"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЕЛДІ ЕЛЕҢ ЕТКІЗГЕН ЕРЕКШЕ ҰСЫНЫС

24.12.2019
5
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Жыл соңында республика тұрғындары арасында ең көп талқыға түскен елеулі жаңалықтың қатарында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Азат Перуашевтың Премьер-министр Асқар Маминге Семейге республикалық маңызы бар қала мәртебесін беру туралы ұсынысын айтуға болады.

Өткен жылы Шымкент қаласы дәл осындай мәртебеге ие болып, Түркістан облыс орталығына айналған болатын. «Ақ жол» партиясынан сайланған депутат бұл оқиға тұтас аймақтың дамуына зор ықпал еткенін атап айтты. Сондай-ақ «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құ-рылысы туралы» Заңына сәйкес, халық саны бір миллион адамнан асатын немесе ерекше мемлекеттік маңызы бар қалаларға республикалық маңызы бар қала мәртебесі берілетінін еске салып өткен Азат Перуашев:

– Біздің ойымызша, Семей ерекше маңызы бар қалалардың қатарында болуы тиіс. Ол – ұлы Абай мен Мұхтардың туған топырағы ғана емес, Алаш Орда идеологиясының бесігі. Сол себепті мемлекет басшысының атына ұсыныс дайындау қажет,– деп түйіндеді.

Мәжіліс депутаты айтып өткендей, Семей қаласы шекаралық аймақта орналасқандықтан, сауда-саттық пен ел экономикасының өсуіне де оң ықпал жасайды. Көптен бері облыс орталығы мәртебесінен айырылған Семей шаһарының бүгінгі келбеті осындай үлкен өзгерісті қажет етіп-ақ тұр… Әлеуметтік желідегі халық пікіріне  назар аударсақ, Семей қазақтың рухани астанасы деген атауына қай жағынан болмасын толығымен лайықты болуы тиіс. Бұл — әрбір ұлтжанды азаматтың намысына сын болатын мәселе.

Осы жерде айта кеткен жөн болар, елорда төрінде отырса да Азат Тұрлыбекұлы Алаш тақырыбын жиі көтеріп жүр. Бұл бастама да кешегі Алашорданың бас кеңсесі орналасқан Семей қаласының тарихи һәм рухани маңыздылығын биіктетуге бағытталып отырғаны анық. Бұл ұсыныстың Парламенттегі өз жерлестеріміздің тарапынан жасалатын жөні бар еді…

Егер Мәжіліс төріндегі ақжолдық төраға ұсынған ақжолтай ұсыныс қабылданып, Семейге республикалық маңызы бар қала мәртебесі берілсе, оған тек семейліктер ғана емес, алаш атын ардақ тұтатын күллі республика халқы үшін қуанышты оқиға болары  сөзсіз.

«СТ» — ақпарат{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

04.11.2026
Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

Бүгін Семейде дарынды балаларға арналған жаңа облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің іргетасын қалау рәсімі өтті. Салтанатты шараға облыс әкімі Берік Уәли,...

Толығырақ...Details

Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

04.11.2026
Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

Астанада Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев жастармен және креативті индустрия өкілдерімен кездесті. Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

КӨКПЕКТІ АУДАНЫНДА БЕС АУЫЛДЫҢ СУ ҚҰБЫРЫ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ

04.11.2026
КӨКПЕКТІ АУДАНЫНДА БЕС АУЫЛДЫҢ СУ ҚҰБЫРЫ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ

Көкпекті ауданында елді мекендерді таза ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Биыл Ақой ауылындағы су құбыры желілерінің құрылысы толық аяқталып,...

Толығырақ...Details

Көкпекті ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда

04.11.2026
Көкпекті ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда

Көкпекті ауданында 2026 жылдың 10 айында әлеуметтік-экономикалық даму, ауыл шаруашылығын қолдау, инфрақұрылымды жаңғырту және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру бағытында...

Толығырақ...Details

Азияның академиялық кеңістігіндегі жаңа көрсеткіш

04.11.2026
Азияның академиялық кеңістігіндегі жаңа көрсеткіш

QS Quacquarelli Symonds халықаралық талдау агенттігі Азияның үздік университеттерінің QS Asia University Rankings 2027 рейтингін жариялады. Аталған рейтингке Азияның 26...

Толығырақ...Details

Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшылық орнын сақтап қалды: еліміздің үш жетекші университеті Азияның үздік 100 жоғары оқу орнының қатарына енді

04.11.2026
Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшылық орнын сақтап қалды: еліміздің үш жетекші университеті Азияның үздік 100 жоғары оқу орнының қатарына енді

QS Quacquarelli Symonds халықаралық талдау агенттігі Азияның үздік университеттерінің QS Asia University Rankings 2027 рейтингін жариялады. Қазақстан Орталық Азия елдері...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

14 часов бұрын

Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

16 часов бұрын

КӨКПЕКТІ АУДАНЫНДА БЕС АУЫЛДЫҢ СУ ҚҰБЫРЫ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ

16 часов бұрын

Көкпекті ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда

16 часов бұрын

Азияның академиялық кеңістігіндегі жаңа көрсеткіш

18 часов бұрын

Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшылық орнын сақтап қалды: еліміздің үш жетекші университеті Азияның үздік 100 жоғары оқу орнының қатарына енді

19 часов бұрын

Су – стратегиялық ресурс: Президент оны үнемді пайдаланудың маңызын атап өтті

19 часов бұрын

Денсаулық сақтау құқығы Конституцияда қалай бекітілген?

19 часов бұрын

Абай облысы бойынша МКД: валюталық заңнаманы бұзғаны үшін 150 млн теңгеден астам айыппұл салынды

20 часов бұрын

2027 жыл Қазақстанда ауқымды құрылыс жылы болмақ

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС