"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ТОСЫН ЖАҒДАЙҒА ТАС ТҮЙІН ӘЗІР

14.01.2020
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Кеше, апта дүйсенбісінде, қалалық әкімдікте ШҚО әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметовтың қатысуымен арнайы брифинг өтті. Басты тақырып соңғы уақыттардағы байқалған Ертіс өзені суының өз деңгейінен көтерілуі және соның салдарынан болуы ықтимал тосын жайтқа даярлық шараларын пысықтау болды.

Жиналған БАҚ өкілдері алдында сөз алған Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов Ертіс өзені бойынша қазіргі таңда қалыптасқан жағдайға тоқталды. Соңғы тәуліктерде байқалғандай, өзен суы өз деңгейінен біршама жоғарылаған. Шамамен алғанда таңғы сағат сегізден кешкі сағат 8-ге дейінгі аралықта сағатына 3-5 сантиметр шамасында су ағынының көтерілуі тіркелген. Дегенмен бұл әзірге қалыпты құбылыс саналады. Себебі төтенше жағдай жариялауға негіз жоқ және апаттық жағдайдың шекті мөлшері тіркелмеген. Әйтсе де, «Жаман айтпай, жақсы жоқ» демекші, кез келген жайтқа әзірлік керек. Осы жайында сөз өрбіткен қала басшысы облыс әкімі Даниал Ахметовтің тапсырмасы аясында жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.

— Ертіс өзеніндегі су деңгейінің көтерілуі екі күн бұрын басталды. Қазіргі күні бұл жайтты толық бақылауға алдық. Облыс әкімі Даниал Кенжетайұлының тапсырмасымен арнайы жұмыс жүргіздік, — деген Ермак Бидахметұлы осынау бағытта атқарылып жатқан шаралар қатарына кеңінен тоқталды.

— Біздің назарымызда су жайылуы мүмкін аудандар тұрғындарын сақтандыру және ықтымал жағдай орын ала қалған шақта оларды орналастыру ісі тұр. Қаланың Шығыс кенті мен Пристань, Мирный аудандарына бірінші кезекте көңіл аударылуда. Оларға ескерту жасалды. Өткен түнде арнайы комиссия су жайылуы мүмкін делінген аумақтарды толық қарап шықты. Азаматтық қорғаныс жоғары деңгейде, — деген қала әкімі қауіптің алдын алу бойынша жарылыс жұмыстарын жүргізу жоспарда жоқ екенін айтты.

Осылайша, аталмыш жайтқа кеңінен тоқталған шаһар басшысы алып-қашпа әңгімелер мен қаңқу сөздерге жол бермеуге шақырды.

Су деңгейінің көтерілуіне мұз кептелістерінің орын алуы себеп болып отыр. Биылғы қыстың жылылығынан өзен бетіндегі мұз жұқа болды және мұздың ағын судың әсерінен бұзылуынан кептеліс туындау жағдайы жиілеуде. Болжам бойынша, өзен ағыны жиналған мұзды ағызып әкетіп, су өз бағытын табуы тиіс.

Жиын барысында айтылғандай, бұл жайтқа Шүлбі су электр станциясының еш қатысы жоқ. Қазіргі жағдай бірқалыпты, тұрақты. Дүрбелең туғызуға еш негіз жоқ. Арнайы құрылған штаб тәулік бойы бақылау жүргізуде.

Брифингте сонымен қатар көктемгі су тасқынының алдын алуға байланысты даярлық шаралары қазірден басталғаны да айтылды. Бұл ретте қала ішіндегі қызыл су басу қаупі жоғары аумақтардың картасы жасалынған. Сонымен қатар тікұшақ арқылы әуеден бақылау жұмыстары жүргізілетін болады.

Жиында Шүлбі су электр станциясының техникалық директоры Иван Долгопятов сөз алып, қазіргі таңдағы су деңгейінің көтерілуіне ГЭС-тің қатысы жоқ екенін қайталап жеткізіп, босатылатын су көлемін тек құзырлы орындардың рұқсатынсыз өзгерте алмайтынын жеткізді. Яғни, режімді өз еріктерімен өзгертуге құқылы емес. Сонымен қатар Ертіс бассейндік инспекциясымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жүргізуде.

Брифинг аяқталған соң бірқатар БАҚ өкілдері қала әкімімен бірге Ертіс су алабын, қала аумағын әуеден бақылап қайтты.

Өз тілшіміз{jcomments off}

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Президент Құрылтай жөнінде: бұл өзгеріс Қазақстанда тарихи сабақтастық бар екенін анық көрсетеді

26.06.2026
Тоқаев Құрылтайдың алдында қандай міндет тұрғанын атады

Тереңнен тамыр тартқан мемлекеттігіміздің жаңа кезеңіне қадам басқалы тұрмыз. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім...

Толығырақ...Details

30 жылда Парламент 3,5 мыңға жуық заң қабылдады — Президент

26.06.2026
30 жылда Парламент 3,5 мыңға жуық заң қабылдады — Президент

Қазақстан Парламенті отыз жылдан астам уақытта 3,5 мыңға жуық заң қабылдап, елдің құқықтық жүйесін қалыптастыру мен мемлекеттілікті нығайтуға елеулі үлес...

Толығырақ...Details

Президент: кейінгі үш жылда 300-ден астам өте маңызды заң қабылданды

26.06.2026
Президент: кейінгі үш жылда 300-ден астам өте маңызды заң қабылданды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Сенат және Мәжіліс депутаттарына ризашылығын білдірді. — Мен Парламенттегі қайнаған еңбектің, онда...

Толығырақ...Details

Президент: Электрондық Парламентті дамытуға басымдық беріледі

26.06.2026
Президент: Электрондық Парламентті дамытуға басымдық беріледі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Құрылтайдың технологиялық прогрестің жетекші факторы боларына үміт білдірді. Депутаттар заң шығару қызметінде цифрлық технологиялар мен...

Толығырақ...Details

Тоқаев Құрылтайдың алдында қандай міндет тұрғанын атады

26.06.2026
Тоқаев Құрылтайдың алдында қандай міндет тұрғанын атады

Қазақстан президенттік республика болып қала береді. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті. — Мемлекеттік...

Толығырақ...Details

Қазақстан халқы ассамблеясына тиесілі болған қызметтік міндеттер Халық кеңесіне өтеді — Тоқаев

26.06.2026
Қазақстан халқы ассамблеясына тиесілі болған қызметтік міндеттер Халық кеңесіне өтеді — Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында жаңа конституциялық орган — Қазақстан Халық Кеңесінің атқаратын қызметтері жөнінде мәлімдеме жасады....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Президент Құрылтай жөнінде: бұл өзгеріс Қазақстанда тарихи сабақтастық бар екенін анық көрсетеді

5 дней бұрын

30 жылда Парламент 3,5 мыңға жуық заң қабылдады — Президент

5 дней бұрын

Президент: кейінгі үш жылда 300-ден астам өте маңызды заң қабылданды

5 дней бұрын

Президент: Электрондық Парламентті дамытуға басымдық беріледі

5 дней бұрын

Тоқаев Құрылтайдың алдында қандай міндет тұрғанын атады

5 дней бұрын

Қазақстан халқы ассамблеясына тиесілі болған қызметтік міндеттер Халық кеңесіне өтеді — Тоқаев

5 дней бұрын

Ұлттық банктің негізгі пайыздық ставкасына қатысты мәселені пайымдап шешу керек — Президент

5 дней бұрын

Мемлекет басшысы: 20 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй салынды

5 дней бұрын

Тоқаев: Алдағы екі жылда 200-ден астам жаңа өндіріс орны ашылады

5 дней бұрын

Президент Қазақстанды Еуразияның іскерлік хабына айналдыру жөнінде айтты

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС