"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«БЕС НӘРСЕ…» ҚОЙЫЛЫМЫНЫҢ ПРЕМЬЕРАСЫ ӨТТІ

31.01.2020
11
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Абай атындағы мемлекеттік қазақ музыкалық — драма театры ұжымы жыл сайын түрлі бағыттағы жаңа қойылымдарды сахналап, биік белестерді бағындырып келеді. Биылғы маусымда қаламызда өткен Әмина Өмірзақованың 100 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының XXVII Республикалық фестиваліне «Ахметтің аманаты» (автор — Ә.Ақтай) спектаклін ұсынып, «Тарихи тақырыпты игерудегі ізденістері үшін» номинациясына ие болды, ал Жезқазған қаласында өткен Жанат Хаджиев атындағы халықаралық театрлар фестивалінде «Адасқан бақ құсы» (автор — Иран-Ғайып) спектаклі үшін арнайы дипломмен марапатталды. Ербол Жуасбектің режиссерлігімен сахналанған «Беу, қыздар-ай» атты комедиясы мен «Морфий» (режиссер — А.Салбан) драмасы да көрермен қошеметіне ие болды. Ал осы жылдың 24 қаңтары күні театр ұжымы талғамы жоғары көрермендеріне «Бес нәрсе…» атты поэтикалық қойылымның премьерасын ұсынды.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы аясында біршама іс-шаралар өтетіні туралы айтты. Ұлы ақын, ойшыл, философ, қазақ тарихында үлкен із қалдырған дара тұлға Абай Құнанбайұлының асыл мұрасын насихаттау — үлкен жауапкершілік. Абай шығармаларын оқымаған қазақ жоқ, алайда ой түбіне үңіліп, идеясын ұғынып, зерделейтін адам кемде-кем. Осы орайда ұлы ақынның мерейтойына театр ұжымы да өз үлесін қосуда. Талантты жас режиссер Айдын Салбан Абай өлеңдері желісінде жаңа сахналық қойылымды дүниеге әкелді.

Сахнада түркі елдерінің белгісі және түтін басқан бүгінгі қала көрінісі матада бейнелеген. Суретші Жанна Жүнісова Ұлы Абайдың өз заманында айтып кеткен тағылымын қазіргі заманмен байланыстырған. Актерлердің қоңыр түсті түркі елінің белгісі бар костюмдері және қыздардың бұрымына тағылған шолпысы да кейіпкерлердің бейнесін аша түскен.

Спектакльдің көркем туынды болып шығуы, негізінен, режиссердің шығармашылық мүмкіншілігіне, біліміне, кәсібилігіне тікелей байланысты. А.Салбанның өзіндік қолтаңбасы қойылым барысында бірден байқалады. Сахнада бірінші кезекте көзге түсетін зат — чемодан. Режиссер бұл затты адамның бойындағы ауыр жүк деп қарастырса, бірде сәби, енді бірде кейіпкерлер төсегі, тіпті басшы ретінде де пайдаланады. Бір зат арқылы бірнеше көріністі көрсете білуі ұтымды шыққан. Адам өміріндегі оқиғалар, басынан кешетін түрлі сезімдер — қуаныш, ойын-сауық, қателесу, білім алу, еңбекке араласу – осының барлығы Абай өлеңдері арқылы баяндалады. Айдын Салбан осы тізбекті бір-бірімен байланыстыра отырып, көрерменге негізгі ойды жеткізеді.

Күмбірлеген түрлі аспап үні, қойылымға әр берген жанды дыбыс көрерменді баурап алғаны анық.

Спектакль барысында театр актерлері Серікжан Айтқалиев пен Аслан Секеновтің бірнеше аспапта шебер ойнауы қойылымды тамашалаушыларды тәнті етті. Режиссер үшін ең басты міндет — актерлермен жұмыс істей білу. Әр актердің ерекшелігін, оның шығармашылық мүмкіндігін тану көрегендікті талап етеді. Актерлермен тіл табысып, үйрете жүріп, өзі де олардан үйрене білсе, жұмыс нәтижелі болары анық. Режиссердің мақсатын, ойын актер түсінсе, жанымен сезінсе, нұр үстіне нұр болмақ. А.Салбанның әр актермен жеке жұмыс жасағаны қойылым барысында аңғарылады. Туындыда басты кейіпкердің образы жасалмаған, автор спектакльді актерлік ансамбльмен алып шығады.

Автордың ойын, режиссердің шешімін дұрыс ұштастырып, көрерменге жеткізетін – актер. Бүгінгі көрерменнің талғамы жоғары. Осы орайда негізгі салмақ актерге түсетіні анық. Спектакльде өнер көрсеткен театр труппасының жас өкілдері, талантты сахна шеберлері Думан Бәкімбаев, Ерен Ахметов, Нұржан Хасенов, Олжас Ахметжанов, Асхат Мәукенов, Аслан Заманбеков өз кейіпкерлерін шынайы сомдап шықты. Екі бауырдың өмірге келген сәтінен қартайған шағына дейінгі кезеңді А.Мәукенов пен О.Ахметжанов нанымды бейнеледі. Негізгі идеяны сатылап көрсету процесін психологиялық дәлдікпен ашып көрсетті. Жас актриса А.Айтжанованың жасаған бейнелері бір-біріне ұқсамайтын дара образдар болса, театр өнеріне енді ғана аяқ басқан С.Оралхан да әріптестерінен қалмады. Семей жұртшылығына кеңінен танымал Сұлушаш Төлекова мен Сәндібала Бекбаева бұл жолы да көрерменнің қошеметіне бөленді. ҚР мәдениет қайраткері Рыстығайша Иманбекова режиссер ойын негізге ала отырып, туындының идеясын бимен бейнеледі.

Спектакльді тамашалаған Семей қаласының әкімі Ермак Бидахметұлы: «Бұл қойылым менің көңілімнен шықты. Актерлер Абай өлеңдерінің идеясын, айтар ойын көрерменге жеткізе білді. Бұл ұлы ақынның шығармашылығын насихаттау жолындағы игі іс-шара деп білемін. Актерлерге алғыс білдіремін», — деп спектакльді жоғары бағалады.

Е.САМАТОВА, Абай атындағы театрдың әдебиет бөлімінің меңгерушісі{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

7 часов бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

5 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

5 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

5 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

5 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

6 дней бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

6 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС