"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

САХНА САҢЛАҚТАРЫНА АРНАЛДЫ

11.02.2020
25
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен апта соңында Семей қаласындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінде Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай және мемлекеттік «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Өнер саңлақтары» атты танымдық-тағылымдық кеш ұйымдасты-рылып, көрме  ашылды.

Аталмыш шара өскелең ұрпаққа жерлес өнерпаздар, елімізге танымал сахна саңлақтары, театр әлемінің тарландары Күләш Сәкиева, Нүриден Атаханов, Халекет Ешмұратовтардың шығармашылығы мен өнегелі істерін насихаттау, олардың артына қалдырған рухани дүниелері арқылы оқушы жастарға тәлім-тәрбие беру мақсатында ұйымдастырылды. Сонымен қатар студенттер қауымын бүкіл қазақ театры өнерінің қара шаңырағы саналатын Семейдегі Абай атындағы қазақ музыкалық-драма театрында еңбек еткен артистердің өмір жолымен таныстыруды да көздеген еді ұйымдастырушылар.

Мәдени шараға театр тарлан-дарының әріптестері мен ізбасарлары, замандастары, қаланың зиялы қауым өкілдері, студент жастар мен жергілікті БАҚ өкілдері шақырылды.

Жиынның кіріспесін алғы сөзбен ашқан мұражай басшысы Қайрат Сабырбай осынау басқосудың маңыз-дылығына тоқталып өтіп, сөз кезегін кеш қонақтарына берді.

Жиын барысында халық әртісі, Семей қаласының Құрметті азаматы Бекен Имаханов сахна тарландары жайында сөз өрбітіп, олардың театр әлеміндегі алар орны жайында кеңінен айтып өтті.

Қазақстанның мәдениет қайраткері, халықаралық «Абай» қорының президенті Отантай Кәрібжанов та студенттер алдында өнер саңлақтары туралы естеліктер айтты. Абай театрын 20 жыл басқарған О.Кәрібжанов театр әлемінің бірегей тұлғаларының көп жақсылықтарын да көрген екен.

Кеш барысында Күләш Сәкиева, Нүриден Атаханов, Қалекет Ешмұ-ратовтардың көзін көрген өзге де аға буын өкілдері естеліктерімен бөлісті.

Шара аясында театр тарлан-дарының болашақ ізбасарлары – Мұқан Төлебаев атындағы музыкалық колледжде актер мамандығы бойынша білім алып жатқан жас өнерпаздардың әдеби композициясы ұсынылып, әр жылдардан сыр шертетін фотосуреттерден әзірленген көрме ұйымдастырылды.

Абай театрының артистері оркестрдің сүйемелдеуімен «Есіңде бар ма жас күнің?, «Таң самалым» әндерін орындады.

Мәдени шара «Өнер саңлақ-тары» көрмесіне ұласып, театр тарландарының фотосуреттері, сах-налық киімдері мен жеке заттары көрсетілді. Музей қызметкерлері шараға қатысушыларды жерлестерінің өнерге келу тарихымен, шығармашылық жолдарымен таныстырды.

Аталған көрмеге музей қорынан жалпы саны 107 жәдігер қойылды.

Әлібек КЕМЕЛХАН, «Семей таңы»

{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

2027 жыл Қазақстанда ауқымды құрылыс жылы болмақ

03.11.2026
2027 жыл Қазақстанда ауқымды құрылыс жылы болмақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған 2026 жылғы Жолдауында елдің инфрақұрылымын жаңғыртуға және халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған ауқымды...

Толығырақ...Details

Табиғатты қорғау – әр азаматтың конституциялық міндеті

03.11.2026

Қоршаған ортаны сақтау – тек мемлекеттік органдардың немесе экологиялық ұйымдардың міндеті емес. Табиғатқа жанашырлықпен қарау, су мен жерді ластамау, табиғи...

Толығырақ...Details

Абай облысында ветеринария саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде

03.11.2026
Абай облысында ветеринария саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде

Абай облысында эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру және ветеринариялық қызмет сапасын арттыру бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Бұл туралы...

Толығырақ...Details

Семей қаласында жыл басынан бері 120-ға жуық спорттық жарыс өткізілді

03.11.2026
Семей қаласында жыл басынан бері 120-ға жуық спорттық жарыс өткізілді

Семей қаласында дене шынықтыру мен спортты дамыту, тұрғындардың спортпен тұрақты айналысуына жағдай жасау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Жыл басынан бері...

Толығырақ...Details

Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

03.11.2026
Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

«iGps Tech» ЖШС ұялы байланыс желісі тартылмаған аймақтарда да жұмыс істейтін спутник арқылы бақылау жүйесін әзірледі. Отандық технология малдың орналасқан...

Толығырақ...Details

Жеке меншік құқығы Конституциямен қорғалады

02.11.2026
Жеке меншік құқығы Конституциямен қорғалады

Қазақстан Республикасының Конституциясында әр азаматтың жеке меншікке ие болу және өз мүлкін заң аясында пайдалану құқығына кепілдік берілген. Бұл норма...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

2027 жыл Қазақстанда ауқымды құрылыс жылы болмақ

14 часов бұрын

Табиғатты қорғау – әр азаматтың конституциялық міндеті

16 часов бұрын

Абай облысында ветеринария саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде

16 часов бұрын

Семей қаласында жыл басынан бері 120-ға жуық спорттық жарыс өткізілді

16 часов бұрын

Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

16 часов бұрын

Жеке меншік құқығы Конституциямен қорғалады

2 дня бұрын

Жеке хат-хабар мен телефондағы мәліметтер қорғала ма? Конституцияда азаматтардың қандай құқығы бекітілген?

2 дня бұрын

Семейде Түркістан облысының тартуы – Көрме орталығы салынып жатыр

3 дня бұрын

Семейде келесі көктемде жаңа үстел теннисі орталығы ашылады

3 дня бұрын

Қазақстан ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыруға және технологиялық жаңғыртуға басымдық беріп отыр

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС