"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЕРЛІК БІЛЕКТЕ ЕМЕС, ЖҮРЕКТЕ

18.02.2020
28
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

13 ақпан күні қалалық орталық кітапханада «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы, жерлесіміз, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшісі Қуандық Қанатовпен кездесу кеші өтті. «Ердің ерлігі» атты кездесу кешіне отставкадағы полковник, бірнеше кітаптың авторы Шаймардан Қалиақпаров, Семей өңірі гарнизоны әскери полиция жасағының қызметкерлер құрамы, №36803 әскери бөлім сарбаздары, Орталық саябақтың қызметкерлері, Радиотехника және байланыс колледжі мен М.Төлебаев атындағы музыкалық колледждің студенттері  қатысты.

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағ-дарламалық мақаласынан туындаған «Қазақстанның жаңа есімдері» жобасы білім-ғылымы толысқан, үздік маманды, нағыз үлгі боларлық жастарды көпшілікке насихаттайтын айтулы жобалардың біріне айналды. Жуырда жобаның үшінші кезеңі аяқталып, халықтың дауыс беруімен Шығыс Қазақстан облысы атынан қатысқан үш жеңімпаз анықталды. Олар: Семей қаласындағы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшісі Қуандық Қанатов, Семей қаласының тумасы Ержан Омарханов және Өскемен қаласындағы «Perfomance» арт-студиясының жетекшісі Ольга Чавкина.

— Қазақстанның әрбір жетістігінің тарихы, әрбір жеке адамның жетістігімен байланысты. Тарихты адамдар жасайды. «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы ең алдымен жастарға арналған. Бұл жоба аясында біз ерекше талантты, табысты жастарды анықтай аламыз, -деді Шаймардан Қалиақпаров. — «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының Семей қаласындағы Батыс әскери қалашығының 35411 әскери бөлімінің қызметшісі — ефрейтор Қуандық Қанатов 2019 жылдың ақпан айында отқа оранған жатақхананың тұрғындарын эвакуациялауға қатысты. Ол өрт қауіпсіздігі бойынша алған біліктілігінің арқасында  құтқарушылар келгенше 15 адамның өмірін сақтап қалды. Осы батырлығы үшін «Ерлігі үшін» медалімен,  Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің алғыс хатымен  марапатталды. Қуандықтың ерлігі — жастарға үлгі.

— Мен Қуандық ағамыздың ерлігіне тәнті болдым. Ағамыз осы ісімен бізге үлгі көрсетіп отыр. Кештен жақсы әсер алдық. Ержүрек болу, елін қорғау – әрбір ер-азаматтың парызы, — дейді студент Әлібек Әбдірахимов.

Кездесу барысында Қуандық Қанатов өз қызметі және болашаққа құрған жоспарлары жайлы әңгімеледі, сондай-ақ жастарды белсенді өмір сүруге, адамдарға қамқор болып, жақсылық жасауға шақырып, мақсаттарына жетуге ынталандырды. Кездесуге қатысқан жастар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.

«100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы, Семей қаласының тумасы Ержан Омарханов та автобуста орын алған өрт оқиғасы кезінде 48 адамның өмірін сақтап қалған болатын.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

1 день бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

1 день бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

1 день бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС