"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АҚЫН ӘЛЕМІН АЙШЫҚТАҒАН КӨРМЕ

14.01.2020
5
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Жуырда, Ұлы Абайдың 175 жыл-дық мерейтойына орай, облыс-тық Абай атындағы кітапханада тағылымдық мәні зор шара өтті. Қаламыздағы оқу орындарының студенттері, зиялы қауым өкілдері қатысқан басқосу барысында арнайы кітап көрмесі де ұйымдастырылып, жұртшылыққа кеңінен таныстырылды.

Айта кетсек, «Абай мұрасы — адамзаттың баға жетпес қазынасы» деген атаумен өткен көрменің көздеген негізгі мақсаты аудиторияны Абай мұрасына арналған сирек кітаптармен таныстыру болатын. Көрмеге қойылған туындыларға әсіресе жастар жағы ерекше ықыластық танытты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталмыш көрме бес бөлімнен тұрады. Оның ішінде өз заманында хакім Абай оқыған, құмартқан кітаптар қоры жеке әзірленген. Сонымен қатар «Абай сирек басылымдар беттерінде»; «Жергілікті өлкетану тарихындағы Абай дәуірі»; «Абай мұрасы – адамзаттың баға жетпес қазынасы» және «Абай шығармаларының аудармалары» атты бөлімдерге құнды кітаптар қойылған. Яғни Абайдың еңбектері ғана емес, ақын туралы кітаптар мен оның шығармаларының аудармалары да жинақталған. Мысалы, Құлмат Өмірәлиевтің «Абай афоризмі» атты туындысы ең көп оқылған кітаптар қатарында тұр. Сол тәрізді Абайдың өзбек, мадьяр және қытай тілдеріне аударылған еңбектері де ұсынылған.

Сирек басылымдардың ішінде Семей Орыс Географиялық Қоғамы бөлімінің жазбалары мен есептері, ауылшаруашылық шолулары, түрлі жылдардағы естелік кітапшалар қойылған. Көрме Семей қаласы мен Абай кітапханасының тарихымен, қаланың алғашқы өлкетану мекемелерінің қызметімен және саяси қуғын көргендердің жұмыстарымен таныстырады.

Мұнымен қоса танымдық, тағылымдық мәні зор көрмеде В.Белослюдовтің «Этнография туралы материалдар», Н.Коншиннің «Қырғыз шұбарына ескерту», «Семей облысына ауылшаруашылық шолуы», «Семей облысының мемориалды кітабы», «Семей аймақтық мәлімдемелері» және еліміздің тарихына арналған басқа да ерекше басылымдар ұсынылған. Олардың беттерінде осы мекемелердің қызметі және Абайдың қоғамдық қызметі туралы мәліметтер де тыңғылықты жинақталған.

— Біз осы шара арқылы оқырмандарға Абай әлемін кеңінен ашып, толығырақ танытуды мақсат тұттық. Атап айтсақ, Абай қандай кітаптар оқыды, Абай туралы не жазылды — осының бәрі біздің бүгінгі көрмеде айтылып отыр, — дейді бұл ретте бізге пікір білдірген облыстық Абай атындағы кітапхананың ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімінің жетекшісі Жанагүл Мынжыбаева.

Шара барысында студенттер қауымына Абай заманы, оның арман-мұраты туралы деректі фильм де көрсетілді.

Жиынға арнайы шақырылған құрметті қонақтар — этнограф, шежіреші Молдабек Жанболатов пен тарихшы Амантай Исин сынды ғалымдар Абай әлемі туралы көпшілік алдында келелі пікір білдіріп, аталмыш шараның маңызды жайында кең көлемде сөз қозғады.

Әлібек КЕМЕЛХАН, «Семей таңы»{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында жол-көлік оқиғаларының саны 41%-ға азайды

19.10.2026
Абай облысында жол-көлік оқиғаларының саны 41%-ға азайды

Абай облысында есепті кезеңде 465 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 41%-ға аз. Алайда жол апаттарынан қаза...

Толығырақ...Details

«e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

19.10.2026
«Е-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы негізсіз көтерілсе, не істеу керек? Әлеуметтік маңызы бар тауарлар (ӘМАТ) – халықтың күнделікті тұтынатын негізгі...

Толығырақ...Details

Бородулиха ауданындағы Петропавловка ауылында су құбырының 2,5 шақырымы жаңартылды

19.10.2026
Бородулиха ауданындағы Петропавловка ауылында су құбырының 2,5 шақырымы жаңартылды

Бородулиха ауданына қарасты Петропавловка ауылында сумен жабдықтау жүйесін жақсарту мақсатында магистральдық су құбырының 2,5 шақырымы ауыстырылды. Жөндеу жұмыстары су беру...

Толығырақ...Details

Берік Уәли сауда нысандарындағы кемшіліктерді 1 желтоқсанға дейін жоюды тапсырды

19.10.2026
Берік Уәли сауда нысандарындағы кемшіліктерді 1 желтоқсанға дейін жоюды тапсырды

Semeitany.kz - Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында аудандардағы сауда нысандарын жаңғырту және 2027 жылдан...

Толығырақ...Details

Берік Асылов Азия пара ойындарының жеңімпазы Еркін Ғаббасовты құттықтады

19.10.2026
Берік Асылов Азия пара ойындарының жеңімпазы Еркін Ғаббасовты құттықтады

Қазақстан спорттық ату федерациясының төрағасы Берік Асылов Жапонияда өтіп жатқан Азия пара ойындарында алтын медаль жеңіп алған қазақстандық спортшы Еркін...

Толығырақ...Details

Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

13.10.2026
Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласында «Абайға құрмет» акциясы аясында салынып жатқан спорт кешендері мен BINOM мектебінің құрылыс барысын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында жол-көлік оқиғаларының саны 41%-ға азайды

2 часа бұрын

«e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

3 часа бұрын

Бородулиха ауданындағы Петропавловка ауылында су құбырының 2,5 шақырымы жаңартылды

3 часа бұрын

Берік Уәли сауда нысандарындағы кемшіліктерді 1 желтоқсанға дейін жоюды тапсырды

3 часа бұрын

Берік Асылов Азия пара ойындарының жеңімпазы Еркін Ғаббасовты құттықтады

3 часа бұрын

Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

6 дней бұрын

Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

6 дней бұрын

СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

1 неделя бұрын

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

1 неделя бұрын

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС