"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР ҚЫЗМЕТІ САРАПТАЛУДА

18.02.2020

Дүйсенбі, 17 ақпан күні қалалық әкімдік қызметкерлері жергілікті БАҚ өкілдерімен бірлесе №35 бағыттағы автобустағы жолаушылар ағынын тексеру мақса-тында рейд ұйымдастырды.

Семей қаласындағы қоғамдық көліктерге дифференциалды тарифтің енгізілгеніне 20 ақпан күні бір ай болады. Осыған орай қалалық әкімдік бір айдың қорытындысын шығармақ. Яғни қоғамдық көліктердегі белгілі бір уақыт аралығындағы жолаушылар саны анықталмақ.

— Семей қаласындағы қоғамдық көліктерге дифференциалды тарифтің енгізілгеніне 20 ақпан күні бір ай толады. Біз электронды билет жүйесі арқылы қоғамдық көліктердегі бір күндік жолаушылар санын анықтай аламыз. Бірақ жолаушылар санын уақыт бойынша біле алмаймыз. Себебі электронды картадағы ақша бір-екі сағаттан соң алынуы мүмкін. Таңғы және кешкі уақытта жолаушылар саны өте көп болғанымен, сағат 10.00-16.00 аралығында жолаушылар ағыны біршама азаяды. Бүгінгі рейдіміздің мақсаты – күндізгі уақыттағы жолаушылар санын анықтап, автобустардың тиімділігін арттыру, — дейді қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұржан Есенжолов.

Нұржан Ерғалиұлының сөзінше, тасымалдаушылардан, дәлірек айтқанда №35 бағыттағы автобус иелерінен күндізгі уақыттағы жолаушылар санының аздығына байланысты шағым түскен.  Таймас және туберкулез диспансері аралығын байланыстыратын  №35 бағыттағы қоғамдық көлік қаладағы үлкен класты автобустардың бірі саналады. Себебі жолаушылар санының көптігіне байланысты көлік көлемі ұлғайтылған болатын. Қазір бұл автобустарда жолаушылар санын жазып отыратын арнайы адамдар жұмыс істеуде. Бірақ, рейд барысында анықталғандай, сағат 11.00-де «Жастар сарайы» аялдамасына тоқтаған №35 автобус жолаушыларға лық толы болды.

— Тасымалдаушылар шеткері аудандардағы аялдамаларда жолаушылардың аздығын айтып, автобус қозғалысының тиімділігін арттыруды сұрауда. Осыған орай №35 бағыттағы үлкен класты автобусты таңғы және кешкі уақыттарда ғана шығарып, өзге аралықта орта кластағы автобустарды шығаруды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар қазір қала әкімі Ермак Сәлімовтің тапсырмасымен, қалалық әкімдік қызметкерлері, бөлім басшылары жұмысқа қоғамдық көлікпен келуде. Бөлім басшылары автобустарда туындаған қиындықтар туралы әкімге баяндап, ұсыныстарын жеткізуде,- дейді Н.Есенжолов.

Түскі уақыттағы қоғамдық көлік қозғалысы да реттелуде.

— ҚР Еңбек кодексіне сәйкес, автобус жүргізушілері мен кондукторлар түскі үзілісте 40-45 минут демалуға құқылы. Қазір 12.00-14.00 аралығында қаладағы қоғамдық көліктер 50/50 қағидатымен жұмыс істеуде. Бірақ бұл халыққа тиімсіз. Сондықтан түскі үзілісті әдеттегіден ерте бастауды ұйымдастырып жатырмыз. Түскі ас үшін бір-екі автобус қана желіден шығып отыратын болады. Барлық мәселелер біртіндеп шешіледі,- деді Н.Есенжолов.

Айтолқын САМАТОВА, «Семей таңы»{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

«АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысында Мемлекет басшысының «Халықтық құрылыс» бастамасы және оны өңірде жүзеге асыру жолдары талқыланды. Отырыста Абай облысы...

Толығырақ...Details

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында инклюзивті білім беру мәселесіне назар аударылды. Бұл мәселе Абай облыстық «АйтClub» интеллектуалды клубының...

Толығырақ...Details

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

20.11.2026
Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

Абай облысында қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және өңірлік даму мәселелерін сарапшылармен бірге талқылауға арналған «АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысы өтті. Жаңа пікірталас...

Толығырақ...Details

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

19.11.2026
66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны 66-күнге жетті. Осы уақыт ішінде қатысушылар 1,5 миллионнан астам кітап оқыды. Қазір қатысушылар марафонның бесінші...

Толығырақ...Details

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

19.11.2026
Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген «Халықтық құрылыс» бастамасы, экономиканы әртараптандыру, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту және еңбек адамдарының әл-ауқатын арттыру мәселелері...

Толығырақ...Details

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

19.11.2026
«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

Қазақстанның ауқымды «Халықтық құрылыс» бағдарламасы шетелдік EU Reporter басылымындағы мақалаға арқау болды. «Құрылыс және тағы да құрылыс! Қазақстан инфрақұрылымды дамыту...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

5 часов бұрын

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

5 часов бұрын

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

5 часов бұрын

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

22 часа бұрын

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

22 часа бұрын

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

1 день бұрын

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

1 день бұрын

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

1 день бұрын

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

2 дня бұрын

Камералдық бақылау нәтижесі бойынша жолданған хабарламаларды орындау тәртібі. Салық төлеушілер нені білуі қажет?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС