"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«АНА ТІЛІНІҢ АЙБАРЫНА» ҚҰРМЕТ

21.01.2020
14
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен аптаның жұмасы күні Семей қаласындағы №37 гимназияда қоғам қайраткері, «Ана тілінің айбары» төсбелгісінің иегері Бәтташ Сыдықұлының құрметіне арналған мемориалдық тақтаның салтанатты түрдегі ашылуы болып өтті. Аталмыш рәсімге Семей қаласы әкімдігінің басшылығы, шаһардағы зиялы қауым өкілдері мен Бәтташ Сыдықұлының ұрпақтары, шәкірттері, ұстаздар қауымы, қазақ тілінің жанашырлары мен жергілікті БАҚ өкілдері жиналды.

Салтанатты шара барысында жиналған көпшілік алдында Бәтташ Сыдықұлының тәлімін көрген шәкірттері сөз алып, ұстаздары жайында тебірене пікір білдіріп жатты. Бәтташ Сыдықұлы — шәкірт тәрбиесінде де елеулі жетістікке жеткен, талайдың жүрегіне жол тауып, шығармашылық мүмкіндіктерін ашқан, бү-гінгі таңдағы қаламыздың көптеген танымал азаматтарына ақылшы-ұстаз болған тұлға.

Ал оқу ордасының залында ұйымдастырылған басқосуда қала басшысының орынбасары Айдар Садырбаев құттықтау сөз алып, ізгі тілегін білдірді.

Мемлекеттік тілдің дамуына атсалысып, өңірімізде қазақ тілінде білім беретін мектептер мен бірқатар балабақшалардың ашылуына ұйытқы болған тұлға жайлы пікір білдірушілер оның еңбегі бүгінгі ұрпақтың игілігіне айналғанын толғана жеткізді. Соның бір мысалы ретінде 37-ші гимназияның ашылуына да Бәтташ Сыдықұлы бастамашы болғаны жайлы айтылды.

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының вице-президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Халықаралық «Ана тілі» газетінің тілшісі Орал Шәріпбаев та кешегі күндері қазақ тілінің қорғаны болған ел ағасының, қадірменді ұстаздың еңбек жолы мен қайраткерлігіне тоқталды.

Ал аталмыш мектептің директоры Жанат Малгаж-дарова БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында{jcomments off} оқушылардың жетістіктері жайында айтып өтті.

Қазіргі күні аталған оқу орны қаламыздағы жоғары оқу орындарымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жүргізеді. Ғылыми жұмыстармен айналысатын мектеп шәкірттерінің  көбі жүлделі орындар алып жүр.

Жалпы, қаламыздағы №37 гимназияда Бәтташ Сыдықұлының құрметіне осыған дейін «Шешендік сөз өнері» орталығы ашылған болатын. Бүгінде жас ұрпақтың ана тіліне құрметін арттыруда жан жақты жұмыс жүргізіп келеді. Аталмыш орталықтың жетістіктері жайында Гүлім Аспандиярова журналистер қауымына кеңінен әңгімелеп берді.

Өз тілшіміз

 

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

6 часов бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

6 часов бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

6 часов бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

6 часов бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

7 часов бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

8 часов бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

1 день бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

1 день бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

1 день бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС