"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІ»ДЕРБЕС БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫ БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАЙДЫ

25.12.2019
«НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІ»ДЕРБЕС БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫ БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАЙДЫ
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдары 2020-2021 оқу жылына 7 сынып оқушыларын қабылдау мақсатында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөнінде байқау жариялады. Осыған орай 24 желтоқсан күні ақпараттық орталықта Семей қаласының Назарбаев зияткерлік мектебінің директоры Бағдан Қайыржановтың және орынбасары Гүлнара Қайырханованың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.

Осыдан он жыл бұрын әлемдегі және елдегі озық жүйені жинақтап, тәжірибелік алаң ретінде құрылған Назарбаев зияткерлік мектептері бүгінде халықаралық мектеп дәрежесіне жетті.

«Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдары Халықаралық мектептер кеңесінің (CIS), Юнеско мектептері Ассоциацияның, ЮНЕСКО клубының мүшесі. NIS-PROGRAMM деп аталатын оқу бағдарламасы дүниежүзінің көптеген елдерінде, сонымен қатар рейтингі жоғары оқу орындарында мойындалып отыр.

— «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдарында 7 сынып оқушылары үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөнінде байқау жарияланды. Құжаттарды қабылдау 2019 жылғы 18 желтоқсан мен 2020 жылғы 31 қаңтар аралығында Семей қаласы бойынша Қарағайлы ықшамауданы, 1 мекенжайы бойынша жүргізіледі. Зияткерлік мектепке түсуге іріктеу конкурсына қатысу үшін үміткер өтініш беріп, сауалнама толтырады. Және Туу туралы куәлігінің көшірмесі, ЖСН, заңды өкілінің ЖСН көрсетілген жеке куәлігінің көшірмесі, 086/у форматындағы медициналық анықтамасы керек. Үміткер құжаттарды желтоқсан айына дейін тапсырса 5 сыныптың, егер қаңтар айында тапсырса 6 сыныптың І жарты жылдық табелі қабылданады. Құжаттар дүйсенбі-сенбі күндері сағат 9.00-18.00 аралығында, ал жексенбі күндері 10.00-15.00 аралығында қабылданады,- дейді Семей қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебі директорының орынбасары Гүлнара Қайырханова. Үміткерлер білім деңгейін тексеру үшін ақылы сынақ тестілеуге қатыса алады. Барлығы бес сынақ тестілеу жоспарланған. Алдағы уақытта 4 қаңтар, 18 қаңтар және 1 ақпан күндері өтетін сынақ тестілеуді тапсыру мүмкіндігі бар.

Тестілеу математика, сандық сипаттама, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінен өтеді. Ең жоғарғы ұпай – 1300 балл: математика пәнінен 400 балл, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінен 200 баллдан және сандық сипаттамадан 300 балл.

— Негізгі тестілеу 14-15 наурыз күндері өтеді. Үміткерлер бірінші күні математика пәнінен және логикалық қабілетінен сынақ тапсырады. Тапсырмаларды орындауға алпыс минут уақыт беріледі. Ал келесі күні қазақ, орыс, ағылшын тілдерінен емтихан алынады. Оған қырық минут уақыт беріледі. Математика бойынша шекті балл — 140, сандық сипаттамадан — 120 балл, — дейді Г.Қайырханова.

Айта кетейік, Назарбаев зияткерлік мектебінің «NIS-PROGRAMM» оқу бағдарламасы бойынша бітірген түлектерге дүние жүзіндегі кез келген оқу орнында оқуға мүмкіндік беріледі. Назарбаев зияткерлік мектебіне білім алушылар тек 7 сыныпқа түсетін кезде қабылданады. Семей қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебіне шет ауылдардан қабылданған оқушылар үшін 120 орындық жатақханасы бар.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, 8(7222) 63-63-50, 63-22-81 нөмірлеріне хабарласуға болады. Сонымен қатар толығырақ ақпаратты www.nis.edu.kz сайтынан ала аласыздар.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы

{jcomments off}

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

11 минут бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

22 минуты бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

4 часа бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

1 день бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

1 день бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

1 день бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

1 день бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

1 день бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

1 день бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС