"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫ ҚАЛАМЫЗДА

14.01.2020

Өткен аптада Семейге жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Мәжілісінің депутаттары Василий Олейник, Евгений Козлов және Жанат Омарбекова келіп, бірқатар нысандарды аралап, жұртшы-лықпен кездесті.

Апта бейсенбісінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жанат Ануарбекқызы Омарбекова және Семей қаласы мәслихатының хатшысы Бейсенбек Ақжалов, «Nur Otan» партиясы Семей қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Айнұр Арғынбекова, ШҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Шәріпова Семей медициналық университетінде болды.

Қонақтарға алдымен университетке қысқа экскурсия ұйымдастырылып, оқу ордасының оқытушылар мен студенттерге қызмет көрсету орталығының, оқу-клиникалық орталығының, анатомиялық мұражай мен аудио-бейнежазба студиясының жұмыстары таныстырылды.

Кездесу барысында «Семей медицина университеті» КеАҚ басқармасы төрағасы Ерсін Жүнісов оқу ордасының «білім, ғылым және клиника» үштігіндегі жетістіктері туралы баяндама жасап, дәрігер мәртебесі туралы Заң жобасын әзірлеуді ұсынды. Өз кезегінде Жанат Ануарбекқызы мұндай кодекс Парламентте қарастырылып жатқанын жеткізді. Сонымен қатар депутат университеттің кафедра меңгерушілерімен бірге «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР-ның жаңа кодексін талқылап, дәрігерлер мен оқытушылардың ұсыныстарын тыңдады. Отырыс барысында сондай-ақ ядролық сынақ полигонынан зардап шеккендердің зейнет жасын қысқарту және денсаулықтарын оңалту, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жағдай жасау мәселелері сөз болды.

Келесі күні ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Василий Олейник, Евгений Козлов және Жанат Омарбекова «Nur Otan» партиясының Семей қалалық филиалында қалалық мәслихат депутаттарымен кездесті. Мұнда мәслихат депутаттары шаһардағы әлеуметтік-экономикалық мәселелерге қатысты түрлі сауалдарын қойды. Қалалық  мәслихат депутаты әрі Қоғамдық кеңес төрағасы Зүлфия Фазылжанова медицина саласына қатысты жергілікті халықты толғандыратын сауалдардың көп екенін жеткізе келе, Семейге берілген мәртебені пайдалана отырып, қаланың өзіне қарасты денсаулық сақтау бөлімін ашуды өтінді. Қоғамдық кеңес мүшесі Жанар Құсайынова ядролық сынақ полигонынан зардап шеккендерді зейнеткерлікке ерте шығару және жастарға экологиялық өтемақы төлеу туралы ұсынысын жеткізді. Депутат Р.Хазипов Семейде арнаулы экономикалық аймақ ашу жайын қозғаса, Электротехникалық колледж директоры Азат Сәрпеков ресми емес қысқа мерзімді курстарды лицензиялауды өтінді.

Депутаттар жиын барысында айтылған барлық ұсыныстарды мұқият тыңдап, заң шеңберінде қарастыратындарын жеткізді. Сондай-ақ Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай Абай музейіндегі жөндеу жұмыстарын қадағалауды қалалық мәслихат депутаттарына тапсырды.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»{jcomments off}

 

 

Ұқсас жаңалықтар

БҰҰ-да Қазақстанның халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысы қаралады

21.11.2026
БҰҰ-да Қазақстанның халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысы қаралады

Тоқаевтың бастамасы Абу-Дабиде су саласындағы халықаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері аясында талқыланады. Қазақстанның Халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысын...

Толығырақ...Details

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

«АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысында Мемлекет басшысының «Халықтық құрылыс» бастамасы және оны өңірде жүзеге асыру жолдары талқыланды. Отырыста Абай облысы...

Толығырақ...Details

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында инклюзивті білім беру мәселесіне назар аударылды. Бұл мәселе Абай облыстық «АйтClub» интеллектуалды клубының...

Толығырақ...Details

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

20.11.2026
Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

Абай облысында қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және өңірлік даму мәселелерін сарапшылармен бірге талқылауға арналған «АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысы өтті. Жаңа пікірталас...

Толығырақ...Details

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

19.11.2026
66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны 66-күнге жетті. Осы уақыт ішінде қатысушылар 1,5 миллионнан астам кітап оқыды. Қазір қатысушылар марафонның бесінші...

Толығырақ...Details

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

19.11.2026
Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген «Халықтық құрылыс» бастамасы, экономиканы әртараптандыру, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту және еңбек адамдарының әл-ауқатын арттыру мәселелері...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

БҰҰ-да Қазақстанның халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысы қаралады

17 часов бұрын

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

2 дня бұрын

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

2 дня бұрын

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

2 дня бұрын

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

3 дня бұрын

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

3 дня бұрын

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

3 дня бұрын

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

3 дня бұрын

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

3 дня бұрын

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС