"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АБАЙ ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ ЖАСАЙДЫ

11.02.2020
16
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Ақынның 175 жылдық мерейтойы аясында қаладағы 56 мектептің оқушыларына ойшыл, хакім Абайдың шығармаларын оқып, терең түсінулеріне үлкен мүмкіндік беретін «Абай әлеміне саяхат» клубтары ашылды.

Клуб жетекшілерінің мақсаты – Абай шығармалары арқылы жас ұрпақтың бойында еліне, жеріне деген сүйіспеншілік сезімдерін дамыту. «Абай әлеміне саяхат» жастардың бойына ұлттық бірегейлікті саналы түрде сіңіруге ықпал етеді, яғни, ең алдымен, халқын сүюге, ана тілін білуге, ұлттық дәстүрлерді бар сана-сезімімен қабылдауға, құрметтеуге тәрбиелеу, ұлттық сана жайлы түсінік қалыптастыру.

Абай Құнанбайұлының шығарма-шылық мұрасы — Ұлы даланың құпиясын қойнына басқан баға жетпес қазынамыз. Клуб мүшелері Абай өлеңдерінен 70 сөз, қара сөздерінен 45 ой-тұжырымды жатқа білулері тиіс.

«Абай әлеміне саяхат» клубы өткен жылдың 20 қарашасы күні Т.Аманов атындағы орта мектепте ашылғанын айта кету керек. Аталған мектепте «Абай деп соққан жүректер» деген атпен қалалық семинар өткен еді. Семинарға қала мектептерінің мұғалімдері, ата-аналар, барлық оқу ордалары директорларының орынбасарлары қатысты. Кездесуде «Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла» тақырыбымен шеберлік сағаты, «Ақынның қара сөзі — жеке тұлғаның қалыптасуындағы жолбасшы» атты Абай әлеміне терең бойлауға бағытталған жобалық оқу өткен. Сол басқосуда Абайдың әдеби-мемориалдық музейі және Абай атындағы кітапхана «Абай — дана, дара тұлға» атты экспозиция ұсынды.

Бүгінде «Абай әлеміне саяхат» клубы мүшелерінің саны күн сайын артып келеді. Абай еңбектеріне деген қызығушылық тек мұнымен ғана шектеліп қалмақ емес. Шығыс Қазақстан облысы оқу орындарында «Абайтану» курстары енгізілді. Ақынның туғанына 175 жыл толу мерейтойын өткізу жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысында 10 қаңтардан бастап облыс мектептерінің 5-8 сыныптары, колледждердің «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандығы бойынша оқып жатқан бірінші курс студенттері үшін «Абайтану» элективті курстары енгізілген. Облыстың 277 мектебі мен екі педагогикалық колледжінде «Абайтану» кабинеттері ашылды.

Айта кетсек, «Абай әлемі» әдеби жобасын іске асыру жалғасуда, қазақ жазушыларының шығармалары енген қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде шығатын жиыны 21 мың данамен тарайтын  20 кітаптың тізімі бекітілді. Облысымызда өткізілетін 500-ге жуық, шетелдерде — Ұлыбританияда, Ресейде, Түркияда, Польшада, Қытайда өткізілетін жиырмаға жуық халықаралық шараларды ұйымдастыруға өңірдегі ЖОО, ғылыми және мәдени ұйымдар, ҚР Жазушылар мен Суретшілер одағы, ҮЕҰ, жастар тартылады.

Жалпы, жас ұрпақты рухани-адам-гершілікке тәрбиелеуге бағытталған ұлы ақынның 175 жылдығы аясындағы шаралардың барлығы да, бір ғасыр өтсе де, Абай Құнанбаевтың еңбектері өз құндылығы мен өзектілігін жоғалтпағанын, адамзат өркениетінің шамшырағы болып жасай беретін аса құнды мәдени мұра екенін айқындай түспек.

Семей қаласының ақпараттық орталығы{jcomments off}

 

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтағы үш нысанның құрылысы басталды

24.06.2026
Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтағы үш нысанның құрылысы басталды

Semeitany.kz – Семей қаласында салынып жатқан жаңа әкімшілік-іскерлік орталық аумағында бірден үш маңызды нысанның құрылысы басталды. Құрылыс алаңдарын аралаған Абай...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілер мерекесіне орай үздіктер марапатталды

24.06.2026
Мемлекеттік қызметшілер мерекесіне орай үздіктер марапатталды

Semeitany.kz – Семей қаласындағы Абай атындағы театрда Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты шара өтті. Жиынға Абай облысының әкімі Берік Уәли...

Толығырақ...Details

Абай облысында биыл 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

24.06.2026
Абай облысында биыл 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

Semeitany.kz - Абай облыстық мәслихатының кезекті XXXVII сессиясында өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды. Жиында облыс әкімі Берік Уәли атқарылған жұмыстар...

Толығырақ...Details

Абай облысында полиция қызметкерлері марапатталды

24.06.2026
Абай облысында полиция қызметкерлері марапатталды

Semeitany.kz – Абай облысында Қазақстан полициясы күніне арналған салтанатты шара өтіп, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен ардагерлеріне құрмет көрсетілді. Семей...

Толығырақ...Details

Қазытай Нарысов Семейдің сәулеттік келбетін жақсартуға қатысты ұсыныстарын айтты

24.06.2026
Қазытай Нарысов Семейдің сәулеттік келбетін жақсартуға қатысты ұсыныстарын айтты

Semeitany.kz — Абай облысының әкімі Берік Уәли белгілі мүсінші, сәулетші, монументалды өнер саласының көрнекті өкілі Қазытай Нарысовпен кездесті. Қазытай Сыздықұлы...

Толығырақ...Details

Абай облысында өнімдерді таңбалау талаптары түсіндірілді

24.06.2026
Абай облысында өнімдерді таңбалау талаптары түсіндірілді

Тамақ өнімдері мен халық тұтынатын тауарларды таңбалау, сертификаттау және декларациялау талаптарының сақталуы туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Семей қалалық...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтағы үш нысанның құрылысы басталды

12 часов бұрын

Мемлекеттік қызметшілер мерекесіне орай үздіктер марапатталды

13 часов бұрын

Абай облысында биыл 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

13 часов бұрын

Абай облысында полиция қызметкерлері марапатталды

13 часов бұрын

Қазытай Нарысов Семейдің сәулеттік келбетін жақсартуға қатысты ұсыныстарын айтты

13 часов бұрын

Абай облысында өнімдерді таңбалау талаптары түсіндірілді

13 часов бұрын

Жастардың рухани дамуы мен ақпараттық сауаттылығы назарда

13 часов бұрын

«Әке өнегесі – өмірлік сабақ»: Абай облысында жас ұрпақ тәрбиесіндегі әкенің рөлі талқыланды

5 дней бұрын

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

5 дней бұрын

Дәрігерді қорғау Заң мен тәртіп қағидатына толық сай келеді – Президент

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС