"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ӨҢІРДІҢ ДАМУ ДИНАМИКАСЫ ОҢ БАҒАЛАНДЫ

28.01.2020
7
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен аптада Семей қалалық әкімдігінде қала әкімі Ермак Сәлімовтің қоғамдық кеңес өкілдері алдында есеп беру жиыны болып өтті. Жиынға сонымен қатар қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдар жетекшілері, БАҚ өкілдері де қатысты.

Жиналғандар алдында сөз алған шаһар басшысы әуелгі кезекте өткен 2019 жылы өзіне жүктелген міндеттемелер туралы кең көлемде сөз өрбітті. Сонымен қатар қаламыздың әлеуметтік-экономикалық саласының даму барысына да тоқталып өтті. Бұл ретте өңіріміз бойынша қарқынды даму динамикасы айқын байқалады.

Өткен жылы 209 млрд теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілген, бұл алдыңғы жылдың деңгейінен 24,3 млрд теңгеге артық екен. Облыстық көлемдегі үлесі 9,8 %-ды құрады.

Қаланың өнеркәсіп әлеуетінің жалпы көлемінің зор үлес салмағын өңдеуші өнеркәсіп алып отыр. Өнеркәсіп өндірісінің өсіміне металлургия саласы үлкен үлес қосқан.

Сонымен қатар индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 — 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында да ілкімді жұмыстар нәтижелі жүзеге асырылды. Ал экономикалық саясаттың негізгі басымдықтарының бірі қолайлы инвестициялық климатты қалыптастыру, инвестиция тарту екендігі белгілі. Есепті кезеңде 78,7 млрд теңге инвестиция тартылған, бұл алдыңғы жылдың деңгейінен 12,7 %-ға көп, оның ішінде бюджеттік қаражат 34 млрд теңгені, жеке инвестициялар 44,7 млрд теңгені құрайды.

— Жыл қорытындысы бойынша бюджетке 22,3 млрд теңге меншікті кірістер түсті. Өткен жылға қарағанда өсу қарқыны  116,9% қамтамасыз етілді.  Жоғарыда тұрған бюджеттерден 44,6 млрд теңгеге трансферттер мен қарыздар түсті. Өткен жылы бюджеттің жалпы көлемі 66,4 млрд теңгені құрады, бұл алдыңғы жылға қарағанда 48%-ға артық. Сонымен қатар ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға 34,7 млрд теңге, дамытуға 31,7 млрд теңге бағытталды,- деді өз сөзінде өңірдегі бюджеттің игерілуі бойынша сөз қозғаған қала басшысы.

Сондай-ақ Ермак Бидахметұлы өңіріміз бойынша ауылшаруашылық дақылдарына арналған егістік алқаптарының алаңы да артып отырғанын айтып өтті. Өткен жылы игерілген жер көлемі 1009 гектарға ұлғайыпты.

Есепті кезеңде егістік алқаптары 26,8 га ұлғайтылып, тамшылатып суару әдісін қолдану нәтижесінде картоп пен көкөніс түсімі 8 пайызға артқан. Сонымен қатар астық, күнбағыс,  картоп пен көкөністің де түсімі жоғары. Бұл бағыттағы жұмыстарды биылғы жылы да өз қарқынымен жүргізу көзделіп отыр.

— Біздің өңірімізде көптеген шаруа қожалықтары жоғары нәтиже көрсетті. Мәселен, «Нұр» шаруа қожалығы өткен жылы бордақылау алаңын салды,- деп атап өткен Ермак Бидахметұлы мал шаруашылығының жем-шөп қорын жақсарту мақсатында атқарылып жатқан шаралар қатарына да тоқталып өтті.

Жайылымдықтарды суландыру инфрақұры-лымын құру және мал шаруашылығы қожалықтарын сумен қамтамасыз ету бағдар-ламасы шеңберінде бұрындары қолданыста болған 30 құдық қайтадан қалпына келтірілген.

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары бойынша Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» бағдарламасы үш бағытта іске асырылып жатыр. Бұл ретте қала әкімі өткен жылдың еншісіндегі атқарылған жұмыстар қатарына кеңінен тоқталды. Әсіресе әлеуметтік сала бойынша аз қамтылған отбасылар мен көпбалалы аналар үшін ерекше көңіл бөлінді. Сондай-ақ еңбек нарығындағы ахуал да айтарлықтай жақсарған. Өткен жылдың соңындағы көрсеткіштер бойынша өңіріміздегі жұмыссыздар саны анағұрлым қысқарған.

Қала әкімі сонымен қатар абаттандыру, құрылыс саласы бойынша да кең көлемде мағлұмат берді.

Осыдан кейін қала әкімінің есебіне жиналған қоғамдық кеңес мүшелері қысқы мезгілдегі көшелерді қардан тазалау, тағы басқа бірқатар мәселелер төңірегінде ой өрбітті.

Әлібек КЕМЕЛХАН, «Семей таңы»{jcomments off}

 

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

5 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

6 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

9 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

1 день бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

1 день бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

1 день бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

1 день бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

1 день бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

1 день бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС