"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫН БАСҚАРУДЫҢ ЖАҢА ҚҰРЫЛЫМЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

18.02.2020
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қаламызда тұрғын үй қорын басқарудың жаңа құрылымы енгізілмек. Ол меншік иелерінің қауымдастығы деп аталады. Жаңа құрылым жайлы қала әкімінің міндетін уақытша атқарушы Николай Ушаков ПИК төрағаларымен болған кездесуде айтты. Жиынға тұрғын үй — коммуналдық шаруашылық бөлімінің өкілдері де қатысты.

Қауымдастық бір көп қабатты тұрғын үй пәтерлерінің және адам тұрмайтын үй-жайлар иелерінің ұйымдасуымен құрылған коммерциялық емес заңды тұлға болып табылады.

Меншік иелерінің қауымдастығы кондоминиум нысандарын ортақ басқаруға, оларды күтіп ұстауға, қаржыландыруға және сақталуына жауапты болады.

Кездесуде жаңа құрылым мен ПИК арасындағы айырмашылық ақша қаражатын бөлу жүйесінде екендігі атап көрсетілді. Егер ПИК-те бір ғана есепшот және басқаруында бірнеше үйлер болса, меншік иелері қауымдастығында бір үй, бір есепшот қана болады. Сонымен бірге тұрғындар тарапынан ай сайын эксплуатациялық шығындарға төленетін ақы тұрғын үй мұқтажына ғана жұмсалады. Компания басқарушысының жұмысын  әкімдіктің тұрғын үй инспекциясы және меншік иелері бақылайтын болады.  Сондай-ақ олар газбен қамту және лифт пайдалануды бақылауды күшейтуге де құзырлы болмақ.

— Енді лифт шаруашылығы мәселесі түсінікті болды. Тұрғын үй инспекциясы бөлімі тексеру- бақылау органы болғандықтан, олардың жұмысын тексеріп отырады. Бұрын тұрғын үй қорын басқарудың бес  түрі болса, енді тек екі түрі ғана болады. Бұл жұмыстарды үстіміздегі жылы бір жүйеге  келтіруді жоспарлап отырмыз. Бұл жаңашылдық қосымша қаражатты талап ететіндіктен, тұрғындар арасынан қолдайтындар да,  наразылық білдірушілер де табылуы мүмкін.  Сақтандыру шоты, күрделі жөндеудің ағымдағы шоты үшін төлем төлеуге тура келеді. Бұл  шоттарды  сіз бен біз, яғни тұрғындар төлейтін боламыз,- деді Николай Ушаков.

— «Бір үй- бір МИҚ- бір есепшот» принципі тұрғындардан күрделі жөндеуге жиналатын қаржының түсуін және мақсатты жұмсалуын  бақылап отыруға мүмкіндік береді. Және тұрғын үйге қандай жөндеу жұмысын  жүргізу керектігін тұрғындар санатынан құрылған кондоминиум  кеңес мүшелері  анықтайды.

Жиында Николай Ушаков газ бөлу құрылғыларын пайдалану жайлы да сөз етті.

— Бүгінгі күні  қалада 88 газ бөлу құрылғысы жұмыс істеп тұр. Біз компаниялармен сөйлесіп, құжаттарын дайындаған соң оларды сенімді басқаруға береміз. Бұрындары көп қабатты үйлерде газ баллонын пайдалану жайлы көптеген даулар болған.  Қазір тек бес қабатты үйлерде ғана қақпақты  газ баллонын пайдалануға рұқсат етіледі.  Бес қабаттан жоғары үйлерде газ баллонын пайдалануға тыйым салынған.

Алдағы уақытта жарамсыз газ бөлу құрылғыларына техникалық тексеру жүргізіп, тұрғындармен ақылдасып, бұл мәселені шешуді ойластыратын боламыз.  Тұрғындар пікірін білмей тұрып, ол құрылғыларға миллиондарды  текке жұмсай алмаймыз ғой. Газ бөлу құрылғысы тұрғындарға керек пе, керек емес пе, соны айқындау қажет.  Үй ішіндегі газ жүйесін  қалыпқа келтіреміз десе, біз құрылғыны реттейміз, қажет емес десе, құрылғыны бұзып, босаған алаңды тұрғындар қажетіне жаратамыз. Мысалы, ол жерге балалар алаңын немесе тұрмыстық қалдықтар үшін алаң жасаймыз,- дейді Николай Ушаков.

Кездесу соңында ТКШ мамандары тұрғын үйді басқарудың  жаңа құрылымы жайлы мағлұмат беріп, сұрақтарға жауаптар қайтарды.

Семей қаласының ақпараттық орталығы{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Тоқаев Қазақстанның транзиттік әлеуетін сынға алды

28.10.2026
Тоқаев Қазақстанның транзиттік әлеуетін сынға алды

Заманауи жолдар мен жол бойындағы сапалы қызмет көрсету инфрақұрылымы болмаса, Қазақстан халықаралық транзит дәлізі немесе Еуразиядағы көлік-логистика орталығы бола алмайды....

Толығырақ...Details

Тоқаев: қате шешімдердің салдары қандай теріс нәтижелерге әкеп соқтырғанын көріп отырмыз

28.10.2026
Тоқаев: қате шешімдердің салдары қандай теріс нәтижелерге әкеп соқтырғанын көріп отырмыз

Үкімет бұл саладағы дамыған елдермен стратегиялық серіктестік орнатуға тиіс. Бұл туралы Қазақстан халқына Жолдауын жариялау кезінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім...

Толығырақ...Details

Отандық тракторлар мен комбайндардың санын көбейту қажет – Президент

28.10.2026
Отандық тракторлар мен комбайндардың санын көбейту қажет – Президент

Қазақстан халқына Жолдауын жариялау кезінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тағам өнеркәсібіндегі жобаларды жүзеге асыру және ауыл шаруашылығы саласын технологиялық тұрғыдан жаңғырту...

Толығырақ...Details

Ауызсуды автокөлік жуу орындарында жұмсауға жол бермеуге керек — Президент

28.10.2026
Ауызсуды автокөлік жуу орындарында жұмсауға жол бермеуге керек — Президент

Үкімет Ұлттық су ресурстарының ақпараттық жүйесін құру жұмысын қысқа мерзімде аяқтауы керек. Бұл туралы Құрылтай отырысында «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті...

Толығырақ...Details

Тоқаев Балқаш АЭС құрылысын келер жылы бастауды ұсынды

28.10.2026
Тоқаев Балқаш АЭС құрылысын келер жылы бастауды ұсынды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев келер жылы «Балқаш» атом электр станциясының құрылысын бастауды, сондай-ақ «Мойынқұм» АЭС-інің құрылысын жеделдету үшін кешенді ынтымақтастық...

Толығырақ...Details

Ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуге баса мән берген жөн – Президент

28.10.2026
Ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуге баса мән берген жөн – Президент

Заманауи тәсілдерді мал шаруашылығында жан-жақты пайдалану керек. Бұл туралы Қазақстан халқына Жолдауын жариялау кезінде Президент Қасым-Жомарт мәлім етті. - Бұдан...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Тоқаев Қазақстанның транзиттік әлеуетін сынға алды

2 минуты бұрын

Тоқаев: қате шешімдердің салдары қандай теріс нәтижелерге әкеп соқтырғанын көріп отырмыз

4 минуты бұрын

Отандық тракторлар мен комбайндардың санын көбейту қажет – Президент

6 минут бұрын

Ауызсуды автокөлік жуу орындарында жұмсауға жол бермеуге керек — Президент

8 минут бұрын

Тоқаев Балқаш АЭС құрылысын келер жылы бастауды ұсынды

9 минут бұрын

Ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуге баса мән берген жөн – Президент

14 минут бұрын

Ел өміріндегі тарихи өзгерістердің барлығы халықтың көз алдында болып жатыр — Мемлекет басшысы

21 минута бұрын

Бүгінде егемендігімізді қорғауға қатысты барлық мәселе әлі толықтай шешімін тапқан жоқ — Президент

23 минуты бұрын

Біріккен Ұлттар Ұйымының абырой-беделі үлкен тоқырауға ұшырады — Тоқаев

25 минут бұрын

Жас ұрпаққа озық әрі мықты Қазақстанды қалдыру – Президент ұлт алдында тұрған стратегиялық міндетті атады

26 минут бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС