамытып, тиімді әдіс-тәсілдермен тәжірибе алмасуға, көшбасшылар мен үйлестірушілерді даярлауға тиіспіз», – Аида Балаева ТМД волонтерлерінің I форумында

21.08.2026
«Біз бірлескен жобаларды дамытып, тиімді әдіс-тәсілдермен тәжірибе алмасуға, көшбасшылар мен үйлестірушілерді даярлауға тиіспіз», – Аида Балаева ТМД волонтерлерінің I форумында

Астанада Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы волонтерлерінің I форумы басталды. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған форум ТМД Үкімет басшылары кеңесінің...

Толығырақ...Details

59 мың сұрақ және жеті партия көшбасшысы: «Басты дебат – 2026» қалай өтті?

21.08.2026
59 мың сұрақ және жеті партия көшбасшысы: «Басты дебат – 2026» қалай өтті?

Құрылтай сайлауына санаулы күн қалды. 19 тамызда партиялар сайлауалды науқанның мазмұнды өткен соңғы күндерінің бірін өткізді. Кандидаттар мен партия өкілдері...

Толығырақ...Details

Атом электр станцияларында радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің заманауи жүйелері

20.08.2026
Атом электр станцияларында радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің заманауи жүйелері

Атом энергетикасы туралы сөз болғанда, адамдарда туындайтын алғашқы сұрақтардың бірі – қауіпсіздік мәселесі. Қазіргі атом электр станцияларында радиациялық қауіпсіздік қалай...

Толығырақ...Details

Сайлау күні басқа қалада болсаңыз, қалай дауыс беруге болады

20.08.2026
Сайлау күні басқа қалада болсаңыз, қалай дауыс беруге болады

Егер дауыс беру күні басқа қалада, облыста немесе елде болып, тұрақты тіркелген жеріңіз бойынша дауыс бере алмайтын болсаңыз, қазір есептен...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымына бақылау күшейтілді

1 день бұрын

Абай облысында «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары марапатталды

1 день бұрын

«Біз бірлескен жобаларды дамытып, тиімді әдіс-тәсілдермен тәжірибе алмасуға, көшбасшылар мен үйлестірушілерді даярлауға тиіспіз», – Аида Балаева ТМД волонтерлерінің I форумында

1 день бұрын

59 мың сұрақ және жеті партия көшбасшысы: «Басты дебат – 2026» қалай өтті?

1 день бұрын

Атом электр станцияларында радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің заманауи жүйелері

2 дня бұрын

Сайлау күні басқа қалада болсаңыз, қалай дауыс беруге болады

2 дня бұрын

Қазақстанның атом саласын дамыту — энергетика, өнеркәсіп, ғылым, технология және кадр даярлау бағыттарын қамтитын кешенді жұмыс

3 дня бұрын

«Әділет» партиясы ел өңірлерінен жиналған МИБ, ПИК төрағалары мен сарапшылармен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерін талқылады

3 дня бұрын

Абай облысының мамандары бақша дақылдарын қауіпсіз сатып алу және тұтыну ережелерін еске салды

3 дня бұрын

ЕГЕР САЙЛАУ КҮНІ БАСҚА ЕЛДІ МЕКЕНДЕ БОЛСАҢЫЗ, ҚАЛАЙ ДАУЫС БЕРУГЕ БОЛАДЫ?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС