"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

СЕМЕЙДЕ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛГЕН КЕРЕМЕТ КЕШЕН Тәуелсіздік мерекесіне тарту болды

20.12.2019
10
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Тәуелсіздік күні қарсаңында Семейдегі Қарағайлы ықшам ауданында көптен күткен көпсалалы мәдени-спорттық кешен ашылды. Нысанның ашылу салтанатына ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов, қала әкімі Ермак Сәлімов және зиялы қауым өкілдері, қала тұрғындары, өнер ұжымдары қатысты. Осы күні аталған ауданнан көпбалалы және әртүрлі қиын жағдайға тап болған 40 отбасыға пәтер кілттері табысталды.

БҰЛ КҮНІ 40 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Пәтер кілттерін ҚР Премьер-мини-стрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов табыстады. Қоныс тойын тойлағандар қатарында Айтбек Жетпісов, Баян Жақсыбаева, Нәйла Мұхамедова, Гүлзада Төлеубаева, Оралбек Оразбеков, Мұхтарбек Қуанов, «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы, шебер Абылайхан Асылбай және басқалары болды.

— Көпбалалы отбасы ретінде 1998 жылдан бастап тұрғын үй кезегінде тұрдық. Жолдасым 2007 жылы қайтыс болды да, үй кезегі менің атыма ауысты. Бүгін, міне, арада 21 жыл өткенде сатып алу құқығынсыз баспанаға қол жеткізіп отырмыз. Мемлекетке алғыс айтамын, ризамын. Дегенмен, алдағы уақытта пәтер өз атымызға аударылса, бұдан да жақсы болар еді,- дейді Бақытгүл Ахмадиева атты тұрғын.

ІІ топтағы мүгедек Ризагүл Қаппасова-ның да енді өз шаңырағы бар.

— Тәуелсіздік мерекесімен және бүгінгі қуанышты күнмен барлықтарыңызды құттықтаймын! Елбасыға, Президентімізге көп рақмет! 25 жыл пәтер кезегінде тұрдым, үйім болған жоқ. Енді өз шаңырағым бар. Елімізде тек жақсылық болса екен. Әр отбасыға бақыт пен береке, тыныштық тілеймін,- деді қуанышымен бөліскен Ризагүл Қаппасова.

МӘДЕНИ-СПОРТТЫҚ КЕШЕН-МЕРЕКЕГЕ ЛАЙЫҚТЫ ТАРТУ

Тәуелсіздік күні қарсаңында Семейде бірегей мәдени-спорттық кешен ашылды. Жалпы аумағы 33,8 мың шаршы метрді құрайтын нысан үш блоктан тұрады. Орталық блокта 5 мың көрерменге арналған арена орналасса, бір блок түгелдей бассейнге арналған. Мұнда ұзындығы 50 метрді құрайтын 10 жүзу жолағы бар олимпиадалық бассейн, 20х20 метрлік синхронды жүзуге арналған, сондай-ақ 10 метрлік мұнарасы мен трамплині бар бассейндер орналасқан. Кешеннің тағы бір бөлігінде тренажер, бокс, би залдары, кинотеатр, дәмхана, балалар ойын алаңы сияқты көңіл көтеретін орындар халыққа қызмет ететін болады.

Семейліктер көптен күткен мәдени-спорттық кешеннің ашылуына орай қазақстандық эстрада жұлдыздарының және жергілікті шығармашылық ұжымдардың қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Бес мың көрерменге қазақстандық эстрада жұлдыздары – Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры солистері М.Чотабаев, Т.Күзембаев, «Vox Acapрella», «Алау» вокалдық тобы, танымал әнші Ayree өнер көрсетті. Жергілікті шығармашылық ұжымдардан бас дирижер А.Галсановтың жетекшілігімен ШҚО әкімінің симфониялық оркестрі, бас дирижер Ш.Рысхановтың жетекшілігімен Байжігіт атындағы Қазақ халық аспаптар оркестрі, Ә.Қашаубаев атындағы облыстық филармонияның «Бибігүл» Қазақ халық аспаптар оркестрі, Абай атындағы театрдың әртістері, студенттік симфониялық оркестр, М.Төлебаев атындағы музыка колледжінің би ұжымы, Шәкәрім атындағы университеттің Жоғары агротехникалық колледжінің студенттері, Семей қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылар хоры, ШҚО Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Ертіс концерт» ұжымдары, балалар вокалдық конкурстарының лауреаттары — Ақжол Бияхмет, Нила Набережных, Дарина Магауина, «Flash» заманауи би студиясы және басқалар өнер көрсетті.

Салтанатты шара барысында бас мердігер компания «Фирма АЗИЯ» ЖШС директоры Сәуле Досқожанова кешеннің кілтін қала әкімі Ермак Сәлімовке табыстады.

Қала тұрғындарын құттықтау үшін ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловқа сөз берілді.

— Қадірменді қауым, құрметті ханымдар мен мырзалар! Ең алдымен баршаңызды еліміздің ең қастерлі де ұлы мерекесі — Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Ширек ғасырдан астам уақытта татулықты ту еткен бейбіт халқымыз Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында қарқынды даму жолына түсті. Қазақстан әлемдік аренада өз орнын алып, дүние жүзіне танылды. Шекарамыз шегенделіп, ел тұтастығы қамтамасыз етілді. Біздің ең басты құндылығымыз – көп ұлтты халқымыздың берекесі мен бірлігі. Ел экономикасының өркендеп өсуіне Шығыс Қазақстанның да қосқан үлесі зор.

Ардақты ағайын, бүгінгі күн біз үшін өте маңызды. Осынау айтулы мереке қарсаңында қасиетті Семей жерінде, ұлы Абай елінде жаңа спорттық-мәдени кешен ашылып отыр. Бұл кешен — Елбасының ұлы Абайдың 175 жылдығына орай Ұлы даланың рухани астанасы, спорттың және мәдениеттің мекені Семей халқына деген тамаша тартуы. Халықаралық стандарттарға сай келетін заманауи спорт нысаны халық үшін, біздің болашағымыз жастар үшін бой көтерді. Дәл осы жерден Олимпиада шыңын бағындырар ұландарымыз шығарына, ел мерейін әлемдік ареналарда асқақтатарына сенімім мол. Сіздерді баға жетпес басты мерекеміз — Тәуелсіздік күнімен тағы бір мәрте құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін,- деген  Әлихан Асханұлы еліміздің экономикалық даму көрсеткіштеріне де тоқталып, алдағы жылдарды ауылдарды дамытуға, микро және шағын кәсіпкерлікті қолдауға көңіл бөлінетінін баса айтты.

— Тәуелсіздік жылдары шетелдерден 335 млрд доллардан астам инвестициялар тартылды. Экономикамыз 4,4 пайызға тұрақты өсу серпінін көрсетіп отыр. 2025 жылға дейін негізгі капиталға инвестициялар деңгейін жалпы ішкі өнімнің 30%-на дейін жеткізу жоспарлануда. Ол үшін 40 трлн-нан астам инвестиция тартуға мүмкіндік беретін жобалар белгіленді. Экономиканың негізгі күші кәсіпкерлік болуы тиіс. Шағын және орта бизнес үлесі бүгінгі күні 28,5 %-ды құрайды. 2025 жылға дейін бұл көрсеткішті 35%-ға жеткізу міндеті тұр. Ол үшін жүйелі шаралар қабылданды. Алдағы екі жылда «Еңбек» бағдарламасы бойынша 1,5 млн адам шағын несиемен қамтамасыз етіледі. 750 мыңнан астам қосымша жаңа жұмыс орны ашылады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2020 жылдан бастап арнайы салық режімін қолданатын микро және шағын бизнес субъектілері табыс салығын төлеуден үш жылға босатылады. Оның ішінде ШҚО-да 102 мыңнан астам салық төлеушілер үшін үнемдеу 22 млрд теңгені құрайды. Бұл кәсіпкерлерге қаражатын бизнесін кеңейтуге жұмсауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге микро және шағын бизнесті тексеруге үш жылға тыйым салу күшіне енеді. Жалпы, іске асырылып жатқан шаралар бойынша бизнес жүргізу жеңілдігі рейтінгісінде әлемнің 190 елінің арасынан Қазақстанның 25-ші орынға ие болуына мүмкіндік берді. Сонымен қатар бүгінде өңірлерді қолдау бағдарламалары, әсіресе ауылдарды қолдауға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған бағдарламалар іске асырылуда. Мысалы, алдымыздағы алты жылда ауылдарды дамытуға шамамен 2 трлн теңге бөлінетін болады, — деді Әлихан Смайылов.

Мерейлі мерекемен тұрғындарды Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов те құттықтады.

— Қадірменді қауым, құрметті жерлестер! Баршаңызды еліміздің ең ұлық мерекесі Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Тәуелсіздік – орындалған асқақ арманымыз. Елбасымен бірге қол жеткізген ең бағалы бақытымыз, берекелі бүгініміз, баянды болашағымыз. Тәуелсіздік — жаңа тұрпатты Қазақстан мемлекетінің барлық тарихи жеңістерінің қайнар көзі, тұнық бастауы. Осы тарихи кезеңде еліміздің қазанына құт бітіп, ырысы толды. Ең бастысы, халқымыздың күлкісі шат, ұйқысы тыныш. Тәуелсіздік арқасында ел экономикасы еңсе тіктеп, қарыштап дамыды. Тарихымыз түгенделіп, шекарамыз шегенделді. Бұл ретте бәріміз мойындайтын ақиқат, даусыз шындық бар. Осы игіліктерге біз Қазақстан халқымен бірге Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың арқасында жеттік. Бүгінгі басты мұратымыз – қасиетті Отанымызды көздің қарашығындай сақтап, тәуелсіздік тұғырын одан әрі биіктету,- деген Даниал Кенжетайұлы облыстың үздік мамандарына мемлекеттік марапаттар табыстады.

Атап айтсақ, «Парасат» орденімен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Арап Еспенбетов; «Құрмет» орденімен белгілі археолог, профессор Әбдеш Төлеубаев, «Абай Құнанбаев» қоғамдық қорының президенті Балтабек Ерсәлімов, Бородулиха ауданының «Труд» шаруа қожалығының басшысы Александр Лехнер, Алтай облысының әкімі Нұржан Тоқсеитов, «Нұр» шаруа қожалығының директоры Қайырхан Шәкәрімов марапатталды. Бес адам III дәрежелі «Еңбек даңқы» орденін, Шығыс Қазақстан облысының 20 тұрғыны «Ерен еңбегі үшін» медалін иеленді. Оның ішінде Зайсан ауданындағы «Ақбай» шаруа қожалығының жетекшісі, көпбалалы ана Сәулеш Әбілғожина, Бесқарағай ауданының еңбек ардагері Тимофей Глазинский, Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей директорының орынбасары Светлана Тинкова, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Сәуле Улакова, «Рудный Алтай» газетінің редакторы Ольга Шабалина, Бородулиха аудандық ауруханасының бөлім меңгерушісі Гүлнар Жүнісова, т.б. бар. Сонымен қатар бұл күні 5 адам «Шапағат» медаліне және 12 адам Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасына ие болса, «Қалаға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен мәдениет, білім, спорт, өнеркәсіп және бизнес саласында тер төккен белсенділер марапатталды.

Семей қаласындағы Ядролық медицина және онкология орталығы директорының орынбасары Татьяна Белихина, «Елім-ай-Көкпекті» ЖШС директоры Болат Бекбердиев, «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы, Шемонайха ауданындағы өнер мектебінің оқытушысы Валентин Алифанов жерлестерін Тәуелсіздік күнімен құттықтап, өз қызметтері жайлы айтып өтті.

Концерттік бағдарлама соңында   салтанатты іс-шараға қатысушылар «Қазақстан» композициясын орындады.

Осылайша, көптен күткен еліміздегі бірегей мәдени-спорттық кешеннің ашылуы өз деңгейінде өтті. Алдағы уақытта нысан семейліктердің ғана емес, республика жұртшылығының сүйікті демалыс орнына айналатынына сенім мол. Енді Семей қаласы халықаралық байқаулар мен жарыстардың орталығына айналмақ.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Қайта жаңғыртылған екі теміржол вокзалы елімізде алғаш рет Абай облысында пайдалануға берілді

12.06.2026
Қайта жаңғыртылған екі теміржол вокзалы елімізде алғаш рет Абай облысында пайдалануға берілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының вокзал инфрақұрылымын жаңғырту бағдарламасы аясында республика бойынша 124 вокзалды...

Толығырақ...Details

Президент тапсырмаларының орындалуы – облыс әкімінің қатаң бақылауында

12.06.2026
Президент тапсырмаларының орындалуы – облыс әкімінің қатаң бақылауында

Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен Президенттің тапсырмаларының орындалуы жайында арнайы жиын өтті. Жиынға басқарма басшылары қатысты. Аудан-қала әкімдері бейнережимде...

Толығырақ...Details

Курчатовта 130-дан астам тұрғын Ертіс жағалауында өткен экологиялық акцияға қатысты

12.06.2026
Курчатовта 130-дан астам тұрғын Ертіс жағалауында өткен экологиялық акцияға қатысты

Қала тұрғындары жағалау мен «Ақ балкон» деп аталатын тарихи нысанының аумағын тазалап, өңірдің маңызды табиғи аймақтарының бірін сақтауға өз үлестерін қосты. Абай...

Толығырақ...Details

Абай облысында мүліктен түсетін табысқа қатысты талаптар түсіндірілді

12.06.2026
Абай облысында мүліктен түсетін табысқа қатысты талаптар түсіндірілді

Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде жеке тұлғалардың мүлік табысына қатысты салық заңнамасы түсіндіріліп жатыр. Бұл туралы департаменттің Түсіндіру жұмыстары...

Толығырақ...Details

Семейде қоқыс алаңдарына қатысты талап бұзушылықтар әлі де кездеседі

12.06.2026
Семейде қоқыс алаңдарына қатысты талап бұзушылықтар әлі де кездеседі

Семей қаласында қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және шығару саласында бірқатар мәселе әлі де өзекті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен...

Толығырақ...Details

Garmin брендінің сағаты үшін 700 мың теңге қайтарылды

11.06.2026
Garmin брендінің сағаты үшін 700 мың теңге қайтарылды

Абай облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне азамат К.-дан танымал маркетплейстердің бірінен сатып алынған қымбат Garmin брендінің сағатына...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Қайта жаңғыртылған екі теміржол вокзалы елімізде алғаш рет Абай облысында пайдалануға берілді

3 дня бұрын

Президент тапсырмаларының орындалуы – облыс әкімінің қатаң бақылауында

3 дня бұрын

Курчатовта 130-дан астам тұрғын Ертіс жағалауында өткен экологиялық акцияға қатысты

3 дня бұрын

Абай облысында мүліктен түсетін табысқа қатысты талаптар түсіндірілді

3 дня бұрын

Семейде қоқыс алаңдарына қатысты талап бұзушылықтар әлі де кездеседі

3 дня бұрын

Garmin брендінің сағаты үшін 700 мың теңге қайтарылды

4 дня бұрын

Тұтынушыға 5 миллион теңгеден астам қаражат қайтарылды

4 дня бұрын

Курчатовта 130-дан астам тұрғын Ертіс жағалауында өткен экологиялық акцияға қатысты

4 дня бұрын

101 жылдан кейін қайта жаңғырған дәстүр: Қайрат Қабышевтің рекордтық бастамасы ұлттық өнерді дәріптеуге бағытталған

5 дней бұрын

Традиция, возрождённая спустя 101 год: рекордная инициатива Кайрата Кабышева направлена на популяризацию национального искусства

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС