"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ИНВЕСТИЦИЯ — ИГІЛІК БАСТАУЫ

28.01.2020
52
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен аптада Бесқарағай ауданында «Besqaraqai Invest — 2020» I инвестиция-лық форумы өтті. Форумды ашқан аудан әкімі Шалқар Байбеков өңірдің бүгінгі тыныс-тіршілігі, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы айта келе бірінші рет өткізіліп отырған осы шараның маңыздылығына тоқталды. Алдағы уақытта да аудан экономикасын дамытуда осындай ауқымды шаралар арқылы инвесторлармен әріптестік қарым-қатынасты нығайту қажеттігін айтты. Бүгінгі жиында ұсынылатын жобалар ауданның дамуына ерекше серпіліс әкеледі деген үмітін жеткізіп, форум жұмысына сәттілік тіледі.

Қаңтардың қарлы бораны ұйытқып соғып тұрған күні ертемен қарағайлы өлкені бетке алып жолға шықтық… Жасыратыны жоқ, көңілде ауа райының қолайсыз жағдайына байланысты бүгінгі іс-шараға алыстан шақырылған қонақтар келе алар ма екен деген күдік те бар. Алайда аудан орталығына жақындай бере алыстан келген қонақтарды күтіп алып тұрған адамдар мен ағылған көліктерді көріп, күдігіміз сейіліп сала берді.

Аудан орталығындағы Бесқарағай колледжінің кіреберісіне қойылған қолөнер көрмесін тамашалай жүріп, осы шараға келген жерлестер бір-бірімен қауышып жатты. Инвестициялық форумға шақырылған 30-дан астам қонақтар — бұл күндері Қазақстанның түкпір-түкпірін мекендеп жатқан Бесқарағай ауданының тумалары болып келетін меценаттар, жеке кәсіпкерлер, қоғам қайраткерлері және туған жерді түлетуге өз үлестерін қосып жүрген азаматтар, шаруа қожалықтарының жетекшілері.

«BESQARAǴAI INVEST — 2020» форумының мақсаты инвестиция тарту арқылы Бесқарағай ауданының экономикалық–әлеуметтік жағдайын жақсарту, іскерлік байланыстың тиімді алаңын қалыптастыру.

Бұл форумда ауданды өркендетуге үлес қосатын 50-ден астам жоба ұсынылды. Негізгі пленарлық отырыста әлеуетті инвесторлармен бірлесіп ауыл шаруашылығы, білім беру, туризм, ауылдарды абаттандыру саласындағы серіктестік мәселелері талқыланды. Бесқарағайда өткен инвестициялық форумның нәтижесінде жаңа өндірістер ашуға негіз болатын бірнеше меморандум мен келісімшартқа қол қойылды.

Аудан тумасы Сайлау Құмарұлы Мұқашев — «Eurasia Agro Holding» ЖШС-нің бас директоры. Сайлау Мұқашев Бесқарағай ауылында 120 орындық балабақша құрылысы бойынша құны 560 млн теңге тұратын меморандумға қол қойды. Бұл балабақша кезекте тұрған 1 жастан 6 жасқа дейінгі бүлдіршіндеріміздің сүйікті мекені болары сөзсіз. Жоба ауданды дамыту бойынша кешенді жоспардың бір бөлігі болып табылады. Құрылыс жобасы жайлылық пен қауіпсіздіктің барлық талаптарына сай болатындай жасалған. Аталған жоба іске асқан жағдайда аудандағы мектепке дейінгі тәрбие жұмысын жандандыруға үлкен үлес қосарына сенім мол.

Астанадан туған жерін сағынып жеткен «Жаннұр-Астана» ЖШС компаниясы тобының президенті Болат Кеңесбекұлы Садық құны 500 млн теңге тұратын «Шошқалы көліндегі демалыс аймағының құрылысы» жобасын алып келіпті. Инвестициялық форум аясында осы жобаны жүзеге асыру мақсатындағы меморандумға қол қойылды. Бұл жоба халықтың демалуына қолайлы жағдай жасай отырып, еліміздегі туризм саласының дамуына серпін беретіні сөзсіз.

Бесқарағайдың Беген ауылының тумасы, «Нұрлы жер» шаруа қожалығының басшысы  Талғат Қалымұлы Уайханов — бұл күндері көрші  Кереку өңіріндегі белгілі кәсіпкерлердің бірі. Талғат Қалымұлы инвестициялық форум аясында Бесқарағай ауданының әкімдігімен 18 млн теңгеге «Етті қайта өңдеу цехын ашу» және 21,7 млн теңгеге «Сүтті қайта өңдеу цехын ашу» атты екі инвестициялық жобасын ұсынды. Бұл жобалар Бесқарағай ауданының тұрғындарына өз шаруашылықтарында өндіретін ет пен сүтті өткізуге және жергілікті өндіріс орнында дайындалған ет, шұжық, сүт өнімдерін тұтынуға мүмкіндік береді.

Форум аясында сондай-ақ Бесқарағай ауданының әкімдігі мен «Исабаев» ЖШС басшысы  Виктор Серікқалиұлы Исабаев он екі пәтерлі үй құрылысының жобасын жүзеге асыру тұрғысындағы меморандумға қол қойды. Бұл жоспар іске асқан жағдайда Бесқарағайдағы  көпбалалы жанұялар мен ауданда үй кезегінде тұрған тұрғындардың баспана мәселесін шешуде көп ілгерілеушілік болады деген үміт бар.

Сондай-ақ  аудан  әкімдігі мен «Семей орманы» МОТР РММ»  мекемесі арасында да өзара ынтымақтастық  меморандумына қол қойылды.   Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты, жеке кәсіпкер Теміржан Ертайұлы Әділевпен Бесқарағай ауылында «Махаббат саябағы» жас жұбайлар паркінің құрылысы бойынша, ал  Итемгеновтер отбасының өкілімен ҰОС-дағы Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған сквер орнату жобаларын жүзеге асыру бойынша ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Бұл жобалар ауыл инфрақұрылымын және сыртқы келбетін жақсартуға мүмкіндік береді.

Сонымен, форум жұмысының қорытындысы бойынша, Бесқарағай ауданының әкімдігі мен инвесторлар арасында жалпы сомасы 1 миллиард теңгеден асатын 9 меморандумға қол қойылды.

Шараны аудан әкімі Шалқар Заманбекұлы Байбеков қорытындылады.

 

 

Инвестициялық форум кезінде алыс-жақыннан жиналған бесқарағайлықтардың туған жерге деген сағынышы сезіліп тұрды. Естеліктер де айтылды.  Жер мен елдің ертеңіне алаңдаушылық та байқалмай қалған жоқ.  Бәрінің де туған жер алдындағы перзенттік парыз атты қасиетті сезімді басшылыққа алып жеткенін байқау қиын емес еді…

Жиын соңында  аудандық мәслихаттың шешімімен   астаналық  Балтабек Наурызбаев пен  семейлік Қайрат Мирашевқа  «Бесқарағай ауданының Құрметті азаматы» төсбелгісі тапсырылды.Сонымен қатар Балтабек Нұрғалиұлы қайырымдылықты, рухани бірлікті, достық пен этносаралық ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының алғыс хатымен де марапатталды.

Осы жерде айта кеткен орынды болар, Балтабек  Наурызбаев  өткен жылы Қарабас ауылындағы  екі көпбалалы отбасыға өзінің жеке қаражатына үй сатып алып берген болатын. Ал Семей қалалық мәслихатының депутаты  Қайрат Қайырғалиұлы Мирашев —  Бесқарағай ауылында баспаналары су астында қалған тұрғындарға  алғашқылардың қатарында көмек қолын созған жерлестерінің бірі. Ендеше, бұл азаматтардың  қандай құрметке де лайық екендігіне ешкім де қарсы уәж айта алмас.

Ұйымдастырылған шараның басты мақсаты бизнесті дамыту, инвесторлар тарту, елде жаңа жұмыс орындарын ашу және халықтың әл-ауқатын жақсарту екені белгілі. Бұл бастамалар өңірде  өмір сүріп жатқан  адамдар үшін жасалып отырғаны белгілі.

Ауданға өткен жылдың соңында тағайындалған әкім Шалқар Заманбекұлының бұл бастамасы өміршең болар деген үміттеміз. Ендеше, инвестициялық форум игілікке бастау болсын деп тілейміз!

Риза АСАНҚЫЗЫ, «Семей таңы»{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

2027 жыл Қазақстанда ауқымды құрылыс жылы болмақ

03.11.2026
2027 жыл Қазақстанда ауқымды құрылыс жылы болмақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған 2026 жылғы Жолдауында елдің инфрақұрылымын жаңғыртуға және халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған ауқымды...

Толығырақ...Details

Табиғатты қорғау – әр азаматтың конституциялық міндеті

03.11.2026

Қоршаған ортаны сақтау – тек мемлекеттік органдардың немесе экологиялық ұйымдардың міндеті емес. Табиғатқа жанашырлықпен қарау, су мен жерді ластамау, табиғи...

Толығырақ...Details

Абай облысында ветеринария саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде

03.11.2026
Абай облысында ветеринария саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде

Абай облысында эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру және ветеринариялық қызмет сапасын арттыру бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Бұл туралы...

Толығырақ...Details

Семей қаласында жыл басынан бері 120-ға жуық спорттық жарыс өткізілді

03.11.2026
Семей қаласында жыл басынан бері 120-ға жуық спорттық жарыс өткізілді

Семей қаласында дене шынықтыру мен спортты дамыту, тұрғындардың спортпен тұрақты айналысуына жағдай жасау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Жыл басынан бері...

Толығырақ...Details

Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

03.11.2026
Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

«iGps Tech» ЖШС ұялы байланыс желісі тартылмаған аймақтарда да жұмыс істейтін спутник арқылы бақылау жүйесін әзірледі. Отандық технология малдың орналасқан...

Толығырақ...Details

Жеке меншік құқығы Конституциямен қорғалады

02.11.2026
Жеке меншік құқығы Конституциямен қорғалады

Қазақстан Республикасының Конституциясында әр азаматтың жеке меншікке ие болу және өз мүлкін заң аясында пайдалану құқығына кепілдік берілген. Бұл норма...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

2027 жыл Қазақстанда ауқымды құрылыс жылы болмақ

21 час бұрын

Табиғатты қорғау – әр азаматтың конституциялық міндеті

23 часа бұрын

Абай облысында ветеринария саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде

23 часа бұрын

Семей қаласында жыл басынан бері 120-ға жуық спорттық жарыс өткізілді

23 часа бұрын

Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

23 часа бұрын

Жеке меншік құқығы Конституциямен қорғалады

2 дня бұрын

Жеке хат-хабар мен телефондағы мәліметтер қорғала ма? Конституцияда азаматтардың қандай құқығы бекітілген?

3 дня бұрын

Семейде Түркістан облысының тартуы – Көрме орталығы салынып жатыр

3 дня бұрын

Семейде келесі көктемде жаңа үстел теннисі орталығы ашылады

3 дня бұрын

Қазақстан ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыруға және технологиялық жаңғыртуға басымдық беріп отыр

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС